QR кодталған кітаптар: көрменің тұсаукесері
19 мамыр күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Көңіл-күйді көтер! Жүктеп ал да, оқы» тақырыбында QR кодталған кітаптар көрмесінің тұсаукесері өткізілді.
Көрменің мақсаты: кітапхана пайдаланушыларына QR кодталған кітаптарды смартфондарына жылдам, әрі тез жүктеп алуды үйрету; Электрондық QR кодталған кітап көрмесінде 90-нан астам әлем және орыс классиктерінің әдебиетттері, Қазақстанның танымал және қазіргі заман жазушыларының қаламынан туған шығармалары оқырмандар назарына ұсынылды. Атап айтқанда: М.Әуезовтың «Абай жолы», Қ.Жұмаділовтың «Дарабоз», «Тағдыр», Ә. Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар», Ф. Достоевскийдің «Идиот», «Село Степанчиково и его обитатели», Н. Гогольдің «Вечера на хуторе близ Диканьки», Б. Васильевтің «В списках не значился», А. Белякиннің «Человек-легенда», М. Мақатаевтың, Ф. Оңғарсынованың кітаптары және Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» т.б. шығармалар. Бүгінгі күні бұл QR кодталған кітаптар пайдаланушылар арасында жоғары сұранысқа ие болып отыр. Көрменің ашылу салтанатына Семей көпсалалық және «Авиценна» колледжінің студенттері қатысып, өздеріне керекті мәліметтер мен ақпараттарды жүктеп алды.