• Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Кітапхана туралы
    • Кітапхана тарихы
    • Кітапхана шежіресі
      • Кітапхана басылымдар беттерінде
      • Кітапхана туралы пікірлер
      • Құттықтаулар
    • Кітапхана ісінің ардагерлері
    • Біздің жетістіктер
    • Пайдалану ережелері
    • Кітапхана ережесі
    • Бөлімдер
    • Автографы гостей библиотеки
  • Ақпараттық ресурстар
    • Шыңғыстаудың үш шыңы
      • Абай Құнанбаев
      • Мұхтар Әуезов
      • Шәкәрім Құдайбердіұлы
    • «Заң» деректер базасы
    • Электрондық каталог
    • Семейлік жергілікті мерзімді басылымдар
    • Жаңа түскен әдебиеттер
    • Мерзімді басылымдар
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Сирек басылымдар
    • Пайдаланушылар назарына
    • Сирек кездесетін кітаптар
    • Сирек өлкетану қоры
    • Анықтамалық басылымдар
    • Сандық жүйедегі әдебиеттер
    • Ұлт зиялыларының асыл мұралары
  • Өлкетану
    • Семей қаласының тарихы
    • Семей қаласының экономикасы
    • Семей өңірінің әдебиеті мен өнері
    • Өлкенің киелі орындары туралы
    • Өлке тұлғалары
    • Өлке туралы жаңа басылымдар
  • Байланыстар
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Кітапхана туралы
    • Кітапхана тарихы
    • Кітапхана шежіресі
      • Кітапхана басылымдар беттерінде
      • Кітапхана туралы пікірлер
      • Құттықтаулар
    • Кітапхана ісінің ардагерлері
    • Біздің жетістіктер
    • Пайдалану ережелері
    • Кітапхана ережесі
    • Бөлімдер
    • Автографы гостей библиотеки
  • Ақпараттық ресурстар
    • Шыңғыстаудың үш шыңы
      • Абай Құнанбаев
      • Мұхтар Әуезов
      • Шәкәрім Құдайбердіұлы
    • «Заң» деректер базасы
    • Электрондық каталог
    • Семейлік жергілікті мерзімді басылымдар
    • Жаңа түскен әдебиеттер
    • Мерзімді басылымдар
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Сирек басылымдар
    • Пайдаланушылар назарына
    • Сирек кездесетін кітаптар
    • Сирек өлкетану қоры
    • Анықтамалық басылымдар
    • Сандық жүйедегі әдебиеттер
    • Ұлт зиялыларының асыл мұралары
  • Өлкетану
    • Семей қаласының тарихы
    • Семей қаласының экономикасы
    • Семей өңірінің әдебиеті мен өнері
    • Өлкенің киелі орындары туралы
    • Өлке тұлғалары
    • Өлке туралы жаңа басылымдар
  • Байланыстар
  • KZ
  • RU
Кіру
Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіАбай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СҰРАҚ ҚОЮ

Онлайн виртуалды анықтама

ҰЗАРТУ

Кітаптарды пайдалану мерзімін ұзарту

БӨЛІМДЕР

Кітапхана бөлімшелері
ЭЛЕКТРОНДЫ КАТАЛОГ

Жаңалықтар

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • «Қазіргі жастар Ұлы Отан Соғысы туралы біле ме»: сауалнама

«Қазіргі жастар Ұлы Отан Соғысы туралы біле ме»: сауалнама

  • 04.05.2015

2015 жылдың сәуір айында 16-30 жас аралығындағы кітапхана оқырмандары арасында сауалнама жүргізілген болатын. Бұл сауалнаманың мақсаты қазіргі жастардың Ұлы Отан Соғысы, ондағы Ұлы Жеңіс туралы қаншалықты құлағдар екенін, соғыс тарихымен танысудағы кітапхананың рөлін зерттеу болды. Сауалнамаға 70 адам қатысты.

Жас шамасына байланысты қатысушылар саны төмендегідей бөлінді: 16 дан 20 жас аралығында – 94,3% (66 адам) және 21 ден 30 жас аралығында – 5,7% (4 адам). Сауалнамаға қатысқандардың 41,4%-ы ер адам болса (29 адам), 58,6%-ы әйел адам (41 адам) болды.
ҰОС болған жылдар (1941-1945 жж.) туралы сұраққа 66 адам (94,3%) дұрыс жауап берсе, 4 адам (5,7%) дұрыс жауапты таңдамаған. Және сәйкесінше, Ұлы Жеңіске қанша жыл толғаны туралы сұраққа 92,9% (65 адам) нақты жауап берсе, 7,1% (5 адам) қате жауапты таңдаған. Панфилов басқарған атқыштар дивизиясы КСРО құрамындағы қай мемлекетте құрылды деген сұраққа – Қазақстан деген дұрыс жауапты 62 адам (88,6%) таңдаса, – Ресей деген қате жауапты 4 адам (5,7%) таңдаса, Белоруссия деген қате жауапты 4 адам (5,7%) белгілеген. Кеңес Одағының батырлары қазақстандық батыр-қыздар Әлия Молдағұлова және Мәншүк Мәметова туралы сауалнамаға қатысқандардың 98,6%-ы (69 адам) білсе, ал екеуін бірдей белгілеген қатысқандардың 90,0% (63 адам) болды. Тек 1 адам (1,4%) Зоя Космодемьянская деген жауапты белгілеген (Кеңес Одағының батыры, РСФСР).
Сауалнамаға қатысқан жастар Ұлы Отан Соғысы туралы ақпараттарды әр түрлі ақпарат көздерінен алады екен: оқу орнындағы тарих пәндерінен – 70,0% (49 адам), соғыс туралы кинотүсірілімдерден – 58,6% (41 адам), соғыс туралы деректі фильмдерден – 50,0% (35 адам), соғыс ардагерлерімен кездесуден – 47,1% (33 адам), көркем әдебиеттер оқудан – – 34,3% (24 адам), туысқандардың естеліктерінен – 24,3% (17 адам) біледі.

График 1
Сауалнамаға қатысқандардың ішінде 38 адам (54,3%) ҰОС туралы оқыған кітаптарын белгіледі, олардың ішінде: оқулықтар, Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя», Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз», Ғабит Мүсірепов «Қазақ солдаты», Ю. Бондарев «Батальоны просят огня», «Горячий снег», М.Шолохов «Судьба человека», В.Суворов «День М», Стихи Н. Балуева «У обелиска», А.Бек «Волоколамское шоссе», А.А.Фадеев «Молодая гвардия» сияқты әдебиеттер бар. Бірақ «Ленинградцы, дети мои» атты өлеңнің авторы Жамбыл Жабаев екенін 41 адам (58,6%) білсе, 28 адам (40,0%) мүлдем білмейді екен, ал 1 адам (1,4%) тіпті өлеңнің авторы Құрманғазы деп жазған екен.
Ұлы Отан Соғысы туралы кітаптарды оқуға қандай себеп болды: өз елінің тарихын білуге деген құштарлық деген жауапты – 54 адам (77,1%), соғыс туралы фильмдерді көру деген жауапты 41 адам (58,6%), мектептегі (колледждегі, ЖОО-дағы) тапсырмалар деген жауапты – 36 адам (51,4%), кітапханашылардың кеңесі деген жауапты – 12 адам (17,1%), ата-ананың кеңесі – 14 адам (20,0%), достардың кеңесі бойынша деген жауапты – 3 адам (4,3%) таңдады.

График 2
Сауалнамаға қатысқан жастардың басым бөлігі Ұлы Отан Соғысы кезіндегі негізгі ұрыс-шайқастар туралы кітаптардан оқыған болатын. Сөйтіп, Ленинград қаласы үшін шайқас туралы әр түрлі кітаптардан 15 адам (21,4%) оқыса, Мәскеу түбіндегі шайқас туралы – 14 адам (20,0%), Сталинград қаласындағы ұрыс туралы – 12 адам (17,1%), Курск қаласы түбіндегі шайқас туралы – 6 адам (8,6%), Берлин үшін шайқас туралы – 4 адам (5,7%) түрлі әдебиеттерден оқыды.
Өкінішке орай, тек қана 2 адам Ұлы Отан Соғысында көрсеткен ерлігі үшін Кеңес Одағының батыры атағын алған 54 семейлік-жерлестердің ішінен Қойгелді Аухадиевті белгілесе, 1 адам Николай Николаевич Силиннің есімін белгіледі. Ал қалғандары не ешқандай жауап бермеді, не мүлдем басқа есімдерді жазып жіберген.
«Кітапхана сізге ҰОС туралы ақпарат толықтыруға көмектеседі ме?» деген сұраққа жас буын төмендегідей жауап берді: ҰОС арналған көрме ұйымдастырылды, сұрапыл жылдарға арналған көптеген іс-шаралар мен кездесу кештеріне қатысамын, кітап таңдауда кеңестер беріледі, кітап парақтарынан көптеген тың дүниелерді білді, өз үйімде соғыс туралы кітаптар бар деп жазған.
Осы сауалнаманы қорытындылай келе, қазіргі жас ұрпақ Ұлы Отан Соғысы туралы, сұрапыл жылдардағы шайқастар туралы білетінін атап айтуға болады. Кітапхана азаматтарға кітап таңдауда көмекші болып табылады, сондықтан ел үшін жанын қиған батырлардың есімі ұмытылмас үшін жастар арасында өлкетану жұмыстарын одан әрі жалғастыру қажет.

ІЗДЕУ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлт рухының жыршысы – Несіпбек Айтұлы: сұхбат алаңы
01жел.2025
ШЫРАЙЛЫ ШЫМҚАЛАДАН – ШҰҒЫЛАЛЫ ШЫҒЫСҚА: шығармашылық кездесу
30қар.2025
Ә.Әбілқасымұлының: кітап тұсаускесері
29қар.2025
Қадыр Мырза Әлі «Ой орманы»: әдеби-танымдық сағат
27қар.2025
Р.Мұқанова «Мәңгілік бала бейне»: оқырмандар конференциясы
26қар.2025

НАВИГАЦИЯ

  • Негізгі бет
  • Кітапхана жаңалықтары
  • Іс-шаралар афишасы
  • Кітапхана шежіресі

ОҚЫРМАНЫ ҮШІН

  • Анықтама қызметі
  • Кітапты ұзарту
  • Бөлімдер
  • Байланыстар

БАЙЛАНЫСТАР

Адрес: Қазақстан, Абай облысы, Семей қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 86 ү.
Индекс: 071400
тел.: 8(7222) 52-04-94, 52-38-87
факс: 520-494
e-mail: semeybib@yandex.kz

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

САЙТТА ТІРКЕЛУ

Кіру | Тіркеу

Login with your site account

Lost your password?

Not a member yet? Register now

Register a new account

Are you a member? Login now