• Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Кітапхана туралы
    • Кітапхана тарихы
    • Кітапхана шежіресі
      • Кітапхана басылымдар беттерінде
      • Кітапхана туралы пікірлер
      • Құттықтаулар
    • Кітапхана ісінің ардагерлері
    • Біздің жетістіктер
    • Пайдалану ережелері
    • Кітапхана ережесі
    • Бөлімдер
    • Автографы гостей библиотеки
  • Ақпараттық ресурстар
    • Шыңғыстаудың үш шыңы
      • Абай Құнанбаев
      • Мұхтар Әуезов
      • Шәкәрім Құдайбердіұлы
    • «Заң» деректер базасы
    • Электрондық каталог
    • Семейлік жергілікті мерзімді басылымдар
    • Жаңа түскен әдебиеттер
    • Мерзімді басылымдар
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Сирек басылымдар
    • Пайдаланушылар назарына
    • Сирек кездесетін кітаптар
    • Сирек өлкетану қоры
    • Анықтамалық басылымдар
    • Сандық жүйедегі әдебиеттер
    • Ұлт зиялыларының асыл мұралары
  • Өлкетану
    • Семей қаласының тарихы
    • Семей қаласының экономикасы
    • Семей өңірінің әдебиеті мен өнері
    • Өлкенің киелі орындары туралы
    • Өлке тұлғалары
    • Өлке туралы жаңа басылымдар
  • Байланыстар
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Кітапхана туралы
    • Кітапхана тарихы
    • Кітапхана шежіресі
      • Кітапхана басылымдар беттерінде
      • Кітапхана туралы пікірлер
      • Құттықтаулар
    • Кітапхана ісінің ардагерлері
    • Біздің жетістіктер
    • Пайдалану ережелері
    • Кітапхана ережесі
    • Бөлімдер
    • Автографы гостей библиотеки
  • Ақпараттық ресурстар
    • Шыңғыстаудың үш шыңы
      • Абай Құнанбаев
      • Мұхтар Әуезов
      • Шәкәрім Құдайбердіұлы
    • «Заң» деректер базасы
    • Электрондық каталог
    • Семейлік жергілікті мерзімді басылымдар
    • Жаңа түскен әдебиеттер
    • Мерзімді басылымдар
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Сирек басылымдар
    • Пайдаланушылар назарына
    • Сирек кездесетін кітаптар
    • Сирек өлкетану қоры
    • Анықтамалық басылымдар
    • Сандық жүйедегі әдебиеттер
    • Ұлт зиялыларының асыл мұралары
  • Өлкетану
    • Семей қаласының тарихы
    • Семей қаласының экономикасы
    • Семей өңірінің әдебиеті мен өнері
    • Өлкенің киелі орындары туралы
    • Өлке тұлғалары
    • Өлке туралы жаңа басылымдар
  • Байланыстар
  • KZ
  • RU
Кіру
Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіАбай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СҰРАҚ ҚОЮ

Онлайн виртуалды анықтама

ҰЗАРТУ

Кітаптарды пайдалану мерзімін ұзарту

БӨЛІМДЕР

Кітапхана бөлімшелері
ЭЛЕКТРОНДЫ КАТАЛОГ

Жаңалықтар

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қалалықтар – майдан үшін: өлкетану қонақжайы

Қалалықтар – майдан үшін: өлкетану қонақжайы

  • 23.04.2019

21 сәуірдегі өлкетану қонақжайының кезекті отырысы Ұлы Отан соғысына орай «Қалалықтар – майдан үшін» деген тақырыппен өткізілді. Сұрапыл соғыс жылдары алыстаған сайын, сол күндердің куәгерлерінің де саны сиреп барады.
Бүгінгі ұрпақтың міндеті – ұмытуға болмайтын соғыс туралы жас жеткіншектердің санасына сіңіріп, адамгершілік, патриоттық рухта тәрбиелеу арқылы Отанын сүюге және қорғауға дәріптеу.

Шара қатысушыларының назарына қаламыздың Ұлы Жеңіске қосқан үлесін растайтын деректер, соның ішінде Брест қорғанын қорғаудағы семейліктердің ерлігі туралы мол ақпараттар ұсынылды. 2016 жылғы зерттеулер бойынша, Брест бекінісін қорғаған семейліктердің саны – 88 адам болған. Соғыс жылдарының басында Семей жерінде 238-ші, 8- ші атқыштар дивизиясы құрылды. Дивизиялар құрамының 70 пайызы қазақ жауынгерлерінен жасақталды, офицерлік құрамы да осындай санды құрады. Жалпы құрылған дивизиялардың құрамы көп ұлтты болды.
Өлкетанушы Л.Б.Кравченко осы дивизиялардың әскери өмірі және 8-ші атқыштар дивизиясы құрамында соғысқан өз әкесі жайлы естеліктерімен бөлісті. Қатысушылар өз жерлестері: Н.Силин, Г.Будник, Ж.Молдағалиев, В.Шулятниковтардың ерліктері мен батырлықтары туралы білді. Соғысқа аттанғанда небары 17-25 жаста болған жерлес жауынгерлер зор жауапкершілікпен бөлімше басқарды, Отанын қорғау үшін бастарын өлімге де тікті.
Қоңақжай отырысынан тыл ардагерлері де қалыс қалмады. № 6 гимназия оқушысы Іңкар Омарова әжесінің «Большевичка» тігін фабрикасында еңбек етіп, Жеңісті жақындатуға қосқан үлесі туралы мақтанышпен айтып берді. Оның әңгімесін жалғастырған келесі шара қонағы да анасының осы фабрикада 24 жасында цех басшысы болып еңбек еткені жайлы естелігімен бөлісті.
Соғыс жылдарында семейліктер еңбек етіп қана қоймай, демалысты дұрыс ұйымдастыруға да көңіл бөле білді. Осы жылдары қалада үш кинотеатр, үш саябақ, үш театр жұмыс істеп тұрған екен. Қала жұртшылығының еңсесін түсірмес үшін музыкалық-би кештері, джаз-концерттер, фильмдер көрсетіліп тұрды. 1944 жылдың қарашасында қалада облыстық айтыс та ұйымдастырылыпты.
Семей қаласы соғыс жылдарында әскерді азық-түлікпен және киіммен қамтамасыз еткен сенімді өндірістік тыл болды. Қалаға басқа жақтан көшіріліп әкелінген кәсіпорындар қаланың жеңіл, тамақ өнеркәсібінің орталығы ретіндегі негізін құрды.
Ұлы Отан соғысына қатысқан туыстары, әкелері туралы Илиуф Х. Ш., Исин А. И., Исаева О. А., Горевалар да естеліктерін ортаға салып, соғыс жәйлі өлеңдер де оқылды. Шара қонақтары Семей қаласының ҰОС-на арналған ескерткіштерімен танысып, соғыс тақырыбында әндер мен қазіргі қазақстандық «Мотороллер» тобының композициясы тыңдалды.
1942-1944 жылдары жарық көрген кітапхананың сирек қорындағы газеттер, кітаптар, сондай-ақ әскери құжаттар, қалалықтардың жеке мұрағаттарынан хаттар, ҰОС артефактілері және біздің қаламыздың коллекционерлері ұсынған соғыс кезеңіндегі монеталар, маркалар, қару-жарақтардан жасақталған көрме қатысушылардың назарына ұсынылып, үлкен қызығушылыққа ие болды.

ІЗДЕУ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Абай тұлғасы сирек басылымдарда: онлайн кездесу
05там.2025
Ұлы ұлттың Абайы: танымдық сағат
01там.2025
Абай жазған заң : ақпараттық сағат
01там.2025
Әлем таныған Абай: ақпараттық сағат
01там.2025
«ABAY ACADEMIYASY» энциклопедиялық порталы: тұсаукесер
01там.2025

НАВИГАЦИЯ

  • Негізгі бет
  • Кітапхана жаңалықтары
  • Іс-шаралар афишасы
  • Кітапхана шежіресі

ОҚЫРМАНЫ ҮШІН

  • Анықтама қызметі
  • Кітапты ұзарту
  • Бөлімдер
  • Байланыстар

БАЙЛАНЫСТАР

Адрес: Қазақстан, Абай облысы, Семей қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 86 ү.
Индекс: 071400
тел.: 8(7222) 52-04-94, 52-38-87
факс: 520-494
e-mail: semeybib@yandex.kz

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

САЙТТА ТІРКЕЛУ

Кіру | Тіркеу

Login with your site account

Lost your password?

Not a member yet? Register now

Register a new account

Are you a member? Login now