Бөкеев О. Құлыным менің: Пьесалар.- Алматы: «Өнер», 1986.- 368 б.

ob7Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты Оралхан Бөкеевтің пьесалары республикамыздың көптеген театрларына табысты қойылып жүр. Ал жас драматургтердің Бүкілодақтық конкурсында үшінші сыйлық алған «Құлыным менің» драмасы түрікмен, башқұрт, қырғыз, якут, азербайжан театрларында, сондай-ақ Чехословакияда қойылды. Кітапқа драматургтің көрермендер көңілінен шыққан «Текетірес», «Қар қызы», партизан-жазушы Қ.Қайсеновпен бірігіп жазған «Жау тылындағы бала» және басқа пьесалары енді.

Мазмұны
Зымырайды поездар………………………………………………. 5
Құлыным менің ……………………………………………………..58
Текетірес………………………………………………………………..108
Қар қызы ……………………………………………………………….158
Мен сізден қорқамын ……………………………………………. 227
Бармысың, махаббат?………………………………………………272
Жау тылындағы бала……………………………………………….319
Екі әйелдің әңгімесі ……………………………………………….. 357

 

Бөкеев О. Ән салады шағылдар: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: «Жалын», 1978.- 280 б.

ob8Жұртшылыққа белгілі жазушы Оралхан Бөкеевтің «Ән салады шағылдар» жинағына үш повесі және бір топ әңгімелері енген. Бұл шығармалардың бәрінде де жазушы қазіргі замандастарымыздың тыныс-тіршілігін, арман-мақсатын көрікті ой, шебер тілмен жырлайды.

 

 

 

Бөкеев О. Біздің жақта қыс ұзақ: Повестер.- Алматы: «Жалын», 1984.- 432 б.

ob9О. Бөкеевтің бұл жинағына, негізінен соңғы жылдары жазған шығармалары енген. Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған «Бәрі де майдан» повесі тыл өміріне арналған. Автор өз кейіпкерлерінің басынан өткен шытырман оқиғаларды әсерлі тілмен жеткізеді.

Жазушының жинаққа кірген көлемді дүниесі – «Біздің жақта қыс ұзақ» атты егіз повесть. «Сайтан көпір» деп аталатын повесінде өмір, тіршілік жайлы философиялық терең толғамдарға барады. «Қар қызы» атты екінші повесі біраз жыл шағын көлеммен жарияланған еді. Автордың бұл шығармасы жаңа оқиғалармен өрбітіліп, кеңейтіліп ұсынылып отыр.

Архитекторлар өмірінен жазылған «Жетім бота» повесінде адамның қайта оралмас жастық шағына деген сағыныш, жүрек тебіренісі бар.

 

Бөкеев О. Қайдасың қасқа құлыным. Повестер, новеллалар.- Алматы: «Жазушы», 1973.- 200 б.

ob10Жазушы Оралхан Бөкеевтің үшінші кітабына жастар өмірін, олардың арман-мақсаттарын толғаған «Қайдасың, қасқа құлыным!, «Елең-алаң», «Аспирант қыздың тракторшы жігіті» секілді әңгіме-повестері кіріп отыр.

Мазмұны
Қайдасың қасқа құлыным
Елең-алаң
Кербұғы
Өліара
Аспирант қыздың тракторшы жігіті