Рамазан – рухани кемелдену айы: танымдық сағат
27 маусым күні Абай атындағы кітапханада «Рамазан – рухани кемелдену айы» тақырыбында танымдық сағат өткізілді.
Жеткіншектердің бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялатып, мейірбандық, шыншылдық, қайырымдылық, кешірімділік, парасаттылық сияқты адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету мақсатында ұйымдастырылған шарада Рамазан айындағы оразаның қадір-қасиетіні, мұсылмандардың бес парызының бірі – оразаның пайдасы мен сауабы туралы мәлметтер берілді. Қатысушылар қасиетті ай туралы өз ой-пікірлерін ортаға сала отырып, оразаның адам ағзасына қаншалықты пайдалы екендігіне, оразаның сабырлыққа, төзімділікке үйрететініне, адамның нәпсісін тәрбиелеуде үлкен роль атқаратынына көз жеткізді. Қатысушылар арасындағы ораза ұстаған жеткіншектер ораза ішіп-жеуден тиылу ғана емес, Аллаһтан кешірім тілеу, жан дүниені иман шуағымен нұрландыру, ардан аттамау, адамға қиянат жасамау, алдамау, ата-ананы құрметтеу, жалпы рухани тазару екендігін айтты.