Астана-Тәуелсіз Қазақстан үшін жарқын келешектің нысаны: жылжымалы кітап көрмесі
6 шілде күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Астана күніне орай қалалық Достық үйінде «Астана-Тәуелсіз Қазақстан үшін жарқын келешектің нысаны» тақырыбында жылжымалы кітап көрмесін жасақтады.
Қала тұрғындары мен қонақтарына халық шығармашылық ұжымдар мен балалар музыкалық топтары мерекелік концерт ұйымдастырды. Шараға қала әкімі Е.Б.Сәлімов қатысып, Семейліктерді Астана күнімен құттықтады. Мереке қонақтары және шығармашылық ұжымдар кітапханашылар ұсынған материалдар: Астананың тарихы, көрнекті орындары, сондай-ақ Астананың құрылысы туралы қызықты фактілерден тұратын ақпараттармен танысты. Көрмегекітапхана қорынан Астанаға байланысты кітаптар, мерзімді басылым беттерінен мақалалар және ғаламтордан алынған мәлметтер қойылды.