Жүн өңдеу фабрикасы
h34    Жүн өңдеу фабрикасы 1935 жылы іске қосылды. Қой мен ешкіден, түйеден, қырқылып алынған биязы, жартылай биязы, қылшықты, жартылай қылшықты жуылған жүн өңдейді. Фабрика көйлектік, костюмдік, пальто, көрпе, орамал, кілем т.б. әр түрлі материалдар, трикотаж тоқитын иірілген жіп, киізден түрлі бұйымдар жасап шығарады. Фабриканың негізі болған жүн жуу кәсіпорыны алғаш 1893 жылдан бастап іске қосылған екен. Ұлы Қазан төңкерісінен кейін кәсіпорын жергілікті жүн серіктестігінің құрамына енді. 1935 жылдан бастап жүн өңдеу фабрикасы деп аталады. Фабриканың 3 өндірістік корпусында 9 жуу-кептіру агрегаты бар. 1984 жылы кәсіпорын 23 мың тонна өнім берді. Кәсіпорын жылына 400 млн. сомның өнімін шығарды. Сол кездері өнімдері Балтық жағалауы, Украина, Беллоруссия республикаларының, РСФСР мен Қазақстанның 130- дан астам кәсіпорынына жөнелтті. Жүнді сорттау процесі конвейрлік әдіспен жүргізіледі.

Жүнді алғашқы өңдеуден өткізу фабрикасы (ПОШ) кезінде күллі Одаққа белгілі болып, дүрілдеп тұрған еді. Қазір аталмыш фабрика ықшамдалып, «Сенім ЛТД» фирмасы жүннің шикізат ретінде сапасын реттеуді мақсат етіп отыр. «Сенім» ЛТД толық қарқында жұмыс істесе, шамамен жылына 60 мың тонна жүн өңдей алады. Қазір елімізде қой саны 10 миллионнан астам десек, жүн өңдейтін өте озық функциялық технологиямен жұмыс істейтін қондырғы орнатылған. Фирма еліміздегі тоқыма өндірісіне дайын шикізатты жеткізуге қол жеткізді.

Әдебиеттер:

Нұғманбекова Р. Жүн өңдеу – атадан қалған кәсіп // Дидар. – 2002.- 15 маусым.- б.2
Төлеуов С. Ауыл ахуалы оңалары сөзсіз // Семей таңы.- 1999.- 16 қыркүйек.- б.10

«Каполиграф» ашық акционерлік қоғамы
h35    «Каполиграф» ашық акционерлік қоғамы 1941 жылы құрылды. Содан бергі атын әлденеше өзгерткен кәсіпорын 1990 жылға дейін ағаш бөшке, тақтай жәшік жасау, сыраның ыдысын, арақтың жәшігін мықтау, гофирленген ыдыс шығару, қағаздан қорап жасау өнімдерін шығарып келді.

70 жыл жылдан аса тарихы бар кәсіпорынның екінші тынысы егемендігімізді алған кезде басталып, қарыштап алға басты. Инженерлік, коммуникациялық жұмыстарды реттеп, спорт залын, тұрмыстық ғимараттар жөнделді. Жаңа заман талабына сай жабдықтар орнатылды. Сөйтіп, өндірісті қайта құруға 40 млн. теңге қаржы құйылып, өндіріс технологиясы жетілдірілді. Жаңа, сұранысы мол, сапалы өнім шығару «Каполиграфты өзі тектес кәсіпорындар қатарында байсалды бәсекелестікке жеткізді. Бүгінде оның өнімдерін еліміздің барлық ірі қалалары Ресей, мен Орта Азия елдері тұтынады.

Балмұздақ орауыштары мен сусымалы өнім пакеттеріне Мәскеудің сұранысын қанағаттандырып отыр. 2000 жылдың қараша айында комбинатта сүт өнімдеріне арналған «Пюр-Пак» типті қораптар шығаратын жаңа желі іске қосылды. Осы желі арқылы 2001 жылы 30 түрлі 1200 тоннадан астам «Пюр-Пак» қораптарына тапсырыс берген 15 отандық, 25 ресейлік кәсіпорындарға жөнелтілді.

2001 жыл басынан темекі өнімдеріне арналған картон қораптар шығару қолға алынды. Жаңа сапалы өнімді Бийск темекі фабрикасы үлкен сұраныспен алып отыр.

2000 жылмен салыстырғанда 2001 жылы жалпы өндірістің өнім көлемі 156 пайызға жетті. Комбинат «Камбиблок» қораптарын шығарып отыр, сол арқылы шырын, сусын өндірісімен, тазалағыш ұнтақтар, тіс пасталарын шығаратын кәсіпорындар өз өнімдерінің ұзақ та сапалы сақталуына мүмкіндік беретін отандық қораптарды пайдаланатын болады.