Рамазан – мейірімділік пен кешірілімдік айы: кітап көрмесі
16 маусым күні Абай атындағы кітапханада «Рамазан- мейірімділік пен кешірімділік айы» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітапхана пайдаланушыларына он екі айдың сұлтаны болған Рамазан айының қасиеті, артықшылығы, пайдасы жайлы кең көлемде ақпарат ұсынылды.
Шараның мақсаты: оқырмандарға мұсылманның бес парызы туралы ұғындыру, имандылық туралы түсінік беру, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Рамазан – он екі айдың сұлтаны, берекелі де кешірімі мол ай. Күнделікті тіршілік қамымен жүретін пенденің жүрегіне бұл айда иман нұры құйылады. Өйткені, ораза адамды тақуалыққа тәрбиелейді. Сабырлық, қайырымдылық, мейірімділік, бауырмалдық секілді адамдық асыл қасиеттер артып, иман күшейеді. Адамның иманы күшейген сайын арсыздықтан арыла бастайды. Рамазан – Алланың мейірімі төгіліп, жұмақтың есігі айқара ашылтын, иманды күшейтуге мүмкіндік берілген берекелі ай. Бұл – Жаратушы Иеміздің ұлы сыйы әрі нығметі.
Кітап көрмесіне ислам тарихы, Қазақстанның дін саласындағы мемлекеттік саясаты, діннің қазіргі заманда алатын орны, дінтану, иман негіздері жайында 37 кітап пен мерзімді басылымдар қойылды. Атап айтар болсақ: С.Әмірғазин «Дін және жауапкершілік», «Бекасыл. Жұлдызнама: Ғибрат кітап», Е.Оңғаров «Қазақ мәдениеті және ислам құндылықтары», «Қасиетті мәуліт», Х.Алтай «Хұтпалар», Ә.Сәдуақасұлы «Дін- тәрбие діңгегі» , М. Ходжсон «История ислама: исламская цивилизация от рождения до наших дней» кітаптары пайдаланушылардың ерекше қызығушылығын туғызды. Аталмыш кітап көрмесі ораза айының соңына дейін жалғасады.