57Николай Яковлевич Коншин – Семей өлкесіне бай мұра қалдырған, Семей қаласы мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан, жан-жақты, талантты адам. Ол өз ісіне адалдық, қайырымдылық сияқты жақсы қасиеттерді бойына сіңірген парасатты адам болды. Қазақ халқының адал досы болды.

Н.Я.Коншиннің жалпы зерттеу жұмыстары Семей өлкесіне арналды. Мысалы, «Положение перселенческого  дела и переселенцев в Степном крае», «О памятниках старины в Семипалатиской области», «Очерк экономического быта киргиз Семипалатинской области», «Жандармские наблюдения за семипалатинскими чиновниками», «Заметка об одном киргизком джуте», «К истории открытия Кокпектинского округа» және т.б.

Зерттеуші белсенді қызметі үшін, Орыс Географиялық қоғамы императорының медалімен марапатталды. Н.Я.Коншин бірнеше жыл Семей қалалық думасының мүшесі болды. Ол Семей бөлімшесіндегі Батыс-Сібір қоғамында қызмет атқарды және Семей губерниялық мұрағат қорының бірінші меңгерушісі болды. Қызмет барысында ол мұрағатта сақталған құжаттарға каталог жасады. Каталогқа Ертіс аймағында тұратын ұлт өкілдері туралы ақпаратты өлкенің тарихы туарлы мәліметтерді енгізіп отырды.

Танымал зарттеуші Н.Я.Коншиннің еңбектері Шығыс Қазақстан тарихы, географиясы, этнографиясында негізгі тарихи құндылық болып табылады.

Әдебиеттер:

Нүрекенова А. Өлке тарихын зерттеуде өшпестей ізі қалған: Николай Коншиннің туғанына 150 жыл   // Семей таңы. – 2014. – 22 шілде. – Б. 4.

Теміров Б.  Өлке тарихының өзегі  // Абай. – 2013. – № 2-3. – Б. 8-24