Қазақ футболының ғасырлық мерейтойы: танымдық сағат
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы қызметкерлері 2013 жылдың 13 сәуірінде «Мәдени сенбілік» акциясы аясында Семей көпсалалы колледжінің сутденттеріне арнап «Қазақ футболының ғасырлық мерейтойы» атты тақырыпта танымдық сағат өткізді.
Өткізілген күні: 13 сәуір 2013 жыл. Өткізілген орны: көпсалалы колледж. Қатысушылар: көпсалалы колледж студенттері. Қатысушылар саны: 26. Іс-шараның мақсаты: Қазақстан футболының Отаны Семей қаласында пайда болған ең алғашқы футбол командалары жайында, осы футбол командаларының бірі «Ярыш» командасында ұлтымыздың біртуар азаматы, ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің де ойнағаны жайында ақпараттар бере отырып, өлке тарихына деген қызығушылықтарын арттырып, елжандылыққа тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: Жас ұрпақтың өлке тарихына деген қызығушылығын арттыру, еліміздегі спорт өнерінің дамуы, Қазақстандағы футбол ойынының ең алғашқы даму жолдарын білуге деген талаптарын арттыру.
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы қызметкерлері 2013 жылдың 13 сәуірінде «Мәдени сенбілік» акциясы аясында Семей көпсалалы колледжінің сутденттеріне арнап «Қазақ футболының ғасырлық мерейтойы» атты тақырыпта танымдық сағат өткізді. Танымдық сағат барысында Семей жерінде пайда болған футбол ойыны, оның ең алғашқы ойыншылары, футбол командалары, бұл ойынның өсіп-өркендеуіне үлес қосқан тұлғалар жайында кеңінен әңгімеленді. Алғаш рет Семей жерінде 1913 жылы футбол командалары ұйымдастырылып, Семей Қазақстан футболының Отаны деп есептеліп отыр. Сол кезде құрылған «Ярыш» командасының құрамында кейін әлемге әйгілі жазушы атанған семинарист Мұхтар Әуезов те ойнайды. Бүгінде тарихта «Ярыш» футбол командасының ойыншылары түскен фотосуреттің бір-екі түпнұсқасы ғана сақталыпты. «Ярыш» командасының эмблемасындағы жазу арабша болған. Онда «Ярыш» командасы, «Семипалат» деп жазылған екен. «Ярыш» командасына Семей қаласындағы мұсылмандар мектебінің меңгерушісі, қалалық Думаның мүшесі болған Рахметолла Елкебаев қаржылай көмек көрсетіп, үлкен қамқорлық танытқан. Мұхтар Әуезовпен бірге бұл командада Салах Хисматуллин, Әбдінасар Миршанов, Әміржан Ситдықов, Ахметсәлім Кәрімов, Қасымхан Мұхаммедов, Мұхамедулла Құрманов, Сабыржан Ахмедшин, Гусман Ямбушев секілді жеткіншектер бұл спорт түрінің кең таралуына жол ашты. Сондай-ақ, шара барысында қазақ футболының 100 жылдық мерейтойына әзірлік жұмыстары жайында ақпараттар берілді. Іс-шара соңында студенттер қазіргі футбол командалары жайында УЕФА чемпинонаты жайында өз пікірлерімен бөлісті.