Шпал заводы
Мұхамедова Р. Семейліктердің рухы мықты // Семей таңы. – 2004. – 16 шілде. – Б.2.
«Семей машина жасау заводы» ААҚ-ның өнімдерін негізінен өз республикамыз бен Ресей тұтынушылары пайдаланады. Мұнда Т- 250 тракторына, ауыл шаруышылығы техникасы мен «КамАЗ» машиналарына қажетті қосалқы бөлшектер де шығарылады. Кәсіпорын өз мұмкіндіктерін ескере келе әрі өндіріс көлемін ұлғайту мақсатымен теміржол вагондарын жөндеуге қосалқы бөлшектер, сондай-ақ халық тұтынатын товарлар, әсіресе шаруа қожалықтарына өте ыңғайлы астық, шөп оратын шағын механикалық құралдар шығара бастаған.
Мұхамедова Р. Қала тынысы // Семей таңы. – 2004. – 13 тамыз. – Б.2.
Тілеубайқызы, Л. Семей елімізді әскери техникамен қамтамасыз ете алады // Дидар. – 2011. – 15 сәуір.
Шарапиева Л. Кәсіпкерлер қала әкімін қолдайды // Семей таңы . – 2011. – 30 желтоқсан. – С. 1
Қаладағы ең алғашқы диірменнің іргетасы 1884 жылы қаланған болатын. Ұлы Қазан төңкерісінен кейін қалада ұн өнімдерін өндіру жақсы жолға қойылып, ұн тартатын комбинат салу жоспарланған болатын. Семей құрама-жем заводы малға аң-құстар мен балықтарға арналған ұнтақ және түйіршіліктелген өнімдерді өндірумен айналысады. Айына 23 мың тонна азықтық жем шығаруды жолға қойған. Түйіршіктелген жем түрлі сонау 1967 жылдан бастап шығарылып келе жатса да үлкен сұранысқа нарықтық кезенде ие болды.
Түйіршіктелген жем-құс шаруашылығына арналған. Құс еті тұтыну талғамы бойынша екінші орында тұр. Құрама жем комбинаты «Ардагер» агроөнеркәсітік корпорациясының құрамына кіреді. Сапалы стандартқа сәйкес жем шығара алатын АТОN INBEST жүйесі бойынша технология орнатылып, биыл оны толыққанды іске қосу міндеті тұр. Құрама жем дайындаудың күрделілігі – оның құрамына 16 қоспа ингредиенттердің кіруі. Бидай, арпа, ашытқы, бұршақ т.т. жалғаса береді. Технология бойынша әрқайсының қосылуына нақты мөлшер керек. Завод құрамында арпаны қаптап шығарушы цех жұмыс істеп тұр. Завод қызметкерлері Шотландияда өткен бройлер құстарға қажетті сапалы азықтық жем дайындау атты Европалық кенес-семинарға қатысып қайтты. Заводтың осындай тәжірибелі басшылығының арқасында кәсіпорын бұл күндері ілгері қадам басуда.
Нұғманбекова Р. Құс еті таңдайыңызға татиды // Дидар. – 2005. – 22 қазан. –5 б.
«Дизайн-Мебельді» Семей өңірінің тұтынушылары жақсы біледі. Осында шығарылатын жұмсақ демалыс бұрыштары, дәліздік және офистік жиһаздар, жатын және асүйлік гарнитуралар сәндік және сапалық жағынан Польша жиһаздарынан кем емес. Сондықтан да «ДМ»-дің өнімдеріне де сұраныс жоғары. Шығарылатын өнім түрлерін көбейтуді қолға алғанда кәсіпорынға лайықты ғимарат керек болды. 2001 жылы қаланың Жаңасемей бөлігіндегі Спартак көшесінде орналасқан цемент зауытының қараусыз қалған жатақханасы алдымен сенімді басқаруға, соңынан жеке меншікке берілгенде кәсіпорын басшысы Мақсат Сағатбеков бұл ғимаратты өз күштерімен жөндеуден өткізіп алды. Өнімдері «Рахат» сауда үйіндегі салонда және өткен жылдың аяғында Шәкәрім даңғылында ашылған өз сауда үйлерінде сатылады. Швецияның KRONOROL фирмасымен бірлесіп қызмет атқарғалы өнім бұрынғыдан да арта түсті.
Мұхамедова Р. Қала тынысы // Семей таңы.-2004.-13 шілде.
Өз тауар өндірушілерімізді білейік // Семей таңы.-2004.-17 қыркүйек.
Оспанов Д. «Дизайн-мебельдің» жайнаған жиһаздары // Семей таңы.-2004.-23 шілде.[/vc_column_text][/vc_column]