Астана – Еуразия жүрегі: кинозал
2 шілде күні Астана күні мерекесі қарсаңында Абай атындағы кітапхана қызметкерлері балалар бөлімінің оқырмандарына «Гүлдене бер менің Астанам» бейнефильмінің көрсетілімін ұйымдастырды.
Балаларға көрсетілім оңай сұрақтарға жауап беруден басталды: біздің астанамыз қалай аталады, бұрын қалай аталған еді, қай қалада тұрамыз, қазақтардың ұлттық тұрғын үйі қандай, қазақ халық ертегілеріндегі ақылды және қу өтірікшінің аты кім. Шара барысында балалар фильм көру арқылы Астананың өткені туралы, әлемде теңдесі жоқ көрнекті орындары мен сәулет құрылыстары туралы қызықты деректермен танысты. Әңгіме барысында оқушылар Астананың “Бәйтерек”, “Хан Шатыр”, “Думан” ойын-сауық орталығы секілді көрікті жерлері туралы жақсы таным-білімдерін көрсетті. Олар атап өткендей, Астананың өркендеуі – бұл біздің мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі. Шара соңында кітапхана қызметкерлері балаларға “Менің Отаным – Қазақстан” викториналық ойынын өткізді.