Ел жүрегі – Астана: көрме-сұхбат
1 шілдеде Абай атындағы кітапхана Астана күні мерекесі қарсаңында «Ел жүрегі – Астана» тақырыбында көрме-сұхбат ұйымдастырылды. Мереке Қазақстан халқы үшін тарихи-мәдени мағынаға ие болды.
Бүгінде Астана – тәуелсіз әрі егемен мемлекеттің бүгінгі және болашақтағы саяси, экономикалық һәм мәдени орталығы ретінде қанат жайып келеді. Көрмеге «Астана, XXI ғасыр. Astana. The 21 st century» сериясымен жарық көрген көркем безендірілген ашық хаттар – Астана көшелеріне саяхат жасап, қаланың көрікті жерлерімен таныстыруға көмектеседі.
Солардың бірі – «Нұр-Астана» мешіті, «Астана-Бәйтерек» монументі, «Президенттік Мәдениет орталығы», «Достық» монументі», «Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би» әділ сот монументі, «Өмір өзегі» су бұрқағы. Шараның мақсаты: пайдаланушыларға Астана туралы мағлұмат беру, елордамыз Астананың көрікті жерлерімен таныстыру, жастарды отансүйгіштікке, патриотизмге, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу.