Алаштың ән ұраны: мәні мен мағынасы
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының дамыту бөлімінің меңгерушісі, алаштанушы Нұрқасым Құсмілия Жырғалұлы 2013 жылы 12 желтоқсан күні Өскемен қаласындағы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен «Алаш Орда: қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы және қазіргі заман» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.
Конференцияның қатысушылары Финляндия, Ресей, Қытай елдерінің алаштануды зерттеуші ғалымдары болды. 25 қатысушы конференция тақырыбы бойынша өздерінің ойларын ортаға салып жан-жақты ақпараттар беріп, пікірлерімен бөлісті. Құсмілия Жырғалұлы дөңгелек устел жыйынында «Алаштың ән ұраны: мәні мен мағынасы» тақырыбында Алаш қайраткерлері М.Дулатовтың әні мен Ж.Аймаутовтың сөзіне жазылған «Алаштың ән ұранының» жазылу тарихын, бүгінгі күнгі орындалу деңгейі мен насихатталуы туралы қызықты ақпаратты ортаға салды. Сонымен қатар, Ұлы отан соғысы жылдары орындалған осы ән ұранды алғаш рет Абай атындағы кітапхана қызметкерлері кітапхананың 130 жылдығы қарсаңындағы шарада орындағанын ерекше атап өтті. Бүкіл әлемдік саяси жүйеге өзгеріс әкелген осынау кезеңде Алашорда үкіметі мен оған тірек болған Алаш партиясының қазақ халқының болашағы үшін қарулы күрес жолында да батыл қадамдарымен көзге түседі. 1917-1919 жылдары аралығында Қазақстан кеңістігінде елеулі түрде қоғамдық-саяси қызметімен жан-жақты танылған Алаш немесе Алашорда қозғалысы тарихының тағылымы тәуелсіз Қазақстан мемлекеті қоғамына ықпалы бар деп санаймыз. Ал Алаштың ән ұраны әлі де шырқалады деп сенеміз.