• Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Кітапхана туралы
    • Кітапхана тарихы
    • Кітапхана шежіресі
      • Кітапхана басылымдар беттерінде
      • Кітапхана туралы пікірлер
      • Құттықтаулар
    • Кітапхана ісінің ардагерлері
    • Біздің жетістіктер
    • Пайдалану ережелері
    • Кітапхана ережесі
    • Бөлімдер
    • Автографы гостей библиотеки
  • Ақпараттық ресурстар
    • Шыңғыстаудың үш шыңы
      • Абай Құнанбаев
      • Мұхтар Әуезов
      • Шәкәрім Құдайбердіұлы
    • «Заң» деректер базасы
    • Электрондық каталог
    • Семейлік жергілікті мерзімді басылымдар
    • Жаңа түскен әдебиеттер
    • Мерзімді басылымдар
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Сирек басылымдар
    • Пайдаланушылар назарына
    • Сирек кездесетін кітаптар
    • Сирек өлкетану қоры
    • Анықтамалық басылымдар
    • Сандық жүйедегі әдебиеттер
    • Ұлт зиялыларының асыл мұралары
  • Өлкетану
    • Семей қаласының тарихы
    • Семей қаласының экономикасы
    • Семей өңірінің әдебиеті мен өнері
    • Өлкенің киелі орындары туралы
    • Өлке тұлғалары
    • Өлке туралы жаңа басылымдар
  • Байланыстар
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Кітапхана туралы
    • Кітапхана тарихы
    • Кітапхана шежіресі
      • Кітапхана басылымдар беттерінде
      • Кітапхана туралы пікірлер
      • Құттықтаулар
    • Кітапхана ісінің ардагерлері
    • Біздің жетістіктер
    • Пайдалану ережелері
    • Кітапхана ережесі
    • Бөлімдер
    • Автографы гостей библиотеки
  • Ақпараттық ресурстар
    • Шыңғыстаудың үш шыңы
      • Абай Құнанбаев
      • Мұхтар Әуезов
      • Шәкәрім Құдайбердіұлы
    • «Заң» деректер базасы
    • Электрондық каталог
    • Семейлік жергілікті мерзімді басылымдар
    • Жаңа түскен әдебиеттер
    • Мерзімді басылымдар
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Сирек басылымдар
    • Пайдаланушылар назарына
    • Сирек кездесетін кітаптар
    • Сирек өлкетану қоры
    • Анықтамалық басылымдар
    • Сандық жүйедегі әдебиеттер
    • Ұлт зиялыларының асыл мұралары
  • Өлкетану
    • Семей қаласының тарихы
    • Семей қаласының экономикасы
    • Семей өңірінің әдебиеті мен өнері
    • Өлкенің киелі орындары туралы
    • Өлке тұлғалары
    • Өлке туралы жаңа басылымдар
  • Байланыстар
  • KZ
  • RU
Кіру
Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіАбай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СҰРАҚ ҚОЮ

Онлайн виртуалды анықтама

ҰЗАРТУ

Кітаптарды пайдалану мерзімін ұзарту

БӨЛІМДЕР

Кітапхана бөлімшелері
ЭЛЕКТРОНДЫ КАТАЛОГ

Жаңалықтар

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Жаныңда жүр жақсы адам: кездесу кеші.

Жаныңда жүр жақсы адам: кездесу кеші.

  • 19.03.2013

2013 жылдың 19 наурызында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы «Зағиптар және көздері нашар көретін азаматтар үшін Семей кітапханасының» қызметкерлері ұйымдастырған «Жаныңда жүр жақсы адам» кездесу кешіне қатысып қайтты.

Өткізілген күні: 2013 жылдың 19 ақпаны. Өткізілген орны: Семей қаласының Зағиптар және көздері нашар көретін азаматтар үшін кітапханасы. Қатысушылар: кітапхана оқырмандары. Қатысушылар саны: 17 адам. Шараның мақсаты: Зағиптар және көздері нашар көретін азаматтар үшін кітапханасының тұрақты оқырманы, айтулы азамат, Мәдениет қайраткері, сазгер Бекен Жұмановтың өнегелі өмірімен және қол жеткен жетістіктерімен таныстыру. Күтілетін нәтиже: Семей өңірінің мәдениеті мен өнерін өркендетуде аянбай еңбек еткен аяулы ұлдарының ерен еңбектерін насихаттау арқылы қатысушылардың өмірге деген құштарлық сезімдерін арттыру және кітапхана ресустарын пайдалануды қамтамасыз ету.

2013 жылдың 19 наурызында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы «Зағиптар және көздері нашар көретін азаматтар үшін Семей кітапханасының» қызметкерлері ұйымдастырған «Жаныңда жүр жақсы адам» кездесу кешіне қатысып қайтты. Кештің кейіпкері – Бекен Балташұлы Жұманов, көз жанары сау болып тұрған кезінде оқыған-тоқығаны мол, елінің әдебиеті мен мәдениеті үшін өндірте жұмыс жасаған аяулы азамат. 1935 жылы Семей өңірінің Бесқарағай ауданында дүниеге келген Бекен аға қаладағы №11 мектеп-интернатта оқып жүргенде-ақ, музыкалық аспаптарда шебер ойнап, көркемөнерпаздар үйірмесінің белді әншісі болған. Кейіннен педагогикалық институттың қазақ тілі және әдебиет факультетін бітірісімен өзінің ерекше талант иесі екендігімен танылып, облыстық мәдениет басқармасында инспектор, облыстық филаромонияда аға музыкант, көркемдік жетекші, Абай театрында актер болып аянбай тер төге қызмет етті. Ерекше өнерлі азаматтың қызмет еткен жерлері Шұбартау ауданында «Бұлбұл» ансамблін құруға атсалысты, облыстың көптеген жерлерінде мәдениет саласында өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Бекен аға өзінің жарқын өмірінде көптеген игі жақсылармен кездесіп, сұхбаттасқан, атап айтқанда, қазақтың біртуар ұл-қыздары Қ. Бекхожин, Қ.Жармағамбетов, С.Қожамқұлов, Б.Римова, Н.Тлендиев, Б.Омаров, М.Ағзамов, И.Ешекеев, Б.Сыбанов т.б. Ең бастысы, Бекен Балташұлы қазақтың маңдайына біткен аяулы ұлдары, заңғар жазушы М.Әуезов пен батыр Б.Момышұлымен кездесіп, тыңдаған сөздерін көркем тілмен шебер әңгімелеп берді.

m6

Бекен Балташұлы – сазгер, отызға тарта әні бар, ең алғашқы әні «Жастық вальсі» деп аталады. Өзі туралы көп айта бермейтін жақсы аға тыңдаушылардың өтінішін жерге қалтырмай «Шұбартау қыздары», «Құрбыма» деген әндерін нақышына келтіре тенор дауысымен орындап берді. Кенеттен көз жанары бірте-бірте суалып суқараңғы болып қалса да Бекен аға мойымай өмірге деген ерен құштарлығымен жеңе білді. Оның туа біткен талап, талант, өнерге деген сүйіспеншілігі қиыншылықтарды жеңе отырып, үйде отырып қалмай қызметін жалғастыруда. Көп жылдар Семейдегі соқырлар қоғамын басқарды. Брайль жүйесімен кітап оқуға дағдыланып алған Бекен аға кітапханаға жиі-жиі бас сұғып, кітапхана мен клубта өтіп жататын шаралардың басы-қасында бірінші болып атсалысып жүреді. Көзжанары суалған бәйбішесі Бақыт апайдың түр-түрімен істейтін тағамдары тіл үйіретіндігін кітапханашы қыздар мақтанышпен айтты.

Өмірдің ағысынан қалмай алға, тек алға талпынып келе жатқан Бекен Балташұлының тамаша өнегелі өмірі жайында ұйымдастырылған «Айтулы адамдар өмірі» кітап көрмесінің басылымдары құндылығымен таңдандырды. Тұтас мұрағат, ішінде сурет-альбом, түрлі куәліктер, алғыс хаттар, Құрмет грамоталары, газет қиындылары, ноталары сонау 1965-2005 жылдарға дейінгі деректер асыл азаматтың бүкіл өмірін бейнелейді.

Бүкілодақтық халық таланттары байқауының жеңімпазы, «Өз ісінің шебері», «Қаз.ССР Әлеуметтік қамсыздандырудың озық қызметкері», Қазақ Соқырлар Қоғамының құрметті мүшесі, «Мәдениет қайраткері» Бекен Балташұлы Жұмановтың тамаша өмірі осындай. Қатысып отырған замандасы Бикен апай да өткеннен қызықты естеліктер айтып әлі де талмай еңбек ете беруіне тілектестік білдірді. Қалалық мәдениет басқармасының инспекторы да шараның кейіпкеріне таусылмас жетістіктер, зор денсаулық тілеген жүрекжарды сөзін білдірді. Шығыс Қазақстан Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана қызметкерлері ақпан айынан бері бірнеше рет барып, техникалық бағдарламаларды игеру, кітапханалық құралдарды құрастыру, каталогтармен жұмыс істеу, кітап көрмелерінің тақырыптарын ашу, көпшілік жұмыстарын жүргізудің сан түрлі әдістемелерін көрсетіп, іс-тәжірибелерімен таныстырды. Соңынан Зағиптар және көздері нашар көретін азаматтар үшін Семей кітапханасы қызметкерлері мен оқырмандары Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасына өтініштерін білдіріп, болашақта компьютерлер, оның бағдарламалары, оқылатын кассеталарды тексеретін тифломагнитофонға қол жеткізсек деген өтініштерін білдірді.

ІЗДЕУ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлттық рәміз – ұлт рухы: әдеби сағат
05мау.2025
Менің Қазақстаным: ақпараттық сағат
04мау.2025
«Еліміздің негізгі рәміздері»: ақпараттық сағат
04мау.2025
Рәміздер – біздің рухымыз, біздің бастауымыз: кітап көрмесі
03мау.2025
Оқимыз, ойнаймыз, көңіл көтереміз: мерекелік бағдарлама
02мау.2025

НАВИГАЦИЯ

  • Негізгі бет
  • Кітапхана жаңалықтары
  • Іс-шаралар афишасы
  • Кітапхана шежіресі

ОҚЫРМАНЫ ҮШІН

  • Анықтама қызметі
  • Кітапты ұзарту
  • Бөлімдер
  • Байланыстар

БАЙЛАНЫСТАР

Адрес: Қазақстан, Абай облысы, Семей қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 86 ү.
Индекс: 071400
тел.: 8(7222) 52-04-94, 52-38-87
факс: 520-494
e-mail: semeybib@yandex.kz

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

САЙТТА ТІРКЕЛУ

Кіру | Тіркеу

Login with your site account

Lost your password?

Not a member yet? Register now

Register a new account

Are you a member? Login now