Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының Интернет орталығында 2016 жылғы 17-23 мамыр аралығында «Компьютер негіздерін меңгеру» атты тренинг өткізілді.
24 мамыр күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері «Тәуелсіздік мерейтойына – 25 игі іс» акциясы шеңберінде Семей қаласындағы тұрғылықты мекен-жайы жоқ тұлғаларға арналған бейімдеу орталығында «Нақты тұрағы жоқ жандар үшін кітапхана» акциясын өткізді.