Ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақ СССР Халық ағарту ісінің үздігі», Қазақстан Республиксының халық ағарту саласының құрметті қызметкері, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері.
Арап Слямұлы 1987 жылы «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі» атағына ие болды, 2001 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Алғыс хатымен, 2004 жылы «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі» орденімен марапатталды. Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері», 2010 жылы «Үздік ЖОО оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері, 2012 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, 2011 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен, 2011 жылы «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған. 2012 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, 2015 Абай ауданының Құрметті азаматы.
2017 жылдың желтоқсан айында Қазақстан ғылымын дамытуға және жоғары мектеп үшін ғылыми кадрларды даярлауға қосқан елеулі үлесі үшін Арап Слямұлына Семей қаласының Құрметті азаматы атағы берілді. 2019 жылы «Парасат» орденімен, 2021 жылы Әлихан Бөкейхан атындағы университеттің құрметті профессоры, 2022 жылы Семей қаласындағы «Шәкәрім» университетінің құрметті профессоры, Қазақстанның білім мен ғылым жүйесін дамытуға қосқан ерекше үлесі және жоғары білікті мамандарды даярлаудағы ерекше еңбегі үшін А.Байтұрсынов атындағы орденмен марапатталды. 2024 жылы «Ана тілің дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталған.
2024 жылдың желтоқсан айында Арап Слямұлына «Абай ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Әдебиеттер:
Абай облысының құрметті азаматы атағы табысталды// Ертіс өңірі. – 18 желтоқсан. – 1 б.
Еспенбетов А.// https://semeylib.kz/?page_id=14242
Абай облысының Құрметті азаматы атағы табысталды// https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/902823?lang=kk