Қазақтың ұлт-азаттық көтерілісі: шерлі шежіре шындығы: хабарлама сағаты
14 маусым күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына арнап, «Қарттар үйі» тұрғындарына «Қазақтың ұлт-азаттық көтерілісі: шерлі шежіре шындығы» атты хабарлама сағатын өткізді.
«Егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас», деп еңіреп өткен ер бабаларымыздың жанкешті ұрпақтары 1916 жылы ұлан-байтақ жеріміздің әртүрлі аймақтарында, атап айтқанда, Жетісудағы Қарқара, Шығыстағы Семей, Бұқтырма, Зайсан, Арқадағы Павлодар, Қарқаралы, Торғай және басқа да өңірлерде ұлт-азаттық күреске білек сыбана шыққан болатын. Бұл күреске халық арасында абыройы асқақ Бекболат, Ұзақ батыр мен Жәмеңке шешен, Тоқаш Бокин сынды қайраткерлер, қол бастаған Амангелді Иманов пен Әліби Жангелдин және Сейітқали Меңдешев секілді ойлы азаматтар басшылық етті. Аталмыш шара барысында ұлт-азаттық көтеріліс туралы ақпарат беріліп, 1938 жылы экранға шықққан Амангелді Иманов жайындағы “Амангелді” фильмі көрсетілді. Шара соңында «Қазақ әдебиетіндегі шерлі шежіре» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.