Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Шіл 02

Ғалым кітапханада қонақта

2014 жылдың 2 шілдесінде Абай атындағы кітапханаға жазушы, философ, абайтанушы, ғалым Ғарифолла Есім келді.

3

1960-шы жылдардан кітапхананың тұрақты оқырманы, академик Ғарифолла Есім «Абайдың рухани орталығында» болып, сирек басылымдардың алтын қорымен танысты. Ғалым кітапхана қорындағы өлкетануға қатысты дереккөздер және өзге де құнды жәдігерлердің сақталуына алаңдаушылық білдіріп, ұрпақтан-ұрпаққа аман жетуі үшін өркениетті елдердегідей арнайы зертхана ашу маңыздылығына көңіл аударды. «Адам-зат» зерттеу еңбегіне қолтаңбасын қалдыра отырып, автор кітапхана құндылықтарын мәңгі сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуде, игі істерді дамытуда шығармашылық табыстар тіледі. Жазушыға кітапхана шығарған «Семей өңірінің ақын-жазушылары» сыйға тартылды.