40   Өнердің ең биік шыңдарының бірінен саналатын бейнелеу өнерінің барлық түрлері мен жанрлары қашанда өркен жайып, даму жолында. Семей өңірінің де қылқалам шеберлерінің озық үлгілі шығармалары республикамыздың, қаламыздың сурет галереяларынан орын алып Семей халқының рухани қажеттілігіне айналған. Экономикамыздың өркендеуі де өнердің дамуына байланысты. Өнері бар елдің әл-ауқаты да көтерілетіні сөзсіз.

Семей қылқалам шеберлерінің қай-қайсысын алсақ та қазақ бейнелеу өнеріне келу жолында өздерінің шығармашылық тұлғаларын қалыптастыруда туған жер, ұшқан ұя ортасынан дарыған дәстүрлі– рухани тәрбиелерінен бастау алып, оқумен аяқтап, шығармашылық жолымен дара шыққан суретшілеріміз көптеп саналады. Олардың ішінде атап айтқанда, Нұрбұлан Өтепбаев, Мұратбек Жанболатұлы, Ғұмар Макаров, Александр Шевченко тағы басқалары суреттерінің тек өздеріне ғана тән жеке таңдалып алынған тақырыптарын әдемі түрде шынайы жеткізе білген. Семей жұртшылығының мәңгілік қасіретіне айналған, ядролық полигон зардабын шеккен елі мен жері А. Шевченконың бүкіл шығармашылығының өзегі десе де болады. Ал суретші Нұрбұлан Өтепбаевтың картиналарында қазақ жеріне тән әдемі пейзажды, дала тылсымын әсерлі бояусыз, графика түрінде шынайы жеткізген. Кең жазира даланың әсем келбетін, сыр-сипатын беру арқылы еліміздің табиғатын Ғұмар Макаров асқан сүйіспеншілікпен бейнелейді. Мұратбек Жанболатұлы Абайдың, М.Әуезовтың, Ю.Лермонтовтың, Қ.Рысқұлбековтің мүсіндерін сомдауда абыройлы істер атқарды. М.Беляевтің жанына аса жақын тақырып – «көне» Семей, оның тар көшелері, тарихи орындары.

Сайттың «Суретшілер» бөлімі – семейлік қылқалам шеберлерінің туындыларымен таныстыруда кітап қорында бар мәліметтерін ұсынады.

Байғалиев Төлеуғазы
Төлеуғазы Байғалиевтің картиналары Астана, Алматы, Павлодар қалаларының көрме залдарына қойылған. Біздің жерлес суретшінің картиналары жеке коллекцияларда Ресей, Америка, Германия, Кореяда бар. Суретші өзінің көп уақытын «Дарын» дарынды балалар мектебінің, Шәкәрім атындағы университеттің көркемсурет факультетінің студенттерін бейнелеу өнерінің қыр-сырына үйретуге арнайды. Ф.Достоевский мұражайында жерлес суретшілердің картиналарының көрмесін ұйымдастыру жақсы жолға қойылған. Сондай картиналар экспозициясы 2004 жылдың көктемінде Т.Байғалиевтің шығармашылығымен қала жұртшылығын таныстыру мақсатында өткізілді.

Әдебиеттер:

Воскресенская Л. Родные просторы художника Байгалиева // Арна .- 2004.- 23 апреля.

Беляев М.М.

М.М. Беляев – график, живописьші. Қазақстан суретшілер одағының мүшесі. Башкирияның Алаш ауданында дүниеге келген. 1941 жылы отбасы Семейге эвакуациямен көшіп келеді. Ұлы Отан соғысының ардагері . 1955 жылы Одесса көркемсурет училищесін бітірген. Студент кезінде Одесса облыстық көркемсурет көрмесіне қатысады.

1957 жылы Семей қаласында өткен бейнелеу өнері көрмесінде бірінші орынды иеленген М.М. Беляев Мәскуедегі көркемсурет көрмесіне жұмыстарын ұсынады. Суретші Қазақстанның түкпір-түкпіріне саяхат жасайды. Беляевтің жанына аса жақын тақырып – «көне» Семей, оның тар көшелері, тарихи орындары. Семей қаласында суретші картиналарының әр түрлі көрмелері ұйымдастырылып тұрады.

2005 жылдың күзінде Ф.М.Достоевский мұражайында суретшінің «Город и река» атты тақырыпта көрмесі ұйымдастырылды. 2005 жылдың тамызында 80 жасқа толған суретші шығармашылық жолының 50 жылдығын атап өтті. Суретшінің сүйікті жанрлары пейзаж және портрет.

Облыстық, республикалық көркемсурет көрмелеріне бірнеше рет қатысқан суретшінің картиналары Семей қаласының барлық мұражайларында және Қазақстанның, Украинада, Ресейде, АҚШ, Қытайда меншік көркемөнер иегерлерінің қолында сақталған. Суретшімен бірге көрермен Салехарда, Ханты-Мансийск, Семей қаласының көне көшелерін тамашалайды.

Әдебиеттер:

Беляева А. В поисках красоты // Наше дело.- 2004.- 29 апреля.- с.6
Идришева Г. Дарить людям свет души // Семипалатинские вести .- 2005.- 7 октября.- С.5
Пархоменко Е. Он видит мир через картины // Арна.- 2005.- 30 сентября.- С.7
Часнык Л. Взгляд сохраненный вовремени // Спектр.- 2005.- 11 ноября.- с.7
Часнык Л. Мольберт поставлен в проходном дворе // Казахстанская правда.-2005.-3 ноября.- с.8
Часнык Л. Пейзажи, лица, настроения // Рудный Алтай.- 2005.- 27 октября.- С.4

Бекмұхамбетова Нәзигүл

2005 жылдың 12 сәуірінде Ф. Достоевский мұражайында суретші Нәзигүл Бекмұхамбетованың картиналарының экспозициясы болып өтті. Бұл көрме суретшінің ең алғашқы жеке көрмесі болып табылады. Суретшінің картиналары өз көрерменін әр түрлі түспен боялған суреттерімен тамсандырады. Өз картиналарының композициясын ең алдымен түрлі түсті бейнелерде көретін суретші өз жұмыстарын майлы, акварель, пастель краскаларымен салады. Суретші портрет, пейзаж жанрында қалам тартады. Жыл сайын сәуір айында суретші өз жұмыстарын өнерсүйер қауымға ұсынады.

Әдебиеттер:

Биданова А. Луна в мажоре // Семипалатинские вести.- 2005.- 22 апреля.- с.9
Михайлова С. Цветные настроения Назигуль Бекмухамбетовой // Экспресс К.- 2005.- 21 апреля.- с.5

Водолазов Петр

Петр Водолазов 1960 жылдары Семей қаласына комсомолдық жолдамамен келіп, қаланы ұнатқаны соншалық осы қалада тұрып қалды. Ол 1938 жылы Минск қаласында туған. Балалар үйінде тәриеленіп, әскерде Евпатрияда болды.
Суретшінің ең алғашқы көрмесі 1964 жылы Семейдің өлкетану мұражайында өтті. Петр Александровичтің жұмысы тек қана Семей қаласының көрмелерінде ғана емес, Қазақстанның басқа қалаларында да көрмелері болып өтті.
2004 жылдың күзінде суретшінің «Знакомые места» көрмесі Ф.Достоевский мұражайында болып өтті. Көрме залына қойылған суретші жұмыстары 70 – ші жылдардың аяғы мен 90 – шы жылдардағы жұмыстарымен аяқталады. Суртешінің жұмыстары туған Семей қаласының кейбір таныс бейнелерімен қуантады. Суретшінің әрбір жұмысынан өз қаласына деген сүйіспеншілік пен таңдану байқалады. Көрмені аралап жүрген адам бала күнгі таныс мекендерді аралағандай әсерде болады. Картиналарында ескі көпір, мешіт, диірмен т.б. қаланың басқа әдемі орындары бейнеленген. Қазіргі кезде қала көркейіп, тез өзгеруде. Суретші қаланың көрікті жерлерін кейінгі ұрпаққа мирас қып қалдыруда көп еңбек сіңіруде.

Әдебиеттер:

Для всех знакомые места // Семипалатинские вести.- 2004.- 24 сентября.- с.9
Гузеева М. Разгоню тоску // Наше дело .- 2004.- 16 сентября.- с.4
Михеева Е. Семипалатинск – моя первая любовь // Арна.- 2004.- 17 сентября.- с.3

Гавриленко П.П.

П.П. Гавриленконың арнайы суретшілік білім жоқ, живописьші. Шығыс Қазақстан облысы, Бұқтарма ауданы Гусиное селосында туған.1946 жылы Семей өзен флоты училищесін бітіреді, одан кейін Жоғары-Ертіс өзен параходствосына жұмысқа жолданады. 1967 жылы әуесқой суретшілер көрмесімен танысады. Кейінірек жергілікті кәсіпқой суретшілер Н.Яковлевпен, М. Беляевпен, В. Третьяковпен бірлесіп этюдтерге шығады. 1968 жылдан бастап Гавриленко қалалық, облыстық көрмелерге үнемі қатысады. Ленинградта, Ригада, Мурманскте, Архангельскіде өткізілген теңіз және өзен флоты әуесқой суретшілерінің байқауының лауреаты және дипломанты.
Гавриленко пейзаж жанрында басымырақ еңбектенеді. Суретшінің ақын жанына табиғаттың құбылмалы райы, кейбір қайталанбас сәттері қатты әсер етеді. 2005 жылы Гавриленконың сурет көрмесі Ф.Достоевский мұражайында «Осенняя сюита» тақырыбында өткізілді. 30 жыл шығармашылықпен айналысқан суретші қаншама көптеген картиналар жазылды, санына жету мүмкін емес. Суретші жұмыстары әртүрлі көрмелерге қойылып, көрермен қызығушылығын арттыруда.

Әдебиеттер:

Михайлова С. Капитанская точка. Зрения // Казахстанская правда.- 2005.- 28 декабря.- с.2
Шығыс Қазақстан облыстық Семей қаласындағы Невзоровтар атындағы бейнелеу өнері мұражайы .- Семей, 2003.- 165 б.

Жанболатұлы Мұратбек

Мұратбек Жанболатұлы есімі еліміздің өнерсүйер қауымына жақсы таныс. Оның қылқаламынан шыққан әсем графикалық мүсіндері көрерменнің жүрегіне бірден жол тартады.
Мұратбек Жанболатов Абай ауданы, Қарауыл ауылында 1948 жылы 20 шілдеде туған. 1966 жылы Абай орта мектебін тәмамдаған ол Алматыдағы Гоголь атындағы көркемсурет училищесіне оқуға түседі. 1970 жылы оны сәтті аяқтайды. Сонан кейін Абай атындағы драма театрында жұмыс істеген ол Мәскеудің Суриков атындағы сурет институтына түсіп, онда алты жыл оқиды. Сол жылдары Ресейдің небір тума дарындарынан дәріс алып, Италияның қайта өрлеу дәуірінің суретшілерінің, шеберлерінің шығармаларымен кеңірек танысады.

«Қазақстанның бір талантты жасы Мәскеуде тәлім алып жатыр» дегенді естіп, сол кездегі обкомның бірінші хатшысы Н.Морозов Мұратбекті Семейге қайта шақырады. Осылайша ол туған жеріне қайта оралып, шығармашылық еңбегін жалғастырады. Мұратбек Жанболатов сол жылдары Лермонтов, Абай мүсіндерін сомдап, композициялық туындылардан Бөрілідегі М.О. Әуезовтың, Семей қаржы-экономикалық колледжіне атақты қаржыгер Рымбек Байсейітовтың ескерткішін жасаған. Семей мемлекеттік университетіне Шәкәрім аты берілген кезде Шәкәрім тұлғасын сомдаған Мұратбектің еңбегіне жиналған жұрт ризашылық білдірген еді. Әрі, Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіш тақтаның да авторы өзі.
Мүсінші, өзінің ең алғашқы туындысы деп, Қарауыл ауылындағы «Үндестік» деген тақырыппен жасалған Гете, Лермонтов, Абай атамыздың қоладан құйылған барельефтері қойылған монументтік тақтаны атады. Ол әлемдік мәртебеде өткен ұлы Абайдың, М.Әуезовтың мерейтойларын көркемдеу-безендіру ісін абыроймен атқарды.
Мұратбек Жанболатовтың соңғы жасаған туындысы – Халық Қаһарманы Қайрат Рысқұлбековке арналған ескерткіш. Мұратбек Жанболатов 1981 жылдан Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Суретшілер қоғамының басқарма мүшесі болған Мұратбектің еңбектері республикалық одақтық көрмелерге қойылған, республикалық Қастеев атындағы мұражайда сақтаулы.
Оның мәрмардан шапқан М.Әуезов бюсті Бөрілідегі мұражайда, Абай орта мектебінде , Гете, Лермонтов, Абай бейнелері қойылған монументі Қарауыл селосындағы «Достық» аллеясында , Шәкәрім ескерткіші Семей педагогика институты бас корпусының алдындағы алаңда , Кеңес Одағының Батыры Әйтікеш Ибраев бюсті оның туған жері Баженово селосындағы Жеңіс алаңына қойылған.Ұзақ жылдар еңбектеніп , Би атаның (Кеңгірбай бидің) творчестволық портретін жасаған М. Жанболатов Семей қаласындағы Қайрат Рысқұлбековтің бюстінің және Ауған соғысына қатысқандарға арналып Семей қаласында қойылған монументтің авторы. Ондаған бейне, портреттер жасап, Семей облысындағы бірнеше мәдени, оқу-ағарту орындарын көркем безендіруді ұйымдастырған мүсінші, ҚР мәдениет қайраткері – Мұратбек Жанболатовқа 2003 жылы «Қолданбалы өнер» номинациясы бойынша мәдениет пен өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін ШҚ облысы әкімі сыйлағының лауреаты атағы беріліп, арнайы дипломмен марапатталды. 2006 жылы жол апатынан қаза тапты.

Әдебиеттер:

Әнеттегі Т. Ұлылар рухына адалдық // Үш анық.- 1999.- қазан.
Нұғманбекова Р. Мүсіншінің сырлы әлемі // Дидар .- 2003 .- 1 мамыр.- Б.4
Қамбаров Ж. Қара тастан үндестік іздеген // Семей таңы .- 2003.- 14 ақпан.- Б.13
Мұратбек Жанболатұлы: Қазанама // Семей таңы .- 2006.- 23 қараша .- Б. 9

Маркелов Виктор

Виктор Маркелов 1971 жылы Семей педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетіне оқуға түседі. Суретші жұмыстарымен көрермендер ол 1 курс студенті болып жүргенде-ақ танысқан. 1975 жылдан бастап суретшінің жұмыстары қалалық, облыстық көрмелерге қойыла бастады. 1996 жылы суретшінің ең үлкен көрмесі ұйымдастырылып, оған суретшінің «Портрет девушки», «Кони», «Портрет старика», «Натюрморт», «Красный закат», «Көктем» картиналары қойылды.
Суретші шеберлігінің тағы бір қыры, ол атақты, ұлы суретшілердің шығармаларын көшіруді асқан шеберлікпен орындайды. Суретшінің асқан жетістіктерінің бірі Левитан картинасының «Натюрморт» көшірмесі, Рембранттың «Портрет старушки», «Возвращение блудного сына» және тағы басқа көптеген картиналар көшірмесі. 2003 жылы Невзоровтар отбасы мұражайында суретшінің «Күзгі салон» сериясы бойынша өткізілетін көрмесінде аса шеберлікпен орындалған шығармалары қойылды. Бұл жолғы шығармаларының ішінде суретшінің натюрморты «Сирень и сакура» шығармасы көңіл аудартады.

Әдебиеттер:

Базанов В. «Мне солнце кружило голову…» (о художнике Викторе Маркелове) // Семипалатинские вести.- 2003.- 27 июня.- с. 10
Нестерова Л. Картины и копии о жизни и любви // Иртыш сегодня.- 2003.- 11 декабря.- с. 5
Палу Д. «Историческая комната» Виктора Маркелова // Арна.- 2003.- 21 марта.- с.7

Макаров Ғұмар
41    Ғұмар Ескендірұлы Макаров 1951 жылы Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласында дүниеге келген. Төрт жасында анасынан айырылған оның балалық шағы, есею жылдары Өскеменде, осындағы Жамбыл атындағы қазақ мектеп-интернатында өтіпті. Мектепті бітірісімен Алматыдағы Қазақ педагогикалық институтының сурет-графика факультетіне оқуға түседі. Оны бітірген соң жолдамамен 1972 жылы Семей педагогикалық институтына сабақ беруге келеді. Содан бергі 30 жыл бойы ол ұстаздық пен шығармашылықты қатар алып келеді.

Ғ.Е. Мақаров Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің дизайн және бейнелеу өнері кафедрасының аға оқытушысы. Жыл сайын жазғы мезгілде Қазақстан даласына, таулы аймағына сапар шегеді, ұзақ әрі жемісті еңбекпен шұғылданады. Шығыс өңірінің қатал да сұлу табиғаты, суретшінің пейзаждарынан ерекше орын алады.

Суретші живописьтің ішінде пейзаж, яғни табиғат көріністерін салғанды ұнатады. Суретшінің өзі бұл туралы : «туған жерімнің әсемдігі, кең даламның дархандығы менің бойыма қуат бітіреді. Содан да болар менің көрмелеріме жиналған көрермендер Жасыбай көлінің күміс суын, күн шуағына маужыраған тау мен қырқаларды, қарағай көмкерген шатқалдарды көргенде қатты толғанады. Мен сурет салғанда бір нәрсенің өзін мың құбылтып беруге тырысамын.» дейді.

Өнерде таңдаған жол – пейзаж, яғни табиғат көріністерін салу. Ол «Дизаин және бейнелеу өнері» кафедрасында ширек ғасырдан астам ұстаздық жолында мыңдаған шәкірттерін баптады. Суреткерліктің үнемі жаңа бір қырлары мен сырларын аша отырып, Мақаров «Тұнық су», «Ауыл табиғаты», «Алма – Арасан», «Алатау» сияқты бірқатар тақырыптық сериялар тудырған.

1972 – 1997 жылдары облыстық, көптеген қалалардағы көрмелерге қатысқан, ол 1983 жылы Орал қаласында , 1985 жылы Шымкентте, 1990 жылы Қаныш Сәтбаевтың 100 жылдығына арналған, 2000 жылы «Туған өлкеме арналады» атты шығармашылық көрмесін Өскемен қаласындағы А.С. Пушкин атындағы кітапханада өткізді.

Ғұмар қатысқан көрмелердің жалпы саны жиырма шақты, әрбірінің өзі жеке тақырып деуге болады. Оның творчествосымен тек қазақстандық жерлестері ғана емес, шетелдіктер де жақсы таныс. Шығармашылық жұмыстары Германия, Израиль , Ресей, АҚШ, Қытай меншік көркем өнер иегерлерінің қолында. Жалпы туындыларының саны 300 – ден асады. Алматыда «Ұмай тәңірісі » галереясы, Владимир Филатовтың ұйымдастыруымен халықаралық фестиваль аясында тағы да көрмесі ашылған еді. Осы фестивальда еңбегі жоғары бағаланып, «Мастер-класс» фестиваліне қатысып, «Қазақстанның Жібек жолы» номинациясында жүлдегер атанды.

Әдебиеттер:

Абсалықова М. Ғұмардың жанды жазуы // Ертіс өңірі .- 2007.- 17 қаңтар.- Б.10,31
Асылжанқызы П. Жерлес суретшінің көрмесі : Ғ. Мақаров – ұстаз, оқытушы, суретші // Семей таңы.- 1997.- 1 қараша.- Б.2
Нұғманбекова Р. Бояуға жан бітірген талант // Дидар.- 2003 .- 8 ақпан.- Б.6

Назарханұлы Сәкен

Сәкен Назарханұлы 1964 жылы 11 сәуірде Саржал ауылында туған. Мектеп бітірген соң, әскер қатарына барып, азаматтық борышын өтеп келгеннен кейін, Семейдегі дизайнерлік училищеге түсіп, оны ойдағыдай аяқтайды. Бұдан кейін суретші-дизайнер мамандығы бойынша осындағы «Союз-Мир» суретшілер шеберханасында жұмыс істеді. Жұмыс істей жүріп Шәкәрім атындағы университеттің бейнелеу өнері факультетін сырттай оқып бітіреді. Тоқсаныншы жылдардың басында ұлттық қолөнерімен ден қойып айналысқан. Ең алдымен сандық , жер үстел , бесік, тостаған, торсық, ожау секілді заттарды ағаштан ойып жасады. Жай жасаған жоқ оларды ою-өрнектермен безендіреді. Одан кейін қобыз, домбыра жасаумен айналыса бастайды. Біртіндеп тері, киізден бұйым жасауды меңгерді. Уақыт өткен сайын сол заттарына сұраныс арта түсті. Сөйтіп ол темірден де түйін түюге ұмтылған. Ұлттық өрнектермен безендірілген қылыш пен оның қынабын, темір қалқан жасады. Сол жұмыстарының бәрі дерлік түрлі көрмелерге қойыла бастады. Көрмелердің көбінде ұлттық өнерді насихаттаудағы еңбегі арнайы дипломдармен марапатталып жатты. Мұның жұмысына шетелден келген меймандар да қызығушылық танытып, бұйымдарын жиі сатып алып жүрді. Енді Сәкен гобелен өнерін меңгеруді ойластырып жүр. Ши мен жүнді орнымен пайдалана отырып, жасаған әр затына ұлттық әр беру де ойында. Ұлттық өнерді ұлықтап келе жатқан Сәкен кез-келген дүниеде ұлттық нақыш ою-өрнектердің болғаны жөн екенін түсінді. Ал, ұлттық нақышын дәл келтіру үшін бұйымның шығу тегіне , астарына үңілуді әдетке айналдырды. Оның қолынан шыққан дүниелерден қазақы болмыс пен қазақы мәдениеттің иісі аңқып тұратындықтан да болар, шетелдіктердің көбірек қызығушылық танытатыны. Алғашқы бұйымдарының бірі – тостаған жиынтығына ағылшындардың ынтасы артып, зор ықыласпен сатып алған болатын.
Бүгінде ағаш, сүйек, тері, мельхиор, күміс сияқты материалдарды пайдаланып, түрлі бұйымдарды , бүркітші құралдарын , бес қаруды , ұлттық музыка аспаптарын жасап жүрген Сәкен Назарханұлы Алматы, Астана қалаларында өтетін көрмелерге тұрақты қатысып тұрады.
Үйеңкіден ойып домбыра жасауға әбден төселген Сәкеннің назары қобызға ауа береді.Оған кез-келген материалдың таңдалып алынбайтындығының өзі неге тұрады? Шанағына түйе терісі , ішегіне бесті айғырдың құйрық қылы, мойнына – кебуі келіскен қарағаш, қайың сынды қатты ағаштар қолданылып жасалған қобыз ғана ғасырлар қойнауынан тіл қата алады. Сондай қобыздың бірі Семейдегі музыкалық колледжінің тапсырысы бойынша жасалған болатын. Шебердің ең кейінгі туындыларының бірі Тәуелсізідігіміздің 15 жылдығына арналды. Қылқобыз,таңбалы тастар,және Қазақстан картасының символдары біріктірілген композициялық туынды Невзоровтар атындағы мұражайда тұр.

Әдебиеттер:

Ожарова А. Шебер // Ертіс өңірі .- 2007.- 17 қаңтар.- Б.10
Сейсенұлы Д. Ағаштан түйін түйген // Егемен қазақстан .- 2004 .- 27 наурыз.- Б.1

Оразғалиев Архат

Архат Оразғалиев 1964 жылы бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы, Саржал ауылында мұғалімдер отбасында дүниеге келген. Орта мектепті ауылдан бітіріп, екі жыл әскер қатарында азаматтық борышын өтеп келгеннен кейін Алматыдағы сәулет құрылыс институтында оқып, 1990 жылы сәулетші мамандығын алып шығады. Екі жыл «Семжилстрой» тресіндегі жобалау институтында жұмыс істейді. Бала күнінен әртүрлі заттарды жасауға бейім тұрады. Негізгі құралы арша мен жаңғақ ағашы. Бірде Ертіс жағасынан динозаврдың кескінін елестететін ағаш кесегін тауып алып,артық жерін жонып, сыртын лактап, жасыл түсті динозавр жасап шығарды. Сондай-ақ марал , арқар, бұғылардың мүйізін тауып алып, басын ағаштан сомдайды. Ағашқа қоса қатырма қағазды іске жаратады, мәселен әйгілі «Титанник» фильміндегі кеменің макетін жасап шығарады. Ал қару – жарақтарға көбінесе темірді пайдаланып , садақ, арбалет, айбалта шоқпар, қанжар, қылыш сияқты көне қару түрлерін , олардың қыны мен оқ-жебелерін жасай бастайды. Архат жасаған дүниелерді көпшілік қауым сыйлық үшін алады. Ол Ұлы «Абай жолы» эпопеясындағы сегіз кейіпкерді ағаштан қашап апарады. Барлығы да өз иесін тапты. Сол жолы «Бала Абай» деген туындысын Сара Назарбаеваға тарту етті.

Новосібір қаласында өткен халықаралық Сібір жәрмеңкесіне, Алматыдағы «Анкара» қонақ үйінде өткен «Экотуризм» форумына бұйымдар апарады. Семейдегі Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайында, өлкетану мұражайында көрмелері ұйымдастырылған. Бұған қоса, Астанадағы Президенттің мәдени орталығында және «Окан – интерконтиненталь» қонақүйінде, Алматыдағы «Орхон» өнер салонында жұмыстары қойылған. Ал, ұлттық киім киген қуыршақтар, кішкентай киіз үй, түйе, бота сияқты дүниелерді зайыбы Фарида жасаған, өзі 1993 жылы «Азия дауысы» фестивальінің бас директоры Мұрат Ерғалиевке бірқатар сувенирлерін байқау қонақтарына сый ретінде тапсыруды ұсынады. Сөйтіп, АҚШ, Жапония, Франция әншілеріне сувенирлері сыйлыққа табыс етілді. Қазақ халқының салт-дәстүріне байланысты бұйымдары жоғары бағаланады.

Әдебиеттер:

Ожарова А. Қазақтың қолөнерін жаңғыртып өзіне қайтарамын // Ертіс өңірі .- 2003.- 21 наурыз.- Б.5
Сейсенұлы Д. Қаламмен жазылғанды балтамен өңдейді // Егемен Қазақстан .- 1999.- 27 мамыр.- Б.4
Сейсенұлы Д. Шебер // Дидар.- 1999.- 27 сәуір.- Б.4

Өтепбаев Нұрбұлан

Өтепбаев Нұрбұлан 1951 жылы бұрынғы Семей облысы, Баженова ауылында дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан өңіріне танымал суретші, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің бейнелеу өнері кафедрасының профессоры Нұрбұлан Өтепбаев 1969 жылы Семей педагогикалық институтында тұңғыш рет ашылған көркемсурет және графика факультетінің студенті атанды. 1973 жылы институтты тәмамдап, дипломын қолға алған жас маман Абай ауданына жолдама алды.
Нұрбұлан Өтепбаев қазақ бейнелеу өнеріне келу жолында оны шығармашылық тұлға ретінде қалыптастырған үш түрлі арнаға тоқталамыз. Оның біріншісі – ата-баба, туған жер, ұшқан ұя ортасынан дарыған дәстүрлі мәдениет – рухани тәрбие еді. Екіншісі , сурет үйрмесінен басталып, жалғасын институт қабырғасында тапқан, көркемсурет, гарфика факультетінің тәлімі мол, тағылымы болатын. Үшінші – қисынды – Нұрбұланның тал бойындағы туа бітккен қабілет-дарынымен байланыстырған дұрыс. Үш арнаның алғашқысы Нұрбұлан туып-өскен ортаның Абай елінің рухани қайнары мейлінше кемел екенін байқар едік.
Суретші өзінің «Ботақан», «Кең қоныс», «Қасқабұлақ» картиналарында қазақ жеріне тән әдемі пейзажды, дала тылсымын әсерлі бояусыз , графика түрінде шынайы жеткізген. Кең жазира даланың әсем келбетін, сыр-сипатын беру арқылы еліміздің табиғатын асқан сүйіспеншілікпен бейнелейді. Ал «Салт атты», «Соңғы жаңалықтар», «Тойға барарда» картиналарында ауыл қарттары өмірінің тұрмыс-тіршілігін әңгіме өзегі ету арқылы өткен тіршілік-тұрмысты сөйлетіп, кезінде еңбек ауыртпалығын қайыспай көтерген еңбек адамдарын көреміз.
Нұрбұлан Өтепбаевты шығармашылық жеке тұлға ретінде орнықтырған екінші бір арна – өзі білім алған ұясы, бүгінде бейнелеу өнері кафедрасына айналып, еңбек етіп жатқан ұжымы, шапағаты мол ортасы.
Суретшінің халық алдында есеп беретін, еңбегінің нәтижесіне баға беретін көрсеткіштердің бірі – туындыларын көпшілік сынына салып, көрмелерге қою. Осы кезге дейін Нұрбұлан ондаған республикалық және облыстық көрмелерге қатысты. Оның ішінде өз туындылары қойылған арнаулы көрмелер Алматыда, Өскеменде, Павлодарда, Семейде ұйымдастырылды. Бірталайы АҚШ, Жапония, Қытай, Латвия, Ресей, Түркия азаматтарының жеке меншік коллекцияларында ілулі тұр. Ол белсенді шығармашылық қызметі үшін Қазақ бейбітшілік қорғау комитетінің Құрмет грамотасына ие болды.

Семей облысының әкімінің «Өнер» қайырымдылық қорының степендианты (1996), Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі (1997) атанды. 2000 жылы қала әкімі Н. Омаров мәдениетті қолдау жылының қорытындысын қарап, «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша лауреаттық ескерткіш дипломды табыс етті.
Нұрбұлан оқытушылық қызметті шығармашылық жұмыспен шебер үйлестіре білген адам. Ол ондаған ғылыми мақалалардың авторы. 2001 жылы баспадан оның «Сурет – бейнелеу өнерінің негізі» атты бейнелеу өнері бойынша оқып жүрген студенттер мен оқушыларға , көркем сурет колледждері және жоғарғы оқу орындарының көркемсурет факультеттері мен бөлімдеріне арналған оқу құралы жарық көрді. Осы еңбегі және көп жылғы шәкірттер тәрбиелеген оқу-ғылыми қызметі үшін Н.Өтепбаевқа Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ғылыми кеңесінің шешімімен профессор атағы берілді (2001).
Ол сонымен қатар Семей өңірінде алғашқы суретшілердің бірі болып, жерлес ақын-жазушылардың кітаптарына иллюстрациялар жасады. Олардың арасында белгілі адамдар Р. Мусин, Е.Сыдықов, Б.Ерсәлімов, Т. Досаев, М. Алин, М. Оспановтардың кітаптары бар.
«Семей» мемлекеттік университетінің және Семей мемлекеттік медициналық академиясының елтаңбасын жасады. Нұрбұлан Өтепбаев сынды суреткердің туындылары өткен өмірден шежіредей сыр тартып, бүгінмен ой-аңсарыңды ортақтастырып, келешегіңе жарқын үмітпен қарата алады. Шебердің суреттері Абайдың тарихи мемориалдық мұражайында сақтаулы. Невзоровтар отбасы атындағы мұражайда 14 – шығармасы, жанрлық композициясы, пейзаждары сақтаулы.
Н.Өтепбаевтың графикасын АҚШ – та , Жапонияда , Қытайда, Латвияда , Ресейде және Қазақстандағы жеке коллекциялардан кездестіруге болады.
Нұрбұлан бір кездері ұмытылып кете жаздаған қазақы ою-өрнекті салу үрдісін жаңаша формада жаңғыртушылық қасиетті танимыз. «Сурет – бейнелеу өнерінің негізі», «Сурет салу процесінде әдістемелік тәсілдерді меңгеруді қалыптастыру», «Композиция орнамента» сияқты оқу құралдары мен иллюстрациялық альбом-кітаптарының авторы, Семей пединститутының көркем-сурет және графика кафедрасының профессоры Н.Өтепбаев өзінің тағы бір үлкен туындысымен қала жұртшылығын тәнті етті. Ол «Қазақ ою-өрнегі: дәстүр және қазіргі заман» атты иллюстрациялық кітабы.
Қазақстан Республикасының Суретшілер және дизайнерлер Одағының мүшесі, облыс басшысы диполмының лауреаты атанып, грамоталарының иегері болып жүрген – Нұрбұлан Нұғыманұлы сурет болмасын, дизайн болмасын барлығын алсаң да, озық ойларымен алда жүреді.
Белсенді шығармашылық жұмысы үшін Н.Өтепбаев Қазақ бейбітшілік қорғау комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Өтепбаев кітап графикасына да қалам тартады. 1997 жылы М.Оспановтың «Сандықтас» өлеңдер жинағында Б.Ерсайыновтың «Бастан кешкен» романына иллюстрация жасайды. Шебердің суреттері Абайдың Республикалық тарихи мемориалдық мұражайында сақтаулы. Н.Өтепбаевтың графикасын АҚШ – та, Жапонияда, Қытайда, Латвияда, Ресесйде және Қазақстандағы жеке коллекциялардан кездестіруге болады.

Әдебиеттер:

Құмар А. Әр туындысында – ұлттық өрнек // Ертіс өңірі .- 2006.- 16 ақпан .- Б.3
Кайназарова А. Мое творчество-моя вера // Желание души.- 2001.- 12 октября
Назаренко Ю. Награды деятелям культуры // Семипалатинские вести .- 2002.- 3 мая.- с.10
Презентация книги: О презентации книги Семипалатинского художника Н.Утепбаева «Казахский орнамент» // Сегодня.- 2006.- 9 февраля.- с.3

Протопопов Вячеслав

В.В.Протопопов живописьші, график Семейде туды. 1977 жылы Мәскеу жоғары көркемсурет – өнеркәсіптік училищесін бітірген. Қазақ көркемсурет қорында, Уфада, Семейде көркемсурет шеберханасында жұмыс істеді. Көптеген қалалық, республикалық көрмелерге қатысты. Пейзаж, натюрморт, портрет жанрында жазды. Қазіргі уақытта суретшінің пейзаж, натюрморт, портрет жанрында жазылған картиналары Достоевский әдеби-мемориалдық мұражайында, Невзоровтар отбасы мұражайында, Абай атындағы қорық-мұражайда сақтаулы. Сондай-ақ Мәскеу қаласында, АҚШ – та, Жаңа Зеландиядағы жеке коллекцияларда сақтаулы. В. Протопопов көптеген жылдар бойы Воскресенск соборында суретші, шіркеу хорының әншісі болып қызмет істеді.
2005 жылдың жазында суретшінің көрмесі Ф.Достоевский мұражайында ашылып, көрерменін қуантты. Суретшінің Америкадан әкелген жаңа жұмыстары «Американский альбом» негізінен этюд, суреттеме жанрларында орындалған. Суретші 2004 жылдың қараша айынан АҚШ-тың Оклахама – сити қаласындағы ғибадатхананы өрнектеу, шығармашылық жұмысымен айналысып жүр. Америкада суретшіге ғибадатхананы өрнектеуге 70-150 – дей адам көмектесіп жатыр.
Өзінің суреттемелері жайында, ол қолы бос кезінде қалаға шығып, қала маңайындағы Америка өмірінің қызықты жерлерін сурет бетіне түсірген.

Әдебиеттер:

Секенов С. Протопопов из Оклахома – сити // Семипалатинские вести .- 2005.- 15 июля.- с. 4

Сухов Е.В.

Е.В. Сухов график, живописьші. Семейде туған. Бала кезінде –ақ әке-шешесі суретші болғандықтан, кенептер мен бояулардың ортасында өсті.
1975 жылы Семей педагогикалық инстиутының көркемсурет графика факультетін бітірді. Балалардың көркемсурет мектебінің директоры, КГФ – де живопись кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істеді. Көптеген көрмелерге белсенді қатысты. Суховтың жұмыстарында кәсіби шеберлік, дәлдік, түстерді таңдаудағы талғампаздық тән. Оның орындауындағы графикалық портреттер мен живописьтік жұмыстары лиризмге толы пейзаждары көз қуантады.

Әдебиеттер:

Шығыс Қазақстан облыстық Семей қаласындағы Невзоровтар атындағы бейнелеу өнері мұражайы.- Семей, 2003.- 158 б.

Татиев Талғат

Татиев Талғат Әбікенұлы 1966 жылы 7 қарашада бұрынғы Семей облысы, Мақаншы ауылында туған. 1991 жылы Семей педагогика институтын бітірген. 1997 жылға дейін Невзоровтар отбасы атындағы мұражайда суретші-реставратор болды. Сол жерде қалалық жыл сайынғы сурет көрмелеріне қатысып жүрді: «Күзгі салон», «Мен өмір сүремін» көрмесінде ( 1994 ж.) 1997 жылы суретші А.Е. Махномен бірге «САК» тобын құрады.
1998 жылы суретшілер тобы Алматылық «Вояджер» галереясында бірлесіп жұмыс істейді. Астаналық көркемсурет өміріне белсене араласып, Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік бейнелеу өнері мұражайының галереялар парады көрмесіне жұмыстары қойылды. Сол жылы «САК» тобы Сорос қорының грантын жеңіп алып, Семейде суретшілердің «Барлық елдердегі Семейліктер бірігіңдер» көркемсурет акциясын өткізді.
2003 жылдан бастап Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің бейнелеу өнері және дизайн кафедрасында еңбек етеді.

Әдебиеттер:

Биданова А. Мелодия Талгата Татиева // Семипалатинские вести.- 2006.- 13 апреля.- с.5

Тәтиев Ертіс

Ертіс Тәтиев 1957 жылы мамырдың 17-де Саржал ауылында дүниеге келді. 1974 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін, сол кездегі саясаттың әмірімен қой өсірушілер комсомол-жастар бригадасында еңбек етіп, 1976-1978 жылдары әскери борышын өтегеннен кейін, Семейдің Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институтының көркем сурет графика факультетін 1983 жылы бітірген Саржал ауылының тұрғыны, Ш. Тоқжігітов атындағы орта мектептің мұғалімі Ертіс Исайынұлының осындай өнерге үлес қосқан талантты шебер екендігінде дау жоқ.
1985 жылы Ұлы Отан соғысының жеңісінің 40 жылдығына арналған «Белгісіз солдат» ескерткіші, 1989 жылы Ұлы Отан соғысына арналған тағы бір «Белгісіз солдат» ескертіші Қасқабұлақ ауылында 1998 жылы «Ауыл шежіресі», «Еңбек даңқы» аллеясын жасауда қажымай еңбек етіп, терін төге білді.
Абыралы өңірінің талантты бір туар ақыны Төлеужан Исмайловтың 60 жылдығы қарсаңында Таңат ауылында сол кездегі директоры Қапжаппар Рахимовтың ұсынысымен ақынға арнап, мазар зиратты қалап шығудағы шеберлігі халық көңілінен шықты. Қазақстан мемлекеті егемендік алып, халыққа имандылық жолы қайта оралған кезде Саржал ауылындағы ауылдық кеңеске салынған ғимаратты өз қаражатына сатып алған ауыл кәсіпкері Нұрсамат Есенғарин мырза осыны халық келетін киелі орын – Алланың үйі мешітке айналдыруды сұрады. Қазақи ою-өрнекпен өрнектелген, қабырғаларына Құран-Кәрімнен үзінділер жазған осы мешіт ғимараты әлі жұмыс істеп тұр.
1998 жылы Ақбұлақ кеңшарының басшысы Мадияр Ербалин мырзаның сол кеңшар жерінде қажы елді мекеніндегі әулие, киелі қажы сапарына екі рет барып қайтқан Сеңкібай қажыға арналған мазарды салуға осы Ертіске таңдауы түскен еді. Биікігі 9 метр, ені мен көлденеңі 5х5 метр болатын мазарды қажының бұрынғы зиратының сыртынан Ертістің ақ кірпішінен өрнектеп отырып, төменгі қабаты төрт бұрышты, орта бөлігі сегіз қырлы, үстіңгі бөлігі күмбезге ұласқан осы мазар халық көңілінен шықты. Сонымен қатар мазардың алдыңғы алаңынан Абыралы өңірінің 40 қажысы габра тасына ойылып жазылды. Әулие адамдарға арналған үй де тұрғызылды.
1999 жылы Қайнар елді мекеніндегі халыққа танымал емші Сақайып қажыға арналаған мазар құрлысында Ертіс үлкен шеберлігімен көзге түсті, осындағы қос күмбезді мазар күнге шағылысып тұр. Мазар сырты Маңғыстаудың ақ тасымен өрнектелген. Мазар құрлысынан өзіндік ерекшелігі бар қас шебердің қолы екендігі даусыз көрініп тұр.
Қазір Ертіс Исайынұлы Саржал ауылындағы Ш.Тоқжігітов атындағы мектебінде еңбек инструкторы, сурет сызу пәнінің оқытушысы. Оқушылармен жасалған қазақ үйдің ағаш макеті көздің жауын алады. Керегелері құралып, уықтары жіппен байланған диаметрі 1метр, биіктігі 60 см. болатын макет тура негізгі қазақ үйінің кішкентай нұсқасы
Алдағы уақытта осы макеттің ішкі жиһаздарын жасау оқу жоспарына қойылып отыр. Жас жеткіншектерге халық қолөнерін үйрету – ұстаздың алға қойған ең негізгі мақсаты. Ер тұрман жасау, домбыра жасау, сандық кебеже жасау еңбек сабағында оқу үрдісіне айналған.
Ал, мектеп ішін безендіру жұмысындағы Ертістің еңбегі орасан зор. Пән кабинеттері, залдар, мәжіліс залы, спорт залы – бәрінде де Ертістің қол таңбасы. Мектеп директоры Ерлан Ақбергенов ұстазға мектептегі мәжіліс залын қайта жабдықтауды ұсынған еді. Қазір жұмыс жасалу үстінде. Мектептегі оқушылар тағып жүрген «Болашақ», «Өрендер», «Балауса» төс белгілері де Ертіс жасаған үлгіде бекітілді. Ауданда өтетін «Ауыл», «Мекеме», күндеріндегі безендіру жұмыстары да Ертістің мойнында.
«Шәкіртсіз ұстаз тұл» дегендей, шәкірттері Берікболов Рахат, Мұқанов Әлем, Қорғанбаев Архат, Абжатов Талғат, Құсайынов Айдын сияқты Ертістің жолын қуған шәкірттері әр жерде еңбек етуде.

Әдебиеттер:

Әлімғазыұлы М. Шебердің қолы ортақ // Ертіс өңірі .- 2003.- 16 мамыр.- Б.30


Третьяков В.И.

В.И. Третьяков – живописьші, еңбек ардагері. Көкшетау облысы, Зеренді ауданы Троицск селосында дүниеге келген. 8 жылдықтан соң, Семей геологиялық-барлау техникумына оқуға түседі, оны 1949 жылы бітіріп шығады.
1954 жылы Владивасток әскери көркемсурет студиясын бітіреді. 1976 жылдан Семей педагогикалық институтында оқытушы. Сонымен қоса, 60 жылдан бері Қазақ көркемсурет қорында жұмыс істеді.
1985 жылы Абай атындағы ҚазПи- дің көркесурет- графика факультетін оқып бітіреді. Республикалық, облыстық, қалалық көрмелерге үзбей қатысып келеді. Третьяковтың жұмыстары қала мұражайларында, сондай-ақ Қазақстан суретшілер одағының Панорамалық көрмелерінде және жеке коллекцияларында сақтаулы.

Әдебиеттер:

Шығыс Қазақстан облыстық Семей қаласындағы Невзоровтар атындағы бейнелеу өнері мұражайы.- Семей, 2003.- 158 б.

Шевченко Александр
43    Александр Шевченко 1927 жылы 22 маусымда Ростов облысының, Ново-Троицк селосында туған. Ұлы Отан соғысының қасіретін басынан өткеріп, концлагердің азабын тартқан ол соғыстан кейін ақталып, Семей ядролық полигонының құрылысына жіберілді. Төрт жыл полигонда қызмет етіп, 1951 жылы әскери қызметтен босайды. Содан бері Семейде тұрды. Суретшінің есімі облысқа , тіпті республикаға танымал. Ол 1986 жылғы көрмеде «Көктем қаракеті», «Ана», «Декабрь», «Немере қыз» туындыларының қайсысында болмасын айтайын деген ойы түсінікті, мазмұн мағынасы айқын. Оның өзін автордың ядролық жарылыстардың зардабын жан-тәнімен сезінген суретші ядролық полигонның, Чернобыль апатының қасіретіне бей-жай қарай алмай, өз картиналарында осы тақырыпты барынша айшықты бейнелеген. Суретші шығармаларын «Азаттық сипаттағы» , «Халықтар достығы», «Пейзаж» жанраларына бөліп қарауға болады. Әсіресе, Ертістің Семей өңіріне қатысты елеулі оқиғалар суретші назарынан тыс қалмайды.
Ядролық полигон зардабын шеккен ел мен жер А. Шевченконың бүкіл шығармашылығының өзегі десе де болады Ал, Ш.Уәлихановтың, Абай мен Шәкәрімнің, М.Әуезовтің суреттері қазақ халқы тарихының әр кезеңін бейнелейді. Осы суреттер топтамасы ұлы Абайдың 150 жылдығына арналып, Алматыда , соңынан Киевте арнайы көрсетілді.
Суретшінің еңбектері Вена, Париж, Брюссель, Мәскеу, Киев, Алматы қалаларының мұражайларында мыңдаған көрерменнің таңдайын қаққызды. Украинаның еңбегі сіңген суретшісі 23 ірі көрменің лауреаты және дипломанты атанды. Шевченконы білетіндер оны Семейдің патриоты дейді. Ол рас. Суретшінің барлық туындыларында дерлік Ертістің Семей өңірі бейнеленген. Жаңа көпір, қарағайлы орман, Жеті терек, Плещеев көлі, Полковник аралы, т.б. бар болмысымен көз алдыңызда. Шығармалары «Көктем қаракеті», «Ана», «Декабрь», «Немере қыз» туындыларының қайсысында болмасын айтайын деген ойы түсінікті, мазмұн, мағынасы айқын. Оның өзін қоршаған ортаға, табиғатқа, зор пейілмен, шынайы көзқараспен, жылылықпен қарайтындығы әрбір шығармасынан білінеді. «Көктемгі қаракет», «Декабрь» шығармалары арқылы туған өлкенің табиғатын суреттегенде суретшінің өз ерекшелігі көзге түседі. Табиғат көркін қазіргі өмір тынысымен байланыстыра суреттейді.

Әдебиеттер:

Асылжанқызы П. Суретші Шевченко // Семей таңы.- 1998.- 10 қыркүйек
Ахметбекқызы А. Қылқалам шебері // Семей таңы.- 1997.- 21 маусым.
Биданова А. Желание создавать свой мир // Рудный Алтай.- 2006.- 27 апреля.- с.38
Бугаев В. Атомному солдату – 75 лет // Казахстанская правда.- 2002.- 25 декабря.- с.6
Мұхамедова Р. Сұлулыққа табынған // Семей таңы .- 2002.- 28 маусым.- б.3
Палу Д. Его картины лечат души // Арна.- 2002.- 28 июня.- с.5
Шевченко В. Нельзя оставить в забвении // Спектр.- 2007.- 3 января.- с.6

Шмидт В.Ф.

В.Ф. Шмидт Семей қаласында туған. 1983 жылы Семей педагогика институтының көркемсурет графика факультетін аяқтаған соң өз шығармашылық жолын Лениногорск қаласының көркем сурет мектебінде бастады. Сол кезеңнің өзінде суретшінің жұмыстарында сүйікті шеберлерінің – А. Модильяни, П.Пикассо, М. Шагалдың ықпалы бар екені байқалады.

1985-1989 жылға дейін Невзоровтар отбасы атындағы мұражайда экскурсовод болып жұмыс істеді. Қазіргі кезде тарихи-өлкетану мұражайында суретші.

1986 жылдан бастап топтық және дербес көрмелердің қатысушысы. 2002 жылы Алматыда «Теңгрі-Ұмай» қоғамдық қоры ұйымдастырған Халықаралық –арт фестивалінің дипломанты болды. «Адамның рухани және физикалық бастауы. Ер адам және әйел – олардың бір-біріндегі және әркімнің өз дүниесіндегі үндестігі. «Туу не және Қайда?» – осы ойды суретші картинада түсініп көрстеуге ұмтылған.

Әдебиеттер:

Биданова А. Тайна Виктора Шмидта // Наше дело.- 2002.- 5 апреля.- с.7
Павлунин В. Международный арт-фестиваль // Казахстанская правда .- 2002.- 21 сентября.- с.8

Яковлев Н.И.
44    Н.И. Яковлев – живописьші, пейзажшы, тақырыптық полотнолар авторы. Ленинград көркемсурет академиясы жанындағы мектепте оқыған. 1942-1944 жылдарда Псков облысындағы партизандық қозғалысқа қатысады. Қызыл жұлдыз орденімен және медальдарымен наградталған. Соғыстан алған жарақаты салдарынан денсаулық жағдайына байланысты Ленинградта қала алмай, тағдырдың еркімен Қазақстанға келеді.

1948 жылы Алматы көркемсурет училищесін тәмамдады. 1950 жылдары Семейге көшіп келеді, ол Семей педучилищесінде сабақ береді, көркемсурет қоры шеберханаларында жұмыс істеді. Қалалық, облыстық, республикалық көрмелерге қатысты. Яковлевтің жұмыстары Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік бейнелеу өнері мұражайы қорында сақтаулы.

Суретшінің 70 шығармасы Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналады. Мұражай коллекциясында суретшінің Ертіс өңіріне арналған пейзаждары мен этюдтері кең орын алады.

Әдебиеттер:

Шығыс Қазақстан облыстық Семей қаласындағы Невзоровтар атындағы бейнелеу өнері мұражайы.- семей, 2003.- 158 б.