• Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Кітапхана туралы
    • Кітапхана тарихы
    • Кітапхана шежіресі
      • Кітапхана басылымдар беттерінде
      • Кітапхана туралы пікірлер
      • Құттықтаулар
    • Кітапхана ісінің ардагерлері
    • Біздің жетістіктер
    • Пайдалану ережелері
    • Кітапхана ережесі
    • Бөлімдер
    • Автографы гостей библиотеки
  • Ақпараттық ресурстар
    • Шыңғыстаудың үш шыңы
      • Абай Құнанбаев
      • Мұхтар Әуезов
      • Шәкәрім Құдайбердіұлы
    • «Заң» деректер базасы
    • Электрондық каталог
    • Семейлік жергілікті мерзімді басылымдар
    • Жаңа түскен әдебиеттер
    • Мерзімді басылымдар
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Сирек басылымдар
    • Пайдаланушылар назарына
    • Сирек кездесетін кітаптар
    • Сирек өлкетану қоры
    • Анықтамалық басылымдар
    • Сандық жүйедегі әдебиеттер
    • Ұлт зиялыларының асыл мұралары
  • Өлкетану
    • Семей қаласының тарихы
    • Семей қаласының экономикасы
    • Семей өңірінің әдебиеті мен өнері
    • Өлкенің киелі орындары туралы
    • Өлке тұлғалары
    • Өлке туралы жаңа басылымдар
  • Байланыстар
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Кітапхана туралы
    • Кітапхана тарихы
    • Кітапхана шежіресі
      • Кітапхана басылымдар беттерінде
      • Кітапхана туралы пікірлер
      • Құттықтаулар
    • Кітапхана ісінің ардагерлері
    • Біздің жетістіктер
    • Пайдалану ережелері
    • Кітапхана ережесі
    • Бөлімдер
    • Автографы гостей библиотеки
  • Ақпараттық ресурстар
    • Шыңғыстаудың үш шыңы
      • Абай Құнанбаев
      • Мұхтар Әуезов
      • Шәкәрім Құдайбердіұлы
    • «Заң» деректер базасы
    • Электрондық каталог
    • Семейлік жергілікті мерзімді басылымдар
    • Жаңа түскен әдебиеттер
    • Мерзімді басылымдар
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Сирек басылымдар
    • Пайдаланушылар назарына
    • Сирек кездесетін кітаптар
    • Сирек өлкетану қоры
    • Анықтамалық басылымдар
    • Сандық жүйедегі әдебиеттер
    • Ұлт зиялыларының асыл мұралары
  • Өлкетану
    • Семей қаласының тарихы
    • Семей қаласының экономикасы
    • Семей өңірінің әдебиеті мен өнері
    • Өлкенің киелі орындары туралы
    • Өлке тұлғалары
    • Өлке туралы жаңа басылымдар
  • Байланыстар
  • KZ
  • RU
Кіру
Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіАбай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СҰРАҚ ҚОЮ

Онлайн виртуалды анықтама

ҰЗАРТУ

Кітаптарды пайдалану мерзімін ұзарту

БӨЛІМДЕР

Кітапхана бөлімшелері
ЭЛЕКТРОНДЫ КАТАЛОГ

Жаңалықтар

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Атом улаған дала: Қазақстанның бомбадан бас тарту жолы: тұсаукесер

Атом улаған дала: Қазақстанның бомбадан бас тарту жолы: тұсаукесер

  • 04.10.2022

4 қазанда Абай атындағы облыстық кітапханада Герман Қоғамдық Қауымдастығы «Қазақстандағы Фридрих Эберт атындағы қорының» өкілдігімен бірлесіп, Олбани университеті (Нью-Йорк – Олбани штаты), саяси зерттеулер орталығы жанындағы Халықаралық қауіпсіздік, коммерция және экономика саласындағы мемлекеттік басқару жөніндегі жобаның аға ғылыми қызметкері, Тоғжан Қасенованың «Атом улаған дала: Қазақстанның бомбадан бас тарту жолы» атты қазақ тіліндегі кітабының тұсаукесері өтті.
Шараға қоғам қайраткерлері, депутаттар, Семей қаласының зиялы қауым өкілдері, Шәкәрім атындағы университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттері, мәдениет мекемелерінің қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.
Кітап ағылшын тілінде жарық көрді, бұл басылымды қазақ тіліне аударуды Эберт қоры жүзеге асырды. Тоғжан Қасенова өз басылымында Қазақстанның Кеңес Одағынан қалған ядролық қарудан бас тарту туралы тарихи шешімін зерттеп, Семей полигонындағы сынақтардан қазақ халқының көрген азаптарына тоқталады.
Тоғжан Қасенованың «Атом улаған дала» кітабының тұсаукесері Қазақстанның ядролық саясаттағы тарихи шешімдерін, Қазақстанда да, бүкіл әлемде де ядролық қаруды таратпау және қарусыздану саясатын ілгерілету мәселелерінің өзектілігін талқылау алаңына айналды. Абай облысы мәслихатының хатшысы Қуаныш Сүлейменов, «Невада – Семей» ХДМ қозғалысының вице-президенті Сұлтан Картоев, тарихшы, археолог, т. ғ. к. Аматай Исин және басқалар кітаптың маңыздылығы мен өзектілігін, онда қозғалған мәселелерді атап өтіп, авторға ризашылықтарын білдірді.
Сондай-ақ, олар ядролық жарылыстардың жаңғырығы әлі де болса олар жасалған аймақтардағы экожүйеге, адамдардың өмірі мен денсаулығына айтарлықтай әсер ететіндіктен, бұл тақырыпты жиі қозғау қажет екенін атап өтті.
Шараға «Ядролық қарусыз әлем» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, Семей полигонындағы ядролық қару сынақтарының тарихы, оның экологиялық және әлеуметтік салдары, радиоактивті заттардың қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсері, және қазақстандықтардың ядролық сынақтарды тоқтату жолындағы қоғамдық күресі туралы әдебиеттер қойылды.
Шара соңында Шәкәрім университетінің профессоры Мұхтарбек Қарпықұлы Кәрімов Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының партия тарихы кафедрасында қызмет еткен белгілі ұстаз Төлеш Қасенұлы Қасенов Тоғжан Қасенованың атасы екеніне қатты таңғалғанын жеткізді. «70-жылдардың соңына қарай «Семей таңы» газетінде басылған бір мақаласында, ол кісі Семей пединститутының негізін, Орынбордағы пединститут (ТИНО) таратылғанда соны көшіріп әкеліп, Біләл Сүлеевтің қалағанын және осы оқу орнының директоры болып тұрғанда 1931 жылы НКВД қамауға алғанын жазғаны есімде. Кейіннен бұл кісілердің Алматыға көшкендерін білетінмін. ‹…› Мен мұнда ғана емес, Америка сияқты сырт елде жүріп, үлкен ғылыми жетістіктерге қол жеткізіп, еліміздің жақсы атын асқақтатып жүрген қазақ халқының қызына шексіз ризамын және мақтанамын», – деді Мұхтарбек Кәрімов.

ІЗДЕУ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Еліміздің негізгі рәміздері»: ақпараттық сағат
04мау.2025
Рәміздер – біздің рухымыз, біздің бастауымыз: кітап көрмесі
03мау.2025
Оқимыз, ойнаймыз, көңіл көтереміз: мерекелік бағдарлама
02мау.2025
Ш. Қалиақпаров «Жоспармен жойылған тұлға»: кітап тұсаукесері
30мам.2025
Алаштың асыл мұралары: кең көлемді сирек кітаптар көрмесі
30мам.2025

НАВИГАЦИЯ

  • Негізгі бет
  • Кітапхана жаңалықтары
  • Іс-шаралар афишасы
  • Кітапхана шежіресі

ОҚЫРМАНЫ ҮШІН

  • Анықтама қызметі
  • Кітапты ұзарту
  • Бөлімдер
  • Байланыстар

БАЙЛАНЫСТАР

Адрес: Қазақстан, Абай облысы, Семей қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 86 ү.
Индекс: 071400
тел.: 8(7222) 52-04-94, 52-38-87
факс: 520-494
e-mail: semeybib@yandex.kz

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

САЙТТА ТІРКЕЛУ

Кіру | Тіркеу

Login with your site account

Lost your password?

Not a member yet? Register now

Register a new account

Are you a member? Login now