• Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Кітапхана туралы
    • Кітапхана тарихы
    • Кітапхана шежіресі
      • Кітапхана басылымдар беттерінде
      • Кітапхана туралы пікірлер
      • Құттықтаулар
    • Кітапхана ісінің ардагерлері
    • Біздің жетістіктер
    • Пайдалану ережелері
    • Кітапхана ережесі
    • Бөлімдер
    • Автографы гостей библиотеки
  • Ақпараттық ресурстар
    • Шыңғыстаудың үш шыңы
      • Абай Құнанбаев
      • Мұхтар Әуезов
      • Шәкәрім Құдайбердіұлы
    • «Заң» деректер базасы
    • Электрондық каталог
    • Семейлік жергілікті мерзімді басылымдар
    • Жаңа түскен әдебиеттер
    • Мерзімді басылымдар
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Сирек басылымдар
    • Пайдаланушылар назарына
    • Сирек кездесетін кітаптар
    • Сирек өлкетану қоры
    • Анықтамалық басылымдар
    • Сандық жүйедегі әдебиеттер
    • Ұлт зиялыларының асыл мұралары
  • Өлкетану
    • Семей қаласының тарихы
    • Семей қаласының экономикасы
    • Семей өңірінің әдебиеті мен өнері
    • Өлкенің киелі орындары туралы
    • Өлке тұлғалары
    • Өлке туралы жаңа басылымдар
  • Байланыстар
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Кітапхана туралы
    • Кітапхана тарихы
    • Кітапхана шежіресі
      • Кітапхана басылымдар беттерінде
      • Кітапхана туралы пікірлер
      • Құттықтаулар
    • Кітапхана ісінің ардагерлері
    • Біздің жетістіктер
    • Пайдалану ережелері
    • Кітапхана ережесі
    • Бөлімдер
    • Автографы гостей библиотеки
  • Ақпараттық ресурстар
    • Шыңғыстаудың үш шыңы
      • Абай Құнанбаев
      • Мұхтар Әуезов
      • Шәкәрім Құдайбердіұлы
    • «Заң» деректер базасы
    • Электрондық каталог
    • Семейлік жергілікті мерзімді басылымдар
    • Жаңа түскен әдебиеттер
    • Мерзімді басылымдар
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Сирек басылымдар
    • Пайдаланушылар назарына
    • Сирек кездесетін кітаптар
    • Сирек өлкетану қоры
    • Анықтамалық басылымдар
    • Сандық жүйедегі әдебиеттер
    • Ұлт зиялыларының асыл мұралары
  • Өлкетану
    • Семей қаласының тарихы
    • Семей қаласының экономикасы
    • Семей өңірінің әдебиеті мен өнері
    • Өлкенің киелі орындары туралы
    • Өлке тұлғалары
    • Өлке туралы жаңа басылымдар
  • Байланыстар
  • KZ
  • RU
Кіру
Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіАбай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СҰРАҚ ҚОЮ

Онлайн виртуалды анықтама

ҰЗАРТУ

Кітаптарды пайдалану мерзімін ұзарту

БӨЛІМДЕР

Кітапхана бөлімшелері
ЭЛЕКТРОНДЫ КАТАЛОГ

Жаңалықтар

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Абай мұрасы: онлайн конференция

Абай мұрасы: онлайн конференция

  • 30.10.2020

«Кітапханашылардың Қостанай облыстық қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің  ұйымдастыруымен 30 қазан күні «Абай мұрасы» аудандық ғылыми-тәжірибелік конференциясы ұйымдастырылды. Шараға Қостанай ауданы мектептерінің мұғалімдері мен оқушылары, мәдениет саласының қызметкерлері қатысты.

Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай қостанайлық оқырман қауымға Абай мұралары мен ақынның қайраткерлік тұлғасын көрсететін дереккөздерді жан-жақты таныстыруға арналған шара барысында қостанайлық жас ғалымдар және кітапханамыздың директорының орынбасары Г.М. Аязбаева мен мерзімді басылымдар бөлімінің меңгерушісі Ж.Ә. Манжибаева баяндама жасады. Қонференцияға қатысушылар Абай атындағы кітапхананың сирек басылымдар қорындағы құнды басылымдармен танысты.

«Абай және кітапхана» тақырыбында баяндама жасаған әріптесіміз  Абай есімімен тығыз байланысты кітапхананың тарихы туралы баяндап, данышпан ақынның қоғамдық кітапхананың оқырманы болғандығы жөнінде  американ жазушысы, публицист Дж. Кеннанның жазған «Сибирь и ссылка» атты документті зерттеу еңбегінің мазмұнына тоқталды. Абайдың өмірбаянын жазған Кәкітай Ысқақұлы және белгілі абайтанушы ғалымдар Әбіш Жиреншин мен Қайым Мұхамедхановтардың зерттеу еңбектерінен тағылымды деректер келтірді.

Ұлы ақынның қайраткерлік тұлғасын танытатын сирек өлкетану басылымдары оқырмандарға қашан да қызықты. Кітапхананың сирек қорындағы ұлы ақынның көзі тірісінде-ақ ол жайлы жазылған дереккөздер: «Памятная книжкалар», «Отчет общества попечения о начальном образовании за 1893/94 год», «Семипалатинские областные ведомости за 1894 год» басылымдары тыңдармандар үшін құнды дереккөздер болды. Кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлы және Шәкәрімнің, Мұхтар Әуезовтің атасы Әуез Бердіқожаұлының мал-басы, жан санағынан мол ақпарат берер «Сельскохозяйственный обзор Семипалатинской области за 1914 год» басылымы абайтанушылардың назарын ерекше аудартты.

Әріптестеріміздің баяндамаларынан кейін шара қостанайлық жас ғалымдардың «Абай Кунанбаев и его время», «Хакім Абайдың музыкалық мұрасы», «Абай мұрасы және оның маңыздылығы» тақырыптарындағы мағыналы да мазмұнды баяндамаларымен жалғасты.

Ұлы Абайдың мұрасы мен ақынның қайраткерлік тұлғасынан мол мағлұмат берген конференция өте мазмұнды және тағылымды шара болды.

ІЗДЕУ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мен жаздың суретін саламын: асфальтта сурет салу
10шіл.2025
Әдебиет – ардың ісі: кең көлемді кітап көрмесі
08шіл.2025
Астана: кеше, бүгін, ертең: ақпараттық сағат
03шіл.2025
«Алаш» электрондық кітапханасы – қазақ зиялыларының мұрасын сақтаушы цифрлық орта: электрондық кітапхана таныстырылымы
03шіл.2025
Сарбаз. Ұстаз. Жазушы: кітап көрмесі
13мау.2025

НАВИГАЦИЯ

  • Негізгі бет
  • Кітапхана жаңалықтары
  • Іс-шаралар афишасы
  • Кітапхана шежіресі

ОҚЫРМАНЫ ҮШІН

  • Анықтама қызметі
  • Кітапты ұзарту
  • Бөлімдер
  • Байланыстар

БАЙЛАНЫСТАР

Адрес: Қазақстан, Абай облысы, Семей қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 86 ү.
Индекс: 071400
тел.: 8(7222) 52-04-94, 52-38-87
факс: 520-494
e-mail: semeybib@yandex.kz

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

САЙТТА ТІРКЕЛУ

Кіру | Тіркеу

Login with your site account

Lost your password?

Not a member yet? Register now

Register a new account

Are you a member? Login now