«Тартады бозбаланы магнитім …»
Ақының «Тартады бозбаланы магнитім…» немесе Майраның әндері түріндегі поэмасында Майра ең алдымен еркін, адал махаббат иесі, өнерді жан – тәнімен беріле сүйген қыз ретінде көрінеді. Майра тарихта да осындай болған. Бас қаһарман алдымен өнерге ғашық, бұл сапарда оған ешқандай күш қарсы тұра алмақ емес? Кесе көлденең тұрған қарсылықты Майра бұзып – жарып кетуге бар!
Мен өмірге құштармын, ғашық ұлдай,
ұқпайссыңдар бәрібір тас, ұғынбай…
ән саламын, күлемін, сүйсем – сүйем
сендерше жасырынбай!
Шариғат деп, шындық деп сарнайсыңдар,
шындықты айтса, жарыла жаздайсыңдар.
Тас тыққандай тамаққа заңдарынан.
Қазақ халқымен, қазақ қыздарының өмірінде, тарихта бұл болған шындық. Ал, осыдай тосқындыққа көкірек кере қарсы шыққан Майра,Сара сияқты қазақ қыздарының бас июге болмай ма? Мұндай мәрт қыздар сондай бір түнек көздердің өртінде былай дейді.
Терезенің алдына келме күнде
көрінбеуге тырысып, елге күнге
( сүю деген – батырлық бұл заманда,
қаратпайды сезімдер шенгемүлде).
… Селдей сезім болмаса шоқ денеде,
толқын құштап ұмтылма от кемеге!
Қамалдарды бұзып кел, бірақ сонда
сөніп қалсам, өкінбе, өкпелеме –
еркіндік пен сезімге сот немене!
Бұл нағыз ерлік махаббат адамның сөздері. Осындай азаттықты, егемендікті аңсаған қазақ қыздарының рә түрлі кедергі, құрсауды жарып кетуді армандауы, оны ақының тілге алуы – не деген ерлік дейсің?!
Мәселен, поэмадағы «Майраның болыс жездесіне айтқаны» бөліміндегі мынадай пікірлерге қалай қарар едіңіз:
Байлығын басқа шапқанмен,
аулыңда толған аш – арық.
Әкімдер келсе,басқа елден,
шығасың, жайнап жасарып.
Мінгіздің жүйрік Тарланды,
сапан да жаптың, бөстің кеп,
алдына салдың сан малды
«мырза» деп мақтап кетсін деп.
…Майрадан басқа болысқа
сөз айтар, кім бар бұл елде!
мені де беріп жіберме!
Мырзасып бөтен қонысқа.
Міне, табиғалық, міне тұңғиық пікір!
Жалпы алғанда, бұл поэмада ақын өнерпаз қыз Майра образы өз табиғи болмысы: нәзіктігі,еркелігі, батылдығы, ашық көңілділігі, шыншылдығы, адалдығы, арманшылдығы, т.б. керемет қасиеттері арқылы көрінеді. Оны ақын әр түрлі майда монологтар арқылы шебер білген.
Шығармадағы «Майраның әндері», «Майраның болыс жездесіне айтқаны», «Ағаларына өкпелеп айтқаны», «Кінәлаған билерге айтқаны», «Майраның інісіне айтқаны», т.б. мазмұн және форма жағынан өте дұрыс ойлап табылған, олар сюжеті мен композициясы жағынан да орнында тұр. Бұл поэма Ф.Оңғарсынова шығармашылығын идеялық – эстетикалық, көркемдік – поэтикалық жақтан толықтыра түседі деп айту қажет – ақ.
Интернет-ресурс:
36mektep.ucoz.kz/load/0-0-0-439-20
Әдебиеттер:
Шәріп А. Фариза Феномені// Ана тілі.- 2010.- 21 қаңтар.
Иманасов С. Фариза туралы сөз// Қазақ әдебиеті.- 2010.- 22 қаңтар.- Б.6
Поэзия Шолпаны// Егемен Қазақстан.- 2009.- 1 желтоқсан.- Б.5
