«Қазақтың бір қызы бар Кәмшәт деген»

Ф.Оңғарсынованың «Қазақтың бір қызы бар Кәмшат деген» поэмасы ХХ ғасырдың 70 – жылдарындағы өмірден алынып, заман тақырыбына, өндірістік мазмұнда құрылған поэма деуге болады . Мұны очерік – поэма, публистикалық – поэма десек те жараса береді. Әрине, ақын мұнда ХХ ғасырдың қазақ қыздарының қолы жеткен табыстарын, іс – әректін, келбетін, кең даланы көркейтуге қосып жатқан үлесін, мақтаныш сезімімен жырлағанын айту керек.

Ақын Кәмшәттың қара басын,отбасын ғана емес, оның ұстаздарын, достарын, құрбыларын айтып, қуантады. Фариза Кәмшат жайлы алдымен очерк, кейіннен повесть және мына поэмасын жазыпты. Өз басым Фаризаның бұл әрекетін құптамаймын. Өйткені өмірде бар адам жайында жазу ауыр. Әрі мұнда документальды, деректі шығарма жасауы тиіс қой. Мұндайда ақынның абыройы түсіп кетуі де мүмкін. Шығармада ойдан қосылған детальдар кездессе, қазіргі Кәмшатты танитындар сезіп қалады. Онынды басқа оқушы түсіне бермейді. Содан ақын беделі түседі. Сондықтан да ақын кібіртіктеп, автобиографиялық жағдайлардан асып кете алмай, фактілермен шектелуін қалай түсінсе болады?

Кәмшат ерлігі – қазақ үшін дәнеңе емес қой. Оны мысалы, мына өзбектер мен тәжіктер талай қайталап жатыр. Оларын бадырайтып жатпайды да. Өтті, кетті… Дегенмен, ақынның қазақ әйелін көрсетудегі табыстарын айтпаса болмас. Онысы көркем әрі эстетикалық, идеялық, философиялық жақтан орынды шыққан. Мұнысы поэманың басында, қорытындысында басымдау:

жанымда, жанарымда – қазақ қызы,
Қазақи кең даладан аумай қалған.
Жоғары қырда ананың бағасы бек,
Алдына басын иген данасы кеп.
Далада өсіріпті қызды ардақтап,
болашақ рулы елдің анасы деп,

немесе:

Жақсы әйел, жүйрік атпен алмас қылыш –
Далада батырлықтың бас белгісі.
Шығармадағы осындай қатарлар, яғни өндіріс тақырыбына айналып, өмірдің басқа тараптарына да көз тастау, басқа мәселелермен байланыстыру – ақынның образға тұрмыс шындығын әкелуге ұрынуы оқушыны бір сергітіп тастайды:

Әйелдік тағдыр кешу – сағымды ағын:
жар болу, ана болу жанып жаның;
диванда газет оқып жату емес –
үй іші – рулы елдің табу бабын.
… Тірліктің адамды үгер қалың табы
Алдымен әйел жанын ауыртады
Және бар – мынау қасаң дүниеде
Нән – нәзік әйел адамның осынша қиындықты жеңіп, Еңбек Ері атануы оңай шаруа емес. Оны ақын былай сомдайды:

Кәмшаттың шыққан кезде аты армандай,
(қыздардың Ай мен Күні қатар жанғай!)
Қуанды қазақтағы қыз атаулы
өздері Еңбек Ері атанғандай.
Бұл күнде қазақ біткен қыздарына
Кәмшат деп ат қояды ырым қылып, – дейді.

«Сайраған Жетісудің бұлбұлымын»

Ф.Оңғарсынованың «Сайраған Жетісудің бұлбұлымын», «Тартады бозбаланы магнитім» поэмалары ақын – қыздар образын жасау өзгешелігі, махаббатты адалдықты жырлауы, көркем тәсілдері, сюжет композиция жлдары т.б. біріне – бірі жақын. Біріншісінде, ақын қыз Сараның, екіншісінде, Майраның образдарын басты кейіпкерге айналдырған. Белгілі болғандай, бұлардың екеуі де тарихта, көркем өнерде бар тұлғалар. Ал, ақын олардың өміріне тиісті тарихи фактіліерді баяндап отырмай, негізінен олардың ішкі дүниесіне үңіліп, соның сипатын ашуға талаптанады: ақындығы,өнерпаздығы,адалдығы,берік махаббаты, батылдығы, ашық көңілдігі, қажет жерінде кішіпейілдігі т.б. қасиеттерін лирикалық формада, олардың өз сөздері арқылы – Сараның жырлары, Майраның әндері арқылы берген. Демек, поэмалары автор сол өзінің лирикалық қаһармандары атынан сөйлейді. Бұл шығармаларда да лдыңғы жақта біз талдаған шығармалардай, ішкі монолог, ой пішіні көп қолданған.

Сараның да, Майраның да бойына біткен басты қасиеттері – сөз бен сөз өнерін өлердей сүю, Отанға деген махаббаты күші, жоғары патриотизм, батылдық, суырып – салмалылықтың да басымдылығы, қылыштай өткірлік, адал махаббат – бәрі – бәрі тарихи шындық ыңғайымен дәл беріледі.

«Ал, енді соны ақын қалай берген?» дген сұрақ туады:
Біріншіден, Ф.Оңғарсынова өз қаһармандары болған бұл ақын –қыздарды жақсы түсінеді, ештене эақын, сол үшін образ ашуды адалдықты, шындықты бірінші орынға қоя біледі. Әрі өте өткір сөздермен оқушысын ізіне алып кетеді:
Айтыссам, ақ бұлақтай ақтарылам
Өсірген өжет етіп өлке мені,
Ерлердің елдігімен көркем елі.
Жырымды найзағайдай ұшқыны бар –
тіл тартпай талай ақын өр тенеді!
Жыршы емес, елдің жүгін тарта алмаса,
Таңдайға алмас сөзді арқандаса,
Жыр сөзі – шындық сөзі.Қашанда да
Даланың жазылмайды заңдары да,
бірақ бас бұрғызбайды зара, жыла;
Ақылға, асыл сөзге, өнерлігі
Бас иген қаһар төккен хандары да.

Мінекей, бұл жағынан қарағанда, ақын жасаған Сара образында Майраға салыстырғанда қаһармандық, батылдық қимыл – әрекеті басым. Ал, екінші поэмадағы Майра ерке, романтик қызға ұқсайды. Бұны ақын былай көрсетеді.

Баяның бақтарында,
Шың – құзды шатқалында
Ерке өскен жас маралмын
Шомылып ақ сағымға.
Садақпен тартар ма адам
Даланың ерке елігін.
Мекнім – дархан далам,
Жарысар жел – серігім.
Жанарым шарапымасын,
Жігітім, абайлағын!

Осындай қасиеттер «Сайраған Жетісудің бұлбұлымын» поэмасының қаһарманы Сараның бойынан да табылды. Поэмада ақын қыз Сараның сөзбен, тұтас өмірімен байланысты айтатын ойларды да батыл, әрі анық, нық көрінеді.
Өргенде ойдан қашап сөз өрнегін,
Қан жүріп, төгіледі өлеңінен үн.
Тыныштық, рахатын тұл қып ақын,
Өмірін арнап соған берер демін.
Көрдіңіз бе, мұнда не деген ой тереңдегеі жатыр? Ақын да, онаң қаһарманы да өлеңді тек қана сезіммен, ұйқаспен емес, оймен өреді.