Даланың дара ұстазы: әдеби сағат
1 қараша күні Абай атындағы кітапханада №37 мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушылары мен ұстаздарының қатысуымен қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф Ы. Алтынсариннің туғанына – 175 жыл толуына орай «Даланың дара ұстазы» атты әдеби сағат ұйымдастырылды.
Шара барысында Ы.Алтынсарин шығармашылығы өмірдегі сарқылмайтын мол байлық – білім екендігін айтыла келіп, білімге адамның қолы жету үшін ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керектігі түсіндіріліп, ағартушының өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарттар берілді. Жас оқырмандар Нұрай Маратова Ы.Алтынсарин шығармаларынан үзінді оқып, Шыңғысхан Алихан викториналық сұрақтарға белсене жауап беріп, сыйлықтарға ие болды.
Іс-шара соңында ағартушы еңбектеріне арналған «Ұлы ағартушы, ұстаз – Ыбырай Алтынсарин» тақырыбындағы кітап көрмесіне шолу жасалып, «Кел, балалар, оқылық» және «Сиқырлы кітаптар» атты мультипликациялық фильм көрсетілді. Міне, осындай тәрбиелік мәні бар шара арқылы оқушыларды әр істі ойланып ақылмен жасауға, кішіге қамқор болуға шақырамыз.