Татар кітап мәдениеті: этнографиялық кітап көрмесі
9 қыркүйек күні Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында Семей қаласындағы Татар өнер мектебінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған “Қазақстан татарларының ұлттық игілігі: өткені, бүгіні және болашағы” атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға Татарстаннан келген қонақтар, ғалымдар, өлкетанушылар, қоғам қайраткерлері, татар қоғамдық ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Шарада татарлардың мәдениеті, тілі, көркем әдебиеті, этнографиясы мен тарихының сан алуандығын ашатын кітаптар ұсынылып, «Татар кітап мәдениеті» этнографиялық кітап көрмесі конференцияның маңызын аша түсті. Кітаптардың ішінде конференцияға қатысушылардың назарын Ф. Х. Валеев, Г. Ф. Валеев-Сулейманов “Татарстанның ежелгі өнері” сияқты басылымдар қызықтырды, олар Татарстан аумағында және Орта Еділ аймағында өнердің даму мәселелерін ашып, негізінен татар ұлтының жетекші компоненттерінің бірі – Волга булгарының мәдени тарихына қатысты ерекше көркемдік құбылыстарды қарастырады.
Көркем суреттелген “Татар кітабы” басылымынан конференцияға қатысушылар орта ғасырдан қазіргі уақытқа дейінгі кезеңді қамтитын әдеби-көркем, ғылыми, қоғамдық-діни мазмұндағы татар кітаптарының ең жақсы үлгілерімен танысты. “Татар тақиялары” буклетінің иллюстрациялары мен сипаттамаларынан оқырмандар татарлардың ұлттық тақияларының кестелеу және тігу стилі туралы білді. Көрмеде татар жазушыларының татар, қазақ және орыс тілдеріндегі көркем әдебиет кітаптары кеңінен ұсынылды, олардың ішінде Мұса Жалил, Ғабдолла Тоқай, Мәжит Гафури, Кави Нажми және т.б. авторлардың кітаптары бар.
Көрменің нағыз әшекейі татар этнографиялық мәдени орталығы ұсынған этнографиялық экспонаттар болды, экспонаттардың ішінде татар халық костюмінің элементтері, ұлттық татар киіміндегі қуыршақ, тақиялар, ұлттық кестелер, шілтер және төсек жапқыштар болды.