2019 жылдың мерейтойлы кітаптары: бенефис-көрме
17 шілде күні Абай атындағы кітапханада пайдаланушылардың назарына «2019 жылдың мерейтойлы кітаптары» атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітап көрмесіне 2019 жылы мерейтойлары аталып өтілетін кітаптар қойылды. Биылғы жылы көптеген кітаптар өздерінің үлкенді-кішілі мерейтойларын тойлау үстінде . Кітаптар арасында қазақ, орыс классикасы, таяу және алыс шетел әдебиеттері қойылды. Биыл қазақ кла ссикасының бірнеше шығармалары өздерінің мерейтойларын атап өтуде. Солардың бірі қазақ эпосы «Алпамыс батыр» жыры 1899 жылы өзінің баспадан шыққанына 120 жыл толған мерейтойын тойлады. С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» романына 105 жыл, ал ең жас мерейтой кітапқа 40 жас, ол С. Жүнісовтің «Ақан сері» шығармасы. М. Әуезовтың «Көксерек» әңгімесіне – 90 жыл, С. Мұқановтың «Адасқандар» – 90 жыл, Ж. Жабаевтың «Сұраншы батыр» поэмасына – 80 жыл, С. Ерубаев «Менің құрдастарым» – 80 жыл, К. Оразалин «Ақжазық» шығармасына 60 жыл, А. Әлімжановтың «Махамбеттің жебесі» – 50 жыл. Хемингуэй Э. «Қош бол майдан» (1929) – 90 жыл, Гончаров И. А. «Обломов» (1859) – 160 жыл, Островский А. Н. «Гроза» (1859) – 160 жыл,Тургенев И. С. «Дворянское гнездо» (1859) – 160 жыл т.б. бар. Жанрлық мазмұны жағынан мерейтойлық кітаптар әр түрлі: романдар, поэмалар, повестер, әңгімелер. Рекордтық көрсеткіш көрсетіп, ұзақ өмір сүріп келе жатқан мерейтой кітаптар европа классикасы болып табылады. Мәселен, Д.Дефоның «Жизнь и удивительные приключения Робинзона Крузо» романына – 300 жыл, Э.Гофманның «Крошка Цахес по прозванию Циннобер» шығармасына – 200 жыл, Г.Х.Андерсонның «Оле Лукое» ертегісіне – 170 жыл. Осы шығармалардан үзінділер оқылып, оқырмандар өз ойларымен бөлісті.
Көрмені тамашалаушылар 2019 жылғы мерейтойлы кітаптармен танысып, осы кітаптарды тағы бір оқып шығуға мүмкіншілік алды.