• Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Кітапхана туралы
    • Кітапхана тарихы
    • Кітапхана шежіресі
      • Кітапхана басылымдар беттерінде
      • Кітапхана туралы пікірлер
      • Құттықтаулар
    • Кітапхана ісінің ардагерлері
    • Біздің жетістіктер
    • Пайдалану ережелері
    • Кітапхана ережесі
    • Бөлімдер
    • Автографы гостей библиотеки
  • Ақпараттық ресурстар
    • Шыңғыстаудың үш шыңы
      • Абай Құнанбаев
      • Мұхтар Әуезов
      • Шәкәрім Құдайбердіұлы
    • «Заң» деректер базасы
    • Электрондық каталог
    • Семейлік жергілікті мерзімді басылымдар
    • Жаңа түскен әдебиеттер
    • Мерзімді басылымдар
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Сирек басылымдар
    • Пайдаланушылар назарына
    • Сирек кездесетін кітаптар
    • Сирек өлкетану қоры
    • Анықтамалық басылымдар
    • Сандық жүйедегі әдебиеттер
    • Ұлт зиялыларының асыл мұралары
  • Өлкетану
    • Семей қаласының тарихы
    • Семей қаласының экономикасы
    • Семей өңірінің әдебиеті мен өнері
    • Өлкенің киелі орындары туралы
    • Өлке тұлғалары
    • Өлке туралы жаңа басылымдар
  • Байланыстар
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Кітапхана туралы
    • Кітапхана тарихы
    • Кітапхана шежіресі
      • Кітапхана басылымдар беттерінде
      • Кітапхана туралы пікірлер
      • Құттықтаулар
    • Кітапхана ісінің ардагерлері
    • Біздің жетістіктер
    • Пайдалану ережелері
    • Кітапхана ережесі
    • Бөлімдер
    • Автографы гостей библиотеки
  • Ақпараттық ресурстар
    • Шыңғыстаудың үш шыңы
      • Абай Құнанбаев
      • Мұхтар Әуезов
      • Шәкәрім Құдайбердіұлы
    • «Заң» деректер базасы
    • Электрондық каталог
    • Семейлік жергілікті мерзімді басылымдар
    • Жаңа түскен әдебиеттер
    • Мерзімді басылымдар
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Сирек басылымдар
    • Пайдаланушылар назарына
    • Сирек кездесетін кітаптар
    • Сирек өлкетану қоры
    • Анықтамалық басылымдар
    • Сандық жүйедегі әдебиеттер
    • Ұлт зиялыларының асыл мұралары
  • Өлкетану
    • Семей қаласының тарихы
    • Семей қаласының экономикасы
    • Семей өңірінің әдебиеті мен өнері
    • Өлкенің киелі орындары туралы
    • Өлке тұлғалары
    • Өлке туралы жаңа басылымдар
  • Байланыстар
  • KZ
  • RU
Кіру
Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіАбай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СҰРАҚ ҚОЮ

Онлайн виртуалды анықтама

ҰЗАРТУ

Кітаптарды пайдалану мерзімін ұзарту

БӨЛІМДЕР

Кітапхана бөлімшелері
ЭЛЕКТРОНДЫ КАТАЛОГ

Жаңалықтар

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Адамзаттың Абайы: кең көлемді кітап көрмесі

Адамзаттың Абайы: кең көлемді кітап көрмесі

  • 13.02.2025

13 ақпан күні Абай кітапханасында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің үлкен мұрасы саналатын ұлы ақынның шығармашылығын насихаттау мақсатында «Адамзаттың Абайы» тақырыбында кең көлемді кітап көрмесінің ашылу рәсімі өткізілді.
Арнайы ашылу рәсімін кітапхана директоры Мерей Қарт ашып, кітапханада атқарылып жатқан жұмыстарға тоқтала отырып, Абайдың ұлылығы туралы әңгіме өрбітсе, Республикалық «Абай Құнанбаев» қоғамдық қорының президенті Отантай Кәрібжанұлы, ақын өмірінен сыр шертіп, шығармаларының асқақтығы жайында сөз қозғап, кітапханаға өз алғысын білдірді. Тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Кәрімов Мұхтарбек Қарпықұлы Абай еңбектері күллі қазақ баласының мұрасы деген ойларын ортаға салып, ұйымдастырылған шараға өз алғысын жеткізді.
Шара шымылдығын ҚР «Мәдениет және өнер саласының үздігі», Әміре Қашаубаев атындағы сыйлықтың иегері, дәстүрлі әнші Айдан Бауыржанұлының орындауында «Көзімнің қарасы» әнімен басталды.
Көрмеге Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты» КММ ұландары, кітапхана оқырмандары қатысты.
Көрмеде Абайдың шығармалары, ғылыми еңбектері, аудармалары мен өміріне қатысты жазылған зерттеулер қойылды. Сонымен қатар, оның рухани мұрасына деген қызығушылықты арттыру мақсатында Абайдың философиялық ойлары мен өлеңдеріне терең үңілетін әдебиеттер ұсынылды. Кітапханамыздың сирек қорындағы құнды метриалдар мен Абайдың қазақ әдебиетіндегі орны мен мәдениетіміздегі ықпалы жөнінде кітаптар және мақалалар да көпшілікке таныстырылды.
Көрмеде келесі бөлімдер ұсынылды:
«Абай мұрасы – құдіретті сөз әлемі» – бұл бөлімде ақынның өлеңдері мен қара сөздерінен, оның терең ойларынан сыр шертетін кітаптар қойылды. Абайдың сөз өнері, тіл байлығы мен әдебиетке қосқан үлесі ерекше атап өтілді. Ақынның орыс, ағылшын, қытай, өзбек, кәріс, т.б әлем тілдеріне аударылып жарық көрген шығармалары қойылды.
«Абайдың өмірі және қоғамдық қызметі» бөлімінде Абайдың өмірі мен қоғамдық қызметіне арналған биографиялық деректер мен ғылыми зерттеулер көрсетілді. Атап айтқанда, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлының мақалалары, Алихан Бөкейхановтың Абай жөнінде жазған неркологы, Тұрағыл Абайұлының естеліктері мен мақала-әзірлемелері ұсынылды.
«Абайдың ақын шәкірттері» бөлімінде Абайдың шәкірттері мен ізбасарларының шығармашылығы мен Абайтану ғылымындағы рөлі сөз болды. Көкбай Жанатайұлы, Әсет Найманбаев, Әріп Тәңірбергенұлы және т.б. ақын шәкірттерінің әдеби мұралары таныстырылды.
«Абайтану. Ғылым мен зерттеу» бөлімінде Абай шығармашылығының ғылыми тұрғыдан зерттелуі мен әдебиеттанушы ғалымдардың еңбектері М.Әуезов, М. Мырзахметов, Қ. Мұхамедқанов, Ғ. Есім, т.б абайтанушы ғалымдардың іргелі зерттеулері қойылды. Абайтану ғылымы мен оның терең зерттелуі туралы жазылған кітаптар көпшіліктің назарына ұсынылды.
Абайдың шығармашылығын кеңінен таныту мақсатында ұйымдастырылған бұл көрме жыл соңына дейін оқырмандар назарына ұсынылады.

ІЗДЕУ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

М. Оспанов «Абай мұрасының шырақшысы»: кітап тұсаукесері
12мам.2025
Аналарға арналған гүл шоғы: шеберлік сағаты
10мам.2025
Олардың қаруы – пулемет және сөз: К.С. Мәуленовпен онлайн кездесу
08мам.2025
Ерлікке тағзым – ұрпаққа аманат: қалалық поэзия байқауы
08мам.2025
Жеңіс ескерткіштері: онлайн кездесу
08мам.2025

НАВИГАЦИЯ

  • Негізгі бет
  • Кітапхана жаңалықтары
  • Іс-шаралар афишасы
  • Кітапхана шежіресі

ОҚЫРМАНЫ ҮШІН

  • Анықтама қызметі
  • Кітапты ұзарту
  • Бөлімдер
  • Байланыстар

БАЙЛАНЫСТАР

Адрес: Қазақстан, Абай облысы, Семей қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 86 ү.
Индекс: 071400
тел.: 8(7222) 52-04-94, 52-38-87
факс: 520-494
e-mail: semeybib@yandex.kz

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

САЙТТА ТІРКЕЛУ

Кіру | Тіркеу

Login with your site account

Lost your password?

Not a member yet? Register now

Register a new account

Are you a member? Login now