Әншілер
Семей – қазақ өнері мен мәдениетінің, асыл ой, ардақты есімдерінің Отаны да, ордасы болған және бола береді де. Үлкен өнер жолындағы тұлғаларға туған жерінің қасиеті дариды демекші – Абай, Шәкәрім, Мұхтар туған ұлылар мекенінде дүниеге келген және туған жерінде еңбек етіп жатқан, әсем дауыстарымен, сырлы да сазды әндерімен елін, жерін сүйсінткен мақтан тұтарлық өнерпаз талантты әншілеріміз жетерлік. Олардың Семейге бергені де, Семейден алғандары да мол. Атап айтқанда, ән атасы Әміреден бастап, бұлбұл дауысты Бибігүл, халқының мақтанышына айналған Розаны қосқанда, өнерді өмірінің қазығы еткен ән дүлдүлдері Мәдениет Ешекеев, Болат Сыбанов, Бақыт Үдербаева, Баян Сағымбаева, Келденбай Өлмесеков, Тұрсынғазы Рахимовтардың қазақ өнері тарихында қалдырған өзіндік қолтаңбалары бар. Қазақ радиосының Алтын қорына жазылған әншілеріміз де аз емес.
Өнер сахнасында жарқырай көрініп, «қазақтың Зыкинасы» атанып жүрген Мапруза Өтеуленова, жағымды қоңыр дауысты Салтанат Сыбанбаева, өнер сүйер қауымның сүйіспеншілігіне бөленіп үлгерген жас әнші Гүлдана Ноғайбаева намысын қолдан бере қоймайтын өнерлі жандар.
Сайттың «Әншілер» бөлімінде – ұлылардың ізі қалған үлкен қала Семейде ән мен күйді өмірінің өзегі еткен асқақ таланттарымен танылған, қаламыздың абыройын аспандатып жүрген талантты әншілеріміз туралы әдебиеттер мен мерзімді басылым мақалаларын ұсынады.
Берік Омаров
Әнші.
1975 жылы Аягөз ауданында туған.
1982-1992 жж. Шəкарім атындағы 5-мектеп гимназияда оқыды.
1997 жылы Алматыдағы Өнер академиясын бітірген.
2005-2015 жж. “Еураз-шоу” əн-би театрында əнші. 2015-ші жылдан Ə.Қашаубаев атындағы обл. филармониясының əншісі.
Ж.Елебеков, К.Әзірбаев, Ә.Қашаубаев, Ә.Найманбаев атындағы республикалық байқаулардың және «Шабыт», «Ертіс әуендері» фестивальдерінің, тағы басқа ән сайыстарының лауреаты.
ҚР “Мəдениет саласының үздігі”. 2020 жылы Мемлекеттік “Ерен еңбегі үшін” медалінің иегері. Тəуелсіздіктің 25 жылдық мерекелік медалімен, Ə.Найманбаевтың 150-жылдық мерейтойлық медалімен, Ə.Қашаубаевтың 125 жылдық мерейтойлық медалімен марапатталған.
Любовь Аманжулова
Әміре Қашаубаев атындағы Семей филармониясының әншісі Аманжулова Любовь Өрікқызы – 1952 жылы Ресейде Алтай өлкесінің Ново-Егоровка ауылында туған. 1969 жылы орта мектепті бітірген соң Барнауыл қаласындағы мәдени-ағарту училищесін 1973 жылы бітірген.
1973-1974 жылдары Қазақстанның мемлекеттік өн-би ансамблінің әншісі, 1975-1980 жылдары Алматы облыстық филармониясының әншісі, 1981-1982 жылдары Целиноград облыстық филармониясының әншісі, 1982-1985 жылдары Рубцовск қалалық мәдениет үйінде үйірме жетекшісі қызметтерін атқарды. 1986 жылдан осы уақытқа дейін Семейдің Әміре Қашаубаев атындағы филармониясының әншісі.
Аманжулова Любовь Өрікқызы концерттік сапармен Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның барлық облыстарында өнер көрсетті.
Аманжулованың дауысы кең диапазонды сопрано, әншінің репертуары кең ауқымды. Ол қазақ әндерімен қоса орыс, украин тілінде де ән шырқайды. Әнші 2005 жылы Жеңістің 60 жылдығына «Отты жылдар әуендері» атты концерттік бағдарлама дайындап, Ұлы Отан соғыс ардагерлерінің алғысына бөленді. Ол классикалық романстармен қатар, эстрадалық әндердің де шебер орындаушысы. Семей қаласында еткен барлық мәдени шараларға арналған концерттердің тұрақты орындаушысы. Аманжулова Любовь әсіресе мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие беруде зор еңбек сіңірді. Ол «Қазақстан Отаным менің», «ХХІ-ғасырда наркотиксіз» атты лекция-концерттерге белсене қатысты.
Өнердегі еңбегі бағаланып Аманжулова Любовь облыстық, аудандық, қалалық әкімшіліктердің құрмет грамотасымен мараптталған. 2005 жылы тамыз айында еңбек ұжымының қаулысы бойынша дирекция әншісі Любовь Өрікқызы Аманжулова музыкалық жөне концерттік өнердегі қажырлы еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің грамотасымен марапатталды.
Роза Байдалина
Роза Олжайқызы 1936 жылы 21 қаңтарда Семей қаласында туған. Әнші Семейдің педагогика училищесін бітіріп, 18 жасынан бастап еңбек жолын ән шырқауға арнаған. Оның еңбек кітапшасында ”1956 жылы Семейдің облыстық филармониясының әншісі” деген бір-ақ жазу бар, содан бері өзінің білімін, өнерін молайтумен шұғылданып келді.
1961 жылы саз колледжінің ән белімін бітіріп, сол жылы облыстық Әміре Қашаубаев атындағы филармониясына әнші болып өзінің еңбек жолын бастаған. Қызмет ете жүріп, Шымкент мәдениет институтында оқып білімін кетереді.
1969 жылы эстрада артистерінің республикалық конкурсында лауреат атағын алды. Осы уақытқа дейін 40 жыл бойы өз өнерімен Қазақстанның мәдениетін кетеруде өзіндік үлесін қосып келді. Роза Олжайқызы қазақ тілі мен орыс тілін жетік білетін өнерпаз. Өзінің көңіліне қонған музыкалық шығармаларды нота арқылы үйреніп репертуарына енгізіп, толықтырып отырды. Роза ұзақ жылдар бойы лекторий тобын басқарып, алуан түрлі маңызды тақырыптарда лекция-концерттер өткізді. Ол тақырыптар: ”Халық қазынасы’, ”Көне романстар туралы”, ”Отан әуендері”, ”Ешкімде ұмтылмайды”, ”Музыка аспаптарының тарихы туралы”, өнер қайраткерлерінің шығармашылығы туралы.
Әншінің репертуары кең және әр салалы. Роза әлемдік классик сазгерлердің, орыс және ТМД сазгерлерінің шығармаларын шебер меңгерумен бірге, қазақтың халық әндерін де келістіре орындайды. Мысалы, орыс классиктерінен Доргомыжскийдің, Рахманиновтың, П.И.Чайковскийдің, Римский-Корсаковтың романстарын орындады. Шетел композиторларынан Гриктің, Листтың, Аренскийдің, Сенсанстың т.б., қазақ композиторларынан С.Мұхамеджановтың, М.Төлебаевтың, Т.Базарбаевтың, Н.Тілендиевтің өндері мен романстарын шырқады.
Өз өмірі жайлы Роза Олжайқызы былай дейді: ”Менің өмірім әнмен басталды, әнмен өтетін болар. Ән салу, әнмен бірге сапарға шығу, әнмен егіліп, әнмен жұбану, әнмен сауығу, әнмен шөлімді басу, тыңдаушымды табу – өмірімнің мазмұны”- деп ағынан жарылады. Бүкіл өмірін әнге арнаған әнші, еңбек ардагері республикамыздың түкпір-түкпірінде болды. Ауыл еңбекшілерінің алдында құйқылжыта алуан тілде ән салып көрермен ризашылығына бөленді.
Розаның ұзақ жылғы еңбегі бағаланып, ауыл еңбекшілеріне мәдени қызмет көрсетудің үздігі, тыңның 10 жылдық медалімен, Мәдениет министрлігінің грамотасымен және мақтау қағаздарымен марапатталды.
Ахметжанов А. Өмірін әнге арнаған // Семей таңы.-1991.-3 қазан.-4 б.
Қашағанов Е., Есболатова М. Сыр сандықты ашып қара.-Алматы:Санат, 1998.-288 6.
Наурызбаева Р. Еліне есеп берді: (ҚР-ның Мәдениет қайраткері Роза Байдалинаға 75 жас) // Ертіс өңірі.-2010.-6 қаңтар.-13 б.
Аймұханбет Бейсембеков
Әнші Қытай Халық Республикасында Боротола қаласында 1948 жылы 18 қыркүйекте дүниеге келді. Аймұхамбеттің ата-анасы бала кезінде тағдыр тәлкегімен 1932 жылы аштық жайлаған Алакөл бойынан Қытай жеріне барып паналаған. 1959 жылы ғана ата-мекендері Үшаралға қайта оралған. Әкесі Тұрсынбек суырып салма ақын болған екен, көптеген қисса-дастандарды жатқа айтатын, сөзге шебер өнерпаз жан болған.
Аймұханбет өнерге ерте әуестенеді. Мектеп қабырғасынан-ақ көзге түсіп әнші бала атанған. 1966 жылы орта мектепті бітіріп, аудандық халық театрында еңбек жолын бастады. 1967 жылы Бүкілодақтық көркеменерпаздар байқауының жүлдегері атанып, сол жылы Семейдің М.Төлебаев атындағы музыка училищесінің әншілер бөліміне оқуға түседі.
1971 жылы Мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваториясын бітірген соң 1971-1976 жылдары Республикалық Жамбыл атындағы филармонияда, Абай атындағы академиялық опера және балет театрында еңбек етті. 1988 жылдан бері Семей филармониясында еңбек етіп келеді. Онда Қазақ халық аспаптар оркестрін,
1991 жылы аспаптық Брасквинтет, 1993 жылы үрмелі аспаптар оркестрін ұйымдастырып, классикалық музыка мен халықтық музыканы насихаттауға зор күш-жігерін жұмсады.
Әншінің дауысы толық диапозанды лирикалық тенор. Әншінің репертуары әр жанрлы, кең ауқымды. Ол қазақтың, орыстың, украин халық әндері мен әлемдік классиктер: Глюк, Гайдн Шуберт, Шуман Верди, Пуччини, Бизе, Чайковский, Глинка, Римский-Корсаков, Рахманинов т.б. композиторлардың шығармаларын, Қазақстан композиторларының ән, романстарын шебер орындайды. Әнші Абайдың музыкалық мұраларын насихаттауда зор еңбек сіңірді. 1993 жылы республикалық лектор-музыка зерттеушілер конкурсында «Абай жөне музыка», «Классикалық музыканың құдіреті» лекция концерттері жеңімпазы атанды. Бейсембеков лектор-музыкант ретінде Семей қаласында көптеген Б.Төлегенова, Е.Серкебаев, Е.Рахмадиев, Б.Жылысбаев, Р.Рымбаева сияқты өнер саңлақтарының кештерін еткізді.
Бейсембеков әнші ғана емес, сазгер. «Қазақстан – Отаным менің», «Отан», «Анаңнан асыл бар ма екен» «Махаббат серенадасы» т.б. ән-романстардың авторы. Аймұханбет өнер және мәдениет туралы көптеген шығармалар мен зерттеулер жазып, баспасөз арқылы өз ойларын ортаға салады. Ол сонымен қатар қоғамдық өмірге белсене қатысып өзіндік үнін қосып келеді. Оның педагогтық және өнердегі еңбегі бағаланып Қазақ ССР-нің Білім және Мәдениет министрлігінің грамоталарымен марапатталды. Бейсембеков – Қазақстанның Мәдениет қайраткері, Республикалық «Жаңа ғасырға – жаңа ән» байқауының Гран-При жүлдегері, Республикалық музыкатанушылар конкурсының жүлдегері.
Бейісбай С. Жаңа ғасырға жаңа ән // Егемен Қазақстан. -2000.- 26 желтоқсан.-8 б.
Тілеухан А. Махаббат құдіреті: (Астанада өткен ”Жаңа ғасырға – жаңа ән” Республикалық ән байқауының Гран-при бас жүлдесін жеңіп алған әнші, сазгер туралы) // Семей таңы. – 2000. – 29 желтоқсан.-10 б.
Санақ Әбеуұлы
Семей облысы, Шұбартау ауданы, Мәдениет ауылында 1947 жылы дүниеге келген. Санақ Әбеуовтің әншілік өнері мектеп қабырғасынан басталған. Орта мектепті 1967 жылы бітірген соң, аудандық мәдениет бөлімінде 1970 жылға дейін автоклуб меңгерушісі болып істеді.
Онан соң республикалық эстрада студиясына түсіп, Қазақстанның Халық әртісі Жүсіпбек Елебековтен дөріс алды. 1973 жылы студияны бітіріп, Талдықорған облыстық филармониясында Қазақстанның Халық әртісі Дәнеш Рақышевтың концерттік бригадасында әнші болып қызмет етті.
1975 жылы отбасы жағдайымен туған ауылы Шұбартау ауданына қайтып, мәдениет бөлімінде қызметін жалғастырды. 1980 жылдан бастап Баршатас халық театрының режиссері, ал 1997-1999 жылдары Аягөз қаласының «Қозы Көрпеш Баян сұлу» халық театрының режиссері қызметтерін атқарды. Санақ Әбеуұлының репертуарында 500-ден артық дәстүрлі әндері бар. Оның ішінде халық әндері «Сұржекей», «Ағашаяқ», «Қисмет», «Бозқараған» т.б. әндерді нақышына келтіре орындап көрермендер сүйіспеншілігіне бөленді.
Иманбаева А. Өмір ізі (Әнші Санақ Әбеуов туралы) // Ертіс өңірі.- 2010.-6 қаңтар.-13 б.
Зекенұлы Қ. Сағындық-ау, Санақтың салған әнін: (Әнші С.Әбеуұлы туралы) // Семей таңы. – 2002. – 11 қантар, – 126.
Қалыбеков С. Талант тағдыры толғантады: (С.Әбеуұлы туралы) // Семей таңы. – 2002. – 8 ақпан. – 4 6.
Күлшат Еруова
Әміре Қашаубаев атындағы Семей филармониясының әншісі Күлшат Қажкенқызы Еруова – 1955 жылы Қытай Халық Республикасының Шәуешек қаласында туған. 1973 жылы Шұбартау ауданындағы, Калинин атындағы орта мектепті бітіріп, сол ауданда комсомол-жастар бригадасында еңбек жолын бастаған. Ауданның керкем өнерпаздар үйірмесінің белсенді әншісі болды. 1977 жылдан Семейдің Әміре Қашаубаев атындағы филармониясының әншісі болып еңбек етіп келеді.
Күлшаттың репертуары өте кең көлемді. Ол Абайдың, Ақан серінің, «Маңмаңгер», «Балқадиша», «Сырымбет», «Қараторғай», Естайдың «Қорлан», «Көкшетау», Әсеттің «Інжу-маржан», «Мақпал», «Кіші Ардақ», «Гәкку», Майраның «Толқыма», Ш.Қалдаяқовтың «Арыс жағасында», «Ақбантик», «Құрбым жан, құрбым», Н.Тлендиевтің «Саржайлау», «Әкеме», Т.Базарбаевтің «Қызғалдақтар», халық әндері «Ағажан Ләтипә», «Абайкөк», «Айжан-ай», «Айнам-ау», «Ақбаян», «Ақдариға», «Ақкербез», «Әй-әй бөпем», «Әпитөк», «Баянауыл», «Бекзатым» сияқты әндерді нақышына келтіре орындаййды. Осы жылдар ішінде Қазақстанның барлық облыстарында болып ән шырқады. Қазақстанның халық әртісі Мәдениет Ешекеевтің бригадасымен Алтай өлкесін аралап, көптеген концерттер қойды. Жолда жүргенде Мәдениет Ешекеевпен Жаяу Мұсаның «Көкаршын», «Хаулау», Мәдидің «Қарқаралы», «Үшқара», Сегізсерінің «Гүлдерайым», «Ойкек», Салқараның «Жиырма бес» әндерін жалықпай үйреніп, сол әндерді қазір жас әншілерге үйретуде. Кейінгі жылдары эстрадалық аспапқа қосылып бүгінгі таңдағы шығып жатқан әндерді орындап, өзіндік ізденісте жүр.
Ол гастрольдік сапармен Қазақстанның барлық облыстарында, Өзбекстанда, Қырғызстанда өнер көрсетті. Семей қаласында өтетін мерекелік концерттерге белсене қатысады. Өнердегі еңбегі үшін Еруова Күлшат бірнеше мәрте облыстық, аудандық, қалалық ресми орындардың мақтау грамотасымен марапатталған.
Бекұлы А. Әнші серігі – домбыра: (Күлшат Еруова туралы) // Арна. – 2000. – 17 наурыз. – 20 6.
Мәдениет Ешекеев
Мәдениет Ешекеев 1936 жылы 16 маусымда бұрынғы Семей облысының Жаңасемей ауданы Құрманқожа ауылында туған. 1954 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Мәдениет колхозында жұмысшы болып еңбек етті. 1955 жылы Алматы қаласында Республикалық көркемөнерпаздар байқауында ерекше көзге түсіп, әншілік дарынын танытты. 1956 жылы атақты әнші Жүсіпбек Елебековтың шәкірті ретінде «Қазақ концертке» шақырылды. Сол жылдан бастап 1975 жылға Семей облыстық Ә.Қашаубаев атындағы филармониясында еңбек етеді.
Ешекеевтің даусы әсем үнді, кең диапазонды, лирико-драмалық тенор. Әншінің концерттік бағдарламасында қазақтың халық әндерінен бастап Абайдың, Біржанның, Ақанның, Жаяу Мұсаның, Балуан Шолақтың, Естайдың, Әсеттің, Кененнің, сазгерлер Ә.Еспаевтың, Шәмшінің, Б.Сыбановтың т.б. шығармалары кеңінен танылған. М.Ешекеев әсіресе Абайдың музыка мұрасын кең насихаттаушы ретінде танымал әнші. Әнші М.Ешекеев «Құлақтан кіріп бойды алар» – ұлы Абайдың музыкалық мұрасынан, «Ән көңілдің ажары», «Ән өзегі» атты халық әндерімен, халық сазгерлерінің шығармаларынан тұратын концерттік бағдарламалар дайындап концерттік сапармен Қазақстанның барлық облыстарының халықтарының алдында өнер көрсетті. Сонымен қатар Ресейде, Моңғолияда да өнер керсетті.
Атақты әнші Ж.Елебековтың шәкірті М.Ешекеев арқа өңірінің Біржан сал бастаған әншілік мектебінің жалғастырушы ірі тұлғасы деп айтуға болады.
Әншінің орындауында қазақтың халық әндері «Жиырма бес», «Сұржекей», Біржаның, Естайдың, Әсеттің, Абайдың т.б. әндерін шеберлікпен орындауда қазақ радиосының алтын қорына жазылды. «Абайдың барлық төл шығармалары мен Абай өлеңдеріне жазылған әндерді түгелдей дерлік орындайтын Мәдениет пен Жәнібек Кәрменов» – дейді Абай музейінің Бас шырақшысы Т.Ибрагимов. Халқымыздың біртуар таланттарының бірі Жәнібек Кәрменов кезінде былай деген екен:«…Мәдениет – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасып, қанына сіңген әншілік дәстүрдің жалғасы. Бұдан кейін де жалғаса жатар. Әзірше Мәдениет жалғыз…».
М.Ешекеев жастардың ұстазы, Республикалық Ә.Қашаубаев атындағы әншілер байқауының қазылар алқасының тұрақты мүшесі.Қазақстан өнерін дамытудағы ерекше еңбегі үшін М.Ешекеевке 1981 жылы ”Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі”, 1987 жылы ”Қазақстанның халық әртісі” құрметті атақтары берілді. Шын өнер иесі халқымен бірге мәңгі жасайды. Ол әр буында, әр ғасырда өткен өмірдің таразысы, жанды бейнесі болып ыстық тартады. Мәдениет Ешекеев те осы атқа, осы құрметке лайық.
Елеуғожин Б. Әнші бақыты: (Әншінің өмірі мен шығармашылығы туралы) // Семей таңы. -1992. – 27 қазан.
Елеуғожин Б. Ән қанаты // Семей таңы. – 1987. – 25 июнь.
Ибрагимов Т. Домбыралы ән. // Толқын толғау. – Алматы: Өнер, 269-283 6.
Қамбаров Ж. Әнші бақыты // Семей таңы. – 1981. – 6 ноябрь.
Кеңесқызы 3. Қазақты табындырған Мәдениет: (Әншінің 60 жылдық мерейтойына арналады) // Семей таңы. – 1996. -3 желтоқсан.
Мәдениет Сейітжанұлы: (Қазанама) // Қазақ әдебиеті.-1997.-12 тамыз
Дауыл Қайроллин
Қазақстанның еңбегі сіңген артисі, әнші Дауыл (Жайлаухан) Қайроллин 1946 жылы 3 тамызда Шығыс Қазақстан облысының, Күршім ауданы Құйған ауылында туған. Еңбек жолын 1962 жылы туған жерінде жұмысшы болып бастады. Жайлаухан бала кезінен өнерге бейімділігін байқатып, көркемдік үйірмелерге белсене қатынасады. Өзінің туған жерінде ”әнші бала” атанады. Анасы ұлының табиғат сыйлаған дарын, талантын уысынан шығармай, өмірдің қиын-қыстау кезеңдерінен сүрінбей өтіп, қалаған оқу орнын бітіріп, үлкен сахналардан ән салып тұрғанын көргенде асыл арманы орындалып, шүкіршілік ететін. Семейдің М.Төлебаев атындағы саз колледжінің түлегі (1969) облыстық филармонияға әнші болып қызметке тұрады. Білімін көтеру мақсатында 1984 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының ән факультетіне түсіп, оны 1990 жылы бітіріп шығады. Онда өнер жұлдыздарынан көп өнеге алды. Белгілі әншәлер Е.Серкебаев, Б.Телегенова, Р.Абдуллиндермен бірге сахнаға шығып өнер көрсетті.
Алтайдың шың құздарынан нәр алып, саф ауасымен тыныстап, мөп-мөлдір бұлақтарының мұздай суын ішіп өскен, табиғат сыйлаған талантын тер төге жүріп ерінбей еңбектеніп дамытқан Дауыл консерваторияны бітіргенде мемлекеттік комиссия бірауыздан оған Абай атындағы опера және балет театрына қалуға үсыныс жасаған болатын, бірақ әнші езінің туған жерінде еңбек етуді қалады. Дауылдың дауысы лирикалық баритон, толық диапозонды, әдемі тембрлі, сирек кездесетін дауыс. Ол орындаған халық өндері, халық композиторларының әндері, қазіргі әндер мен орыс және ше-тел сазгерлерінің классикалық шығармалары тыңдарман көңілінен шығып, жүрегінен орын алған. Талантты әнші еліміздің тәуелсіздік алуының бір жылдығына орай Мәскеуде Чайковский атындағы концерт залында республика өнер шеберлері қатарында мерекелік концертке қатысу қүрметіне ие болып, қазақтың, орыстың, украинаның халық әндерін ерекше ша-бытпен нақышына келтіре орындап, москвалықтардың қүрметіне ие болуы семейліктердің де мәртебесін бір өсіріп тастады. Дауыл Кайроллин өнер адамдарының жақсылығын көп көрді.
Әнші бас оркестрмен, симфониялық және ”Отырар сазы” оркестрлерімен, хор капелласымен қазіргі ТМД елдерінің барлығын аралады, Украйнада, Молдавияда, Азербайжанда өткен республикамыздың әдебиет, мәдениет және өнер онкүндіктерінде өнер керсетті. Семей өңірінен У.Айдаболов, М.Рахымбаев, Б.Сыбанов, Т.Рахимовтың әндерін жоғары сауатты деңгейде орындаушы. Классиктерден Гендель, Массоне, Шуберт, Чайковский, Әсет, Абай шығармалары бойынша жазылған кассеталары бар.
Дауыл Қайроллин ұзақ жылдар ұстаздық қызмет атқарды. 1976 жылдан бастап ол өз мектебінен бірнеше шәкірт ұшырды. Солардың бірі Павленко Новосібір консерваториясының түлегі, Көшеров Н. Алматы консерваториясын бітірді.
Елеуғожин Б. Дауылдың дауылдатқан әндері-ай // Семей таңы.-1983.-8 шілде.
Ибрагимов Т. Толқын толғау.-Алматы:Өнер,2000.-360 б. Қамбаров Ж. Алысқа жетелеген асқақ ән // Семей таңы.-1996.-2 қараша.
Иманбаева, А. Ән құдіреті: (Әнші Дауыл Хайруллинді еске алу) // Ертіс өңірі. – 2010. – 27 қаңтар. – С. 17
Мұхамедова Р. Өмірін әнмен өрнектеген // Арна.-2000.-14 қаңтар.-іб б.
Мұхамедова Р. Дауыл да өтті-ау, дауылдатып… // Семей таңы.-2003.-28 ақпан.-12 б.
Әміре Қашаубаев
Әміре Қашаубаев – 1888 жылы (кейбір деректерде 1886 жылы) Семей облысы, Абыралы ауданына қарасты Дегелең тауының етегінде туды. Әкесі Қашаубай кедей адам болған. Әміре тұрмыстың үлкен ауыртпалығын бастан кешкен. Қандай ауыр жалшылық жұмыста жүрсе де Әміре мойыған жоқ. Жастайынан әнге үйір болып, ыңылдап ән салатын. Әрі-бері өтетін қала жұрты керемет дауысты естіп тыңдап тұрып қалады екен. Кейіннен қаладағы болатын ойын сауық Әміресіз өтпейтін болды. Тұрмыс тауқыметі қаншалықты қиын болса да мейірімді әке-шеше өнерлі баланың маңдайын қақпады. Сөйтіп, әке-шешенің батасын алған өнерлі бала жалшылықтан босап, Арқа әншілерінің Меккесі болған Қояндыға жол тартады. Бұл Әміренің ән сапарына, музыкаға жол тартқан кезі болды. Онда жаяу Мұса сияқты әншілермен кездесіп, үйреніп, репертуарын байытады. Әншілерден үйрене жүріп өзінің ән айту стилін байытуға күш салады. Сөйтіп, он үш жасынан ән салып, Жаңа Семейдің шала қазақ, татарлар арасында ”әнші бала” атанып, жасы он сегізге таянған Әміре үшін үлкен жаңалықтар болды.
Әнге байып Семейге қайтқан Әмірені қалалықтар қызу қарсы алды. 1921-1924 жылдары Семейде құрылған ”Ес-аймақ” ұйымына кіріп, әншілігін шыңдай түседі. Онда ол әнші Майрамен кездесіп домбырамен, гармонға қосылып Семейдің жәрмеңкесін қыздыра түсті. Әміре дауысы Мәскеуге дейін жетіп:
”Қазақ әншісі Әміре Қашаубаев Парижде болатын жержүзілік көрмеде қойылатын этнографиялық концертке қатысуға келісім бере ме екен? Соның хабарын тез білдіруіңізді сүраймын, жол қаражаты, гонорары төленеді. Мерзімі – июнь, июль айлары. РСФСР Халық Ағарту Комиссары – Луначарский” деген, Семейдің губерниялық ағарту бөліміне телеграмма келеді. Әміре Мәскеуге жол тартады. Парижде болатын концертке қатысу үшін астанаға басқа ұлт республикаларынан белгілі өнерпаздар келеді. Париж концертіне дайындық есебінде өткен Үлкен театрдағы концерт табысты етті. Ол туралы: ”Керемет концерт”. Керек болса – башқұрттың қурайшысы Исенбаев, қазақтың әншісі Әміре Қашаубаев, өзбектің бишісі жөне әншісі Тамара Ханум – олардың өнерлері еуропалықтардың нөмірлерінен кем түспейді, ал қолдарындағы қандай жұпыны құрал десеңізші- деп жазады ”Правданың” 1925 жылғы 26 июнь күнгі номерінде.
Әміре этнографиялық ансамбльмен Парижге барып, 11 концерт береді. Сол коцерттерде Әміре өзінің сүйікті әндері ”Ағаш аяқ”, ”Үш дос”, ”Екі жирен”, ”Дудар”, ”Қос барабан”, ”Қызыл бидай” тағы басқа әндерді шырқап париждік көрермендерін тамсандырып қайтады. Ол туралы ”Қазақтың әншісі Әміре Қашаубаев өзінің халықтық манерада айтылатын емін-еркін даусына ұлт аспабы домбырасының сүйемелін қосып өз елінің жаныңды толқытатын әндерін орындады”, – деп жазады.
Францияның белгілі музыка зерттеуші ғалымы ‘Лемюзикаль” журналында Әміренің дауысы сирек кездесетін музыкалық көрініс екенін жазады.Әміре Қызылордадағы театр труппасына жұмысқа кіріп, 1926 жылы январьдың 13-күні М.Әуезовтің ”Еңлік-Кебек” пьесасымен қазақ тарихында бірінші рет қойшы Жапалдың ролін сомдайды. Сөйтіп, Әміре әрі әнші, әрі актер ретінде де таныла бастайды. 1927 жылы сәуір айында Әміре тағы Мәскеуге шақырылып, советтер съезінде концертке шығып, тағы бір үлкен табысқа ие болады. Сол жылдың жазында әнші Германияның Майнадағы Франкфурт қаласында болатын Жержүзілік музыкалық көрмесіне жіберіледі. Мұнда Әміре тоғыз концертке қатысып, көрермендердің үлкен сүйіспеншілігіне бөленеді. Сөйтіп, шетелге екінші рет өнер көрсетуге шыққан әнші өнер қайраткерлерінің ішінде ерекше табысқа ие болады.
Әміре қайтып, Қызылордадағы театрына келеді. 1928 жылы театр Алматыға көшкенде де бірге жүреді. Концерттерде басты артист болып белгіленеді. 1933 жылы драма театрының жанына құрылған ”Музыкалық студияның” ішінде бірінші болып жүреді. Ол студия келесі 1934 жылдың 13 қаңтарында ”Музыкалық театр” болып, М.Әуезовтің ”Айман-Шолпан” атты музыкалық пьесасымен ашылды. Онда Әміре басты рольдің бірін атқарады. Бірақ өмірі ұзақ болмай сол жылдың күзінде қайтыс болады.
Сөйтіп, замана көшінде аққан жұлдыздай із қалдырған өнер саңлақтарының бірі- Әміре Қашаубайұлы болды. Оның есімі қазақ өнері тарихында алтын әріппен жазылды. Әміренің керемет қайталанбас даусын шетелдіктер өте жоғары бағалады. Франция ойшылдары Анри Барбюс: ”Мен Әміредей әншіні сирек кездестірдім”, десе Ромен Роллан Әміре даусына қайран қалып ”Мен Шығыста әншіні бұлбұл құсқа неге теңейтінін енді түсіндім”-деп жазады. Ал, Мұхтар Әуезов 1920 жылдарда ”Ес-аймақ” ұйымында жүргенде-ақ: ”Сен, Әміре, Семей өңірінің ғана емес, бүған қоса Ұлы жүз бен Кіші жүз әндерін, романс сияқты ырғағы мол, сезімі зор Мұхит әндерін үйренуің керек. Сонда ғана сен жалпы қазақ әншісі атанасың. Ал қазақ атынан ән айтсаң есімің әлемге танылады”- деп сол кезде-ақ көрегендік танытқан.
Әміре туралы жазушы, өнер зерттеуші Жарқын Шәкерімов: ”Әміре ғасыр көшіндегі замана тудырған дара тұлға. Халқымызда әйгілі әншілер жүздеп саналады, өсіп келеді, әлі де туар. Ал, Әміре жалғыз. Ол халқымыздың мәңгілік тарихында солай сақталуы тиіс”, – деп бағалайды.
Аққуға әнін қосқан: (Әміренің туғанына 110 жыл толуына орай) // Егемен Қазақстан.-1998.-27 қазан.-4 б.
Байырманов х. Әміренің әнін естідім // Семей таңы.-1976.-14 қаңтар.
Жетпісбаева А. Аңызға айналған үн // Семей таңы.-1990.-14 кекек.
Иманбаева А. Ән атасы Әміре // Мәдениет.-2010.-№ 2.-43-45 б.
Кәріпжанқызы Қ. Әміре туралы ашық әңгіме // Заман-Қазақстан.-1999.-14 мамыр. -6
Мұхамедханов Қ. Әйгілі әншілер өмірінен // Семей таңы.-1976.-7 январь.
Оразалин К. Әміренің әні // Парасат.- 1990.-И 9.-8-9 б.
Тоқжігітов М. Асқақ әнші Әміре // Семей таңы.-1974.-21 қараша.
Шәкәрім Ж. Әміре.-Алматы: Жалын, 1977.-147 б.
Шәкәрім Ж. Әнші көп, Әміре жалғыз // Абай. – 1998. – И2. – 73-746.
Жәнібек Кәрменов
Жәнібек Кәрменов (1949-1992), Абай елінің тумасы, жезтандай әнші, қаламгер жазушы Жәнібек Кәрменов әншілік дарынымен бала кезінен танылды. М.Әуезов туған жерге келгенде бала Жәнібек үлкен адамның батасын алған. 15-16 жасында әйгілі ән дүлділі Ж.Елебековтің назарына ілігіп, Алматыдағы өнер студиясына қабылданады. Бірақ белгілі бір себептермен оқудан шығып қалады. Кейіннен ішкі істер министрі Ш.Қабылбаевтың араласуымен оқуға қабылданады. Жүсіпбек Елебековтің төл шәкірті бола жүріп, әр әннің бойынан өз дауысын іздеді. Ел ішінде ұмыт бола бастаған ән, толғауларды жинастыра жүріп, қайта өмірге әкелді.
Жәнібек репертуарының бас арқауы болған – Ақан, Біржан, Мәди, Естай, Әсет, Кенен әндерінен шырқаған «Әудем жер», «Балқадиша», «Жанбота», «Жамбас сипар», «Інжу маржан», «Үш қара» т.б. әндер әншінің орындауындағы жоғалмайтын, ұрпақтан-ұрпаққа кететін қазына. Консерваторияда халық әндері кафедрасына басшылық жасай жүріп, Жәнібек талай таланттың бағын ашты. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, Республиканың еңбек сіңірген әртісі Жәнібектің артында қалған мұрасының бірі – өзі құрастырған қазақ әндерінің екі томдық антологиясы. Сондай-ақ, әр жылдары жазылған «Ақылбайдың әні», «Махаббат әні», «Ғашықтық тілі» атты үш кітабы бар.
Кәрменов Ж. Әніңнің қазақ жетпес бұрмасына. – Астана: Фолиант, 2002. – 2326.
Кәрменүлы Ж. «Өзіме емес, өзім айтам өз жайымды» // Ертіс өңірі. – 2005. – 29 қыркүйек. – 116.
Бәйкенқызы Т.Жәнібек ән салғанда терезе сылдырлайтын // Семей таңы. – 2009. – 8 қазан. – С. 10
Жаппарұлы Б Жәжа (Әнші Жәнібек Кәрменов жайында бір үзік сыр) // Дала мен қала. – 2010. – 22 наурыз. – 11 б.
Сабырбай Қ. Арманы биік асыл ер: (Сазгер, әншінің 55 жасқа толуына орай) // Семей таңы. – 2004. -12 ақпан. 46.
Сейсенұлы Д. Қайран Жәнібек: яки ән дүлдүлінің әмірден озғанына он жыл // Семей таңы. – 2002. – 21 маусым. – Б.4.
Гүлдана Ноғайбаева
Ноғайбаева Гүлдана Рахымбекқызы – 1979 жылы 3 шілдеде Ақсуат ауданында туған. 1996 жылы Семей қаласында Шәкірім атындағы мектеп-гим-назияны бітірген соң, сол жылы Семей мемлекеттік қаржы институтына түсіп, 2000 жылы экономист-қаржыгер мамандығын алып шықты. 2001 жылдан бері Мәдениет сарайында өнші болып қызмет етеді. Жастайынан өнерлі отбасында өскен Гүлдана талай байқаулардың лауреаты атанды.
1998 жылы Шымкент қаласында өткен халықаралық Ш.Қалдаяқов атындағы әншілер байқауының 2-орын жүлдегері, 1999 жылы «Татар жыры-99» байқауының лауреаты, 2000 жылы республикалық «Жас қаиат» байқауьшың дипломанты, 2002 жылы халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, республикалық Е.Хасанғалиев байқауының лауреаты болды.
Гүлдана эстрада мен дәстүрлі домбырамен ән айтуды бөлмей шебер орындайды. Оның орындауындағы «Ақ маңдайлым», «Бақыт қүшағында», «Жан аға», халық әні «Аққүм», Мәдидің өні «Қарқаралы» т.б. әндері халық сүйіп тыңдайтын әуенге айналды.
Қасенқызы Л. ”Шеберлер класы” көрмесінде болды = Астанадан алған әсер мол = Семейдің деңгейі жоғары екенін көрсеттік (Астана қаласында Шығыс Қазақстанның мәдени күндеріне орай әнші Г.Ноғайбаевамен сұхбат) // Семей таңы . – 2011. – 13 қыркүйек. – С. 1 ; Семей таңы . – 2011. – 27 қыркүйек. – С. 3
Келденбай Өлмесеков
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданының Құйған ауылында 1953 жылы 25 мамырда туған (2011 жылы дүниеден өтті). 1988 жылдан бастап Шәкәрім шығармасына бет бұрған Келденбай лекция-концертті бірге жүргізе білді. Бала күннен әнге әуес әнші Алматыдағы эстрада студиясын 1977 жылы бітірген. Атақты әншілер Жүсіпбек Елебеков пен Бекен Жылысбаевтардан дәріс алған өнші еңбек жолын Өскемен филармониясынан бастап, 1978 жылы Әміре Қашаубаев атындағы Семей филармониясында жалғайды. Мәдениет Ешекеев-тей, Болат Сыбановтардай әншілердің кешіне ерген Келденбай ре-пертуарында 300-ге жуық халық композиторларының әндері бар. 1980 жылдардың соңында Төкен Ибрагимовтей арналы ағалардьщ ақылымен Шәкәрімдей шалқар теңіз тамшысының дәмін татты. Кәусар бүлақтан сіміріп, бойына сіңіре білген Келденбай көп ізденуді де білді. Шәкір Әбенов, Ахат Қүдайбердиев, Ниязбек Алда-жаров, Қабыш Керімқұловтай ақсақалдардың алдын көрді.
Келденбай үғымында өнерге қиянат жасамау, жалтармау ерек-шелігі қалыптасқан. Өзінің тек өнерді шын пейілімен сүйгендігімен, жеке басын күйттемей бір үстаныммен ғана жүрген Келденбай Қазақстанньщ төртбүрышын жаяу аралады. Өнерден өз жолын тапқан Ә.Қашаубаев атындағы филармония әншісі Келденбай Өлмесековтың 2001 жылы ”Мәдениет қайраткері” белгісімен марапатталуы әншінің талай істі тындыра алғандығының белгісі.
2003 жылы республикалық Абай мұражайында әншінің ”Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек” деген шығармашылық кеші өтті. Абай атындағы театрда ”Мыңыншы концертім” атты шығармашылық кеші етті. Келденбай Қазақстанды шарлай жүріп берген лекция-концертінің саны 15 жылдың ішінде әлдеқайда көп екені белгілі. Құрмет грамотасының иегері, Әміре Қашаубаев атындағы республикалық байқаудың лауреаты Келденбай Раузаұлы тек әнші ғана емес, шәкәрімтанушы. Шәкәрімнің 20-дай әнін әнші талмай жүріп ізденіп, реперуарына енгізд, оны бейнетаспаға шығарды. Ол өзінің әнге де бай, әңгімеге де жетік екенін көпшілік алдында тағы да бір дәлелдеп берді.
Өлмесеков К. «Кейде мен де «Халық әндері өліп кете ме» деп қорқамын…»:(Шәкәрім әндерін насихаттаушы) // Ертіс өңірі.-2010.-28 шілде.-13 б.
Ахметжанов А. Шәкерім әндерін орындаушы // Семей таңы.-1998.-20 тамыз.
Ибрагимов Т. Толқын толғау. – Алматы: Өнер, 2000. – 343-3476.
Иманбаева, А. Шәкәрім мұрагері: // Мәдениет. – 2012. – №1. – С. 12-15 :
Зекенұлы Қ. Мыңыншы концертін берді // Семей таңы.-2003.-19 қыркүйек.-2 б.
Иманбаева А. Шәкәрім мұрагері // Ертіс өңірі.-2011.-12 қазан.-10 б.
Кәкімұлы Қ. Аяқталмаған ән: (Әнші К. Өлмесековті // Ертіс өңірі . – 2011. – 7 қыркүйек. – 8 б.
Мапруза Өтеуленова
Өтеуленова Мапруза 1961 жылы 30 қарашада Ақмола облысының Державинск қаласында туған. Жасынан әншілігімен көзге түскен Мапруза Торғай облыстық филармониясының «Шертер» ансамблімен Қазақстанның барлық жерінде өнер көрсетті. Польшада, Мәскеу сахнасында бірнеше рет ән шырқады. 1982 жылы Семей қаласына көшіп келген Мапруза семейліктердің сүйіспеншілігіне бөленген диапозаны кең дауысты әнші. Бүкілодақтық халық шығармашылығы конкурсының үш мәрте лауреаты 1990 жылы аймақтық «Майра сұлу» конкурсының «Гран-при» иегері атануы да әншіге берілген зор құрмет. 1989-1996 ж.ылдар аралығында Жаңасемей аудандық мәдениет бөлімінің «Семейтау» ансамблінде қызмет етті. 2001-2002 жылдары халықаралық «Беловодье» орыс фольклорлық фестивалінің лауреаты, 2001 жылы халықаралық «Татар әндері» фестивалінің лауреаты. 2003 жылы аймақтық «Орыс әні» фестивалінің дипломанты және республикалық «Жас ұлан» конкурсының жеңімпазы атанды.
Абдусалямова С. Мапруза Утеуленова – сенсация ретрофестиваля // Спектр. – 2004. – 23 сентября. – 16 с..
Гузеева М. Золотой голос: (О певице М.Утеуленовой) // Наше дело. – 2005. – 27 января. – 6 с.
Михеева Е. История болыной любви: (О творчестве М.Утеуленовой) // Экспресс К. – 2003. – 31 января. – 9 с.
Михеева Е. Песне ты не скажешь до свиданья: (Об эстрадной певице М.Утеуленовой) // Арна. – 2003. – 31 января. – 4 с.
Утеуленова М. Мне везло на хороших людей: // Наше дело. – 2001. – 23 января. – 6 с.
Баян Сағымбаева
«Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» (1993), әнші Баян Сағымбаева 1951 жылы Абай ауылында дүниеге келген. Алпысыншы жылдардың ортасында Қарауылда өнер қуған жас топтың ортасында Баян да жүрді. 1966 жылы республикалық байқауға жолдама алған абайлықтар М.Әуезовтың «Қаракөзін» сахнаға дайындады, онда Қаракөздің ролін сомдаған 16 жасар Баян болды. Спектакль аяқтала салысымен қазақ театры өнерінің шоқ жұлдыздары Ш.Мусин, Ф.Шәріпова, С.Қожамқұлов бастаған алқалы топ Баянды тік көтеріп, алақандарына салды.
Ал, келер жылы ұлылар ұрпағы одақтық байқауға қатысып, Москвада өнер көрсету қүрметіне ие болды. Бұлар москвалықтарға Б.Майлиннің «Жалбыр« пьесасын ұсынды. Баян Қадишаның ролін сомдады. Байқау қорытындысы бойынша Баян Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты деген жоғары атақты иемденді.
Әншінің көз алдына тағы бір ұмтылмайтын бақытты сәті «Қаламқас« ән-би ансамблінің Чехославакияға гастрольдік сапары еді. Онда Баян словакиялықтардьң «Биле, биле» әнін орындап көпшілік қүрметіне бөленді.
Сексенінші жылдардың басында Баян Алматыға «Қазақконцертке» келді. Онда жүріп ол Өзбекстан, Түрікмен, Башқүрт, Удмурт, Қарапалпақ тағы басқа елдердің дәм-тұзын татып, ағайындар ауылын әнімен аялады. Алматыда өткен алты жылда көп адамдармен кездесіп, үйреніп қайтты. Баян кезінде Семей облыстық атқару комитетінің, ВЛКСМ Орталық Комитетіінң, Мәдениет Министрлігінің Құрмет грамоталарын алған. Есімі өзінің туған жері Абай ауданының «Құрмет» тақтасында жазылған.
Әншінің репертуары өте бай. Өнердің қайнар көзі халық әндерінің бал бұлағынан бастау алған, сусындаған Баянның ешкімге ұқсамайтын ғажайып әуезі мен тереңге тартқан сиқырлы үнін естігенде бей-жай қала алмайсыз. Бойындағы бар асылын – өнерін еліне арнаған әншіні «Ару Баян«, «Ақ Баян» деп халқы қастерлеп, төбесіне көтеріп келеді.
Шынында, Баянның өмірі мен еңбегі, өнері мен ізденісі, сыры мен сипаты, арманы мен қуанышы халқының көз алдында. Өйткені оның әрбір күні, әрбір қадамы, әрбір салған әні мен толғанысы-қиналысы тек туған еліне арналып келеді. Сондықтан да оның табиғатын, болмыс-бітімін туған елі мен туған жерінен бөліп алуға болмайды.
Боқаев Қ. Абай ауылының ақ Баяны // Өнерлі ерге жүзер.- Алматы: Қазақстан,1980.-59-171 б.
Құрметті атақ берілді: «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» атағы берілді) // Семей таңы.-1993.-19 мамыр.
Сағынбаева Б. Қашан да Баян қалпымды сақтадым // Ертіс өңірі. – 2010. – 10 наурыз. – С. 8
Сейсенұлы Д. Бүлбүл үнді Баяндар қайда екен?… // Семей елі, Семей жері.-Семей, 2001.-188-191 б.
Толғанбай Сембаев
Әнші Толғанбай Тоқтағанұлы Талдықорған облысы, Алакөл ауданында 1964 жылы туған. 1987-1989 жылы Республикалық эстрада студиясының дом-быра мен өн салу бөлімінде Қайрат Байбосыновтың класын бітірді. 1989 жылдан Семейдің Әміре Қашаубаев атындағы филармониясында әнші болып істейді. 1992 жылы Әміре Қашаубаев атьгадағы үшінші республикалық конкурстың дипломанты, 1995 жылы Әміре Қашаубаев атындағы республикалық 4-конкурстың лауреаты, 2001 жылы Республикалық «Жасүлан» ән фестиваліның лауреаты, 2002 жылы Әсет Найманбаев атындағы Шығыс Қазақстан аймақтық конкурсының бас жүлдегері.
Сембаевтің концерттік репертуары кең ауқымды, ән жан-рлы, Ол қазақтың халық әндері. Қазақстан композиторларының әндерін шебер орындайды. Оның орындауындағы: «Қарғам-ау», «Сұржекей», Балуан Шолақ «Ғалия», Әсет «Інжі-маржан», Абай «Сегіз аяқ», «Жан ерке», Сейітжан «Қанатталды», «Біржан «Ләйлім шырақ», Ақан сері «Райхангүл», С.Кәрімбаев «Ақ ерке», Б.Сыбанов «Ғашықтар термесі», Т.Рахимов «Санаулы күн», т.б. әндер өзінің трактовкасымен, ерекше нақышымен әсерлі де әсем.
Толғанбай Сембаев қазақтың ән дүлдүлдері Жәнібек Көрменов, Мәдениет Ешекеев, Қайрат Байбосынов тәрізді ұлылардан сабақ алып, Арқа өңірінің әншілік мектебін жоғары дәрежеде меңгеріп қазіргі республикадағы ең танымал әншілердің бірі. Толғанбай өзінің әсем дауысымен, орындау шеберлігімен 2002 жылы сәуір айында Астанада өткен Семей филармониясының Қазақстан Республикасының Президенттің мөдени орталығы за-лында және «Конгресс-холл» залында өткен Қазақстан өнер шеберлерінің «Гала-концертіне қатысып Астана көремендерінің зор ілтипатына ие болды.
2002 жылы тамыз айында арнайы шақырумен Республикалық Қазақ Радиосының «Алтын қорына» жиырмадан артық ән жаздырды. 2002 жылы ақпан айында Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясының «Алтын қорынан» халық әндері жинағы болып шыққан үнтаспаға әндері енді. Толғанбайдың орындауындағы әндер «Хабар», «Қазақстан» орталық телеарналардан, эфирден беріліп тұрады: «Алтыбақан», «Ауылдың алты ауызы», «Жеті саз» бағдарламаларына жиі шығып тұрады.
2002 жылы қараша айында өз өнерімен Қытай Халық Республикасы көрермендерінің жоғары бағасын алып қайтты. 2003 жылы желтоқсан айында өткен Республикалық «Атамұра» фестивалінің лауреаты. 2005 жылы Толғанбай Тоқтағанұлы Сембаев Қазақстан Республикасы Мәдениет, Ақпарат және Спорт Министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталды.
Қасымжанұлы С. Үміттің оты «Үш сері»: (Т.Сембаев туралы) // Ертіс өңірі. – 2004. – 18 наурыз. – 176.
Сабырбай Қ. Толғанбай толғандырар өн салғанда: (Әнші Сембаев туралы) // Семей таңы. – 2002. – 25 қантар. – 106.
Салтанат Сыбанбаева
Әнші, Мәдениет қайраткері Салтанат Сыбанбаева (1957 ж.) Жарма ауданының тумасы. Егер Салтанаттан: ”Әнші болуға кім ықпал етті” деп сұрасаңыз, ол ең бірінші әке-шешесін атар еді, өйткені отбасындағы сегіз бала түгел шетінен өнерлі. Жарма ауданында мектеп-интернатта оқып жүрген Салтанатты дарынды балаларды іздеп жүрген өнер мектебі мүғалімдері әншілікке баулуды жөн көріп, Алматыға К.Байсейітова атындағы музыкалы мектепке оқуға алып кетпек болады, бірақ ”алыстағы оқуға” қаршадай қыздарын жіберуге ата-аналары рүқсат етпейді.
Бірінші рет сахнаға қаладағы саз колледжін сырттай бітіргеннен кейін келді. Бар іңкәрі ән болған Салтанаттың ең бірінші ұстазы сол кездегі филлармонияның директоры Мархаба Есболатова өнерлі жастан тәжірибесін аяған жоқ. Қаладағы атақты ”Ақбұлак” ансамблінің белді әншісі болды.
Еңбексүйгіштік – Салатанттың қанына сіңген үлкен қасиет. Ойлап караса көп жыл әншілік ғұмырында өнер деген қиын жолдың шыжығын да, қызығын да көріпті. Қызметте де, үйде де бірге келе жатқан жан жары Ғабит кенеттен қайтыс болғанда, анасының жұбанышы қос қанаты екі ұлы өнерде де қасынан табылды. Жалпы, әнші өзінің өнердегі ғұмырында Орта Азияны, Қазақстанды, Омск облысын және Алтайды концерттік гастрольмен түгелдей аралап шықты. Әнші тек қазақтың халық әндерінің емес, эстрадалық әндердің де шебер орындаушысы. Әр әншінін көңіліне жақын әндері болады, Салтанаттың да сүйіп айтатын әндері: ”Ахау, Семей”, ”Әпитөк”, Бозарамал”, орыстың халық әні ”Ах, Самара городок”, ”На тот большак” т.б.
Салтанат өзінің шәкірті әрі сіңлісі Бақытжанмен бірге Қытайда, Моңғолияның Баян Өлгейінде өнерлерін көрсетті. ”Қытай көрермендері қатты ұнады. Олардың қонақжайлығы, қошаметі адамның мерейін өсіреді” – дейді әнші. 2000 жылы өзінің жеке концертін беріп, халық алдында есеп берді.
Семейдегі қалалық мәдеиет сарайының әншісі Салтанат әдемі дауысымен халық қазынасын бар бояуымен, болмысымен нақышына келтіре жарқырата өнерін көрсетуде.
Қашағанов Е., Есболатова М. Сыр сандықты ашып қара… -Алматы: ”Санат”, 1998.-288 б.
Мухаметкалиева А. Если женщина поет, значит, дома все в порядке // Иртыш сегодня.-2003.-24 января.-5 с.
Болат Сыбанов
Әнші, актер, сазгер, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Болат Күнтуұлы Сыбанов Жаңасемей ауданы, Изатолла ауылында 1938 жылы 10 қаңтарда дүниеге келді. Әкесі Күнту 1942 жылы Ұлы Отан соғысында қайтыс болды. Әкеден ерте жетім қалған Болат 13 жасына дейін өзінің туған жері Жаңасемей ауданы Изатолла ауылында болады да, одан кейін Семей қаласына келеді. Семейдің № 16 қазақ орта мектебінде оқиды. Сегіз класты бітіргеннен кейін, жалғыз қалған анасына көмектесуді ойлап, ерте еңбекке араласады. Болат Сыбанов әншілік жолын 10 жасынан бастаған. Мектепте оқып жүргенде ән сабағынан ұстазы Төкен Ысқақовтан сабақ алады. 1957 жылы Семейдің Абай атындағы драма театрына қол бала болып орналасады да, сол жылдың соңына таяу театрға қызметке алынып, көптеген ірілі-ұсақты рольдерді сомдады.
Жас актердің драма әртісі болып шығуына ең алғаш үлкен еңбек еткен тәрбиешілері: Қазақ ССР-ның халық әртістері – Н. Атаханов, С. Қыдыралин, Ғ. Абдрахмановалардың еңбектері зор болды. Театрда еңбек етіп жүрген кездерінде 100-ден астам рөлдерде ойнаған. Атап айтсақ, М.Әуезовтың «Айман-Шолпан», «Жаяу Мұса», «Башмағым» – театр спектакліндегі өзіне жүктелген кейіпкерлерді өте жауапкершілікпен, тамаша шығарған.
Сазгер 60-тан астам әндер шығарған, 1975 жылы 7 әні күйтабаққа енді. Екінші күй табағы 1988 жылы шықты. Б.Сыбановтың халыққа кең тараған өндері «Таң самалым», «Жан ана», «Әке туралы», «Отан туралы», «Жауынгер сағынышы» атты әндері халықтың сүйіп орындайтын өндері.
Оның орындауындағы Б.Тәжібаевтың ”Ақбұлағы” күнде радиодан орындалып жататын. Республика ән әуесқойларының назарына ілігіп, астанадағы үлкен концерттерге қатыса бастады. Оның дауысын байқаған атақты әнші Ғ.Құрманғалиев: ”Өзіңнің дауысың ешкімге ұқсамайды екен. Әншіге таптырмайтын ең басты қасиет”- деп бағалаған болатын. Болат әр концерттен олжалы оралып, ән тарландарынан тиісті бағасын алып жатты.
Болат Сыбановтың орындауындағы қазақ қауымына кең тарап кеткен «Жұлдызым» әншінің ән табиғатындағы көңіл кернеуін, үн деңгейін, тербеліс ырғағын сәтті сезінгендігін және өзіне лайық әнді талғай алар қабілетті белгісін білдірсе керек. Музыка мәдениетін танытуда сіңірген зор еңбегі үшін ”ҚР-ның Еңбек сіңірген әртісі” атағы берілді. Сазгердің әндері Моңғолия, Түркия қазақтарына да таныс. Б.Сыбанов Орта Азия профессианал әншілері конкурсының лауреаты. 2000 жылы Семей қаласындағы «Семей-Печать» баспасынан әншінің «Өнер –менің өмірім» атты кітабы жарық көрді. Семей өңірінде ғана емес, Қазақстанға танымал белгілі әнші, сазгер Болат Сыбановтың әндерін шет жерде жүрген қандастарымыз да сүйсіне шырқайды.
Болат Сыбанов // Егемен Қазақстан.-1998.-7 мамыр.-8 мамыр.
Әлімбаев Қ. Өмірін өнерге арнаған: (Әншінің 65 жылдық мерейтойына арналған) // Семей таңы.-2003.-10 қаңтар.-12 б.
Ибрагимов Т. Домбыралы ән // Толқын толғау.-Алматы: Өнер.-311-315б.
Сейсенов Д. ”Әнім -бақытым” // Семей таңы. – 1975. -13 август.
Сейсенұлы Д. Әнші-сазгерді еске алды //Егемен Қазақстан.-1999.-25 мамыр
Бақыт Үдербаева
Халқының сүйіспеншілігіне сүйеніп, ықыласымен қанаттанып жүрген енер иелерінің бірі – Бақыт Үдербаева. 1950 жылы 15 наурызда дүниеге келген Бақыттың өмір жолына көз салсақ, Бақыттың әкесі Жәкула-домбырашы, сері, сылқым, ал шешесі Бишән ойынан ән шығарып, әсем дауысымен ән салатын өнерпаз болған. Әке-шешесінің өнерін жасынан зерделеген Бақыттың өнер жолынан бастау алған қайнар бұлағы – халық әндері болды. Әнге құштары бала кезінен байқалған Бақыт мектепте сахнаға шығып, талай сайыстардың алды болды. Ән әлемі кеңейіп, арман арқалаған жас қыздың келген жері – ән атасы Әміре шыққан топырақ Семей қаласындағы саз колледжі болды. 1968-1969 жылдары Абай атындағы драма театрында қызмет етіп, өнер тарландары Күлөш Сәкиева, Әбілқасым Жаңбырбаев, Тұратай Иісовадан тәлім-төрбие алды. Одан кейінгі әншілік жарқын өмірі Әміре Қашаубаев атындағы облыстық филармонияда жалғасып келеді. Осы уақыт ішінде гастрольдік сапарлармен Отанымыздың кең-байтақ түкпірлерін, шет елдердің біразын аралап қазақ өнерін паш етті. Өнер саласында көрермендерін ән қүдіретіне табындыра отырып, өзі де талай әйгілі өнер адамдарымен шығармашылық табыста болды. Өнер жолында мәдениет бөлімінің бастығы М.Масалимов, әншілер Р.Рымбаева, М.Ілиясова, С.Тұрысбеков, М.Ешекеев, Д.Хайруллин т.б.сыйлас та сырлас болды.
Әнші репертуарында «Жиырма бес», «Дудар-ай», Т.Базарбаевтың «Өз елім«, «Жан сәулем», Б.Сыбановтың «Ғашықтар туралы термесі» және халық әндері өзінің сұлу сазымен, ерке назымен ерекшеленеді. 1975 жылы Бүкілодақтық Орта Азия өнерпаздары конкурсына қатысып, бағалы дипломмен мараппатталғаны кешегідей есінде. 1980 жылы Ә.Қашаубаев атындағы бірінші әншілер байқауында бірінші жүлдені жеңіп алды. Осы жылы «Бақыт ән шырқайды« атты күй табағы мен телефильмі жарыққа шықты.
«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі» (1989) Бақыт ән репертуарын әрқашан толықтырып отырудан жалықпады. 1991 жылы жары, музыкант Болат екеуі Германияға, Моңғолияға, 1993 жылы Стамбул қаласына барып өнер көрсетіп қайтты. 2003 жылы 13 наурызда Абай театрында әншінің жаңа концерттік бағдарламасы өткізілді. Халқының сүйікті әншісі Бақыт Үдербаева туған ел-жұртына қалтқысыз қызмет етуде.
Ахметбекова А. Ермінезді әнші: Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі Бақыт Үдербаева туралы // Семей таңы.-2005.-1 сәуір.-5 б.
Ибрагимов Т. Толқын толғау.-Алматы: Өнер, 2000.-360 б.
Жоламанова П. Өнермен өрген өмірін: (Б.Үдербаева туралы) // Семей таңы.-1997.-12 қараша; Семей таңы.-1996.-12 қараша.
Мұхаметқалиқызы А. Өнер елге құт // Ертіс өңірі.-2003.-31 тамыз.-3 б.
Сазгерлер
Халқының жан-дүниесін, туған өлкесінің табиғаты мен тұрмысын шығармаларында көрсететін Семей өңірінің сазгерлерінің еңбектері ерекше атап өтуге тұрарлық. Олар өздерінің музыкалық шығармаларында туған елдің табиғатын, тілі мен халық әндерін арқау етеді. Семейлік сазгерлердің шығармалары келешек ұрпақты Отанын сүюге, патриоттық сезімге тәрбиелейді.
Семей – мәдениет пен өнердің қайнаған ортасы деп жатамыз. Семейлік сазгерлердің қай-қайсысының болсын, тек өздеріне ғана тән музыкалық ерекшеліктері бар, сонысымен белгілі. Атап айтқанда, қазақ өнерінің алтын қорында өзіндік орны бар әндерін халыққа жеткізу, дәріптеу, бүгінгі өнер иелері, соның ішінде Қазақстанның музыка өнерінде есімі әйгілі сазгер Теміржан Базарбаевтың алатын орны ерекше. Семей Теміржанымен мақтанады деген жақсы сөздің ақиқаты бар. Әуез әуен, сазгер атанып, ән түзеген сазгерлердің қатарында Арғынбек Ахметжанов, Қазақстанға еңбегі сіңген әртіс, өзінің барлық шығармашылық өмірін сахнаға арнаған Болат Сыбанов, бір қанаты ән болса, екінші қанаты – қаламгерлікпен танылған Жұмабек Қамбаров, театр актері, сазгер Сапарбек Әшімбеков, әнші-сазгер Тұрсынғазы Рахимов, күйші-сазгер Оразғали Сейітқазы, жастай жалындап, жалт етіп өте шыққан Жолан Дәстеновтердің өнерлері қазақ өнерінде жазылып қалған келер ұрпаққа өнегелі өмір.
Сайттың «Сазгерлер» айдарында – семейлік мақтан тұтар композиторлардың өмірі мен шығармалары туралы кітапхана қорының материалдары ұсынылады.
Уәли Айдаболов (1930-2000)
Сазгер, ұстаз Уәли Айдаболов Жарма ауданының Мариновка селосында дүниеге келген. Жасынан ауыр жұмыстарды басынан кешірген Уәли соғыс жылдары үзілген оқуын 1947 жылы ғана қайта жалғайды, сөйтіп, ауылдық кеңес Семей қаласындағы темір жол училищесіне оқуға жібереді, онда слесарьлық бөлімінде оқиды. Жыл өткенде Аягөздегі жаттығу тәжірибе маусымына жібереді, сонда керкеменерпаздар үйірмесіне қатысады. Ұжым оның өнерге құштарлығын қозғап, табиғатына біткен музыкалық дарынының көзін ашуына ықпалын тигізеді. Сырттай М.Төлебаев атындағы музыкалық училищені оқып бітіреді. Жарма ауданында автоклубта қызмет істей жүріп, домбыра мен баян тартуды үйренеді.
Скотоводта мектепке шақырылғаннан бастап: мұғалімдік қызметпен қатар алғашқы музыкалық дарынымен алғашқы шығармалары да жарыққа шыға бастайды. Олар: Қ.Алтынбаевтың өлеңіне жазылған «Туған жер» әні еді. Оның жалғасы ретінде К.Шалқаров, Т.Әбдірахманованың өлеңдеріне жазылған «Алыстадың арманым», «Дос қандай» әндері дүниеге келді.
1973 жылы Семейге көшіп келген соң қаладағы 16 қазақ мектебіне қызметке орналасып ән сабағынан 20 жылдан астам дәріс береді. Осы мектепте қызмет істей жүріп өнер адамдары Т.Базарбаевпен, Д.Хайруллин тағы басқалармен шығармашылық қарым-қатынаста болды. Шығармашылықта тың серпілістер жасап Абай әлеміне жақындай түсті.
Уәли Иманғалиұлы Айдаболов көп жылдық халық ағартудағы сіңірген еңбегі үшін «Халық ағарту ісінің озық қызметкері« атағына ие болды. Мәдениет, оқу-ағарту министрліктерінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Шыңғысұлы Б. Жас өнерпаздар ұстазы // Семей таңы.-1982.-12 май.
Шыңғысұлы Б. Өмірін өнерге арнаған // Семей таңы.-1993.-26 қаңтар.
Ахметжанов Арғынбек (1936 ж.) – композитор-абайтанушы, журналист
1936 жылы 5 қаңтарда Абай ауданының Саржал ауылында дүниеге келген. Әкесі Ақыш–атбегі әрі құстарды да жақсы таныған. Анасы Дәметкен – дәстүрлі қолданбалы өнер шебері болған.
Абай ауданының тумасы Арғынбек Ахметжанов Семей педагогика училищесін бітірген соң, 18 жасынан Абай ауданының Қасқабұлақ селолық мектебінде ән-күй пәнінің мұғалімі болудан бастаған. Педагог филолог, журналист А.Ахметжанов Семейдің педагогикалық институтын, Алматы жоғары партия мектебін бітірген. Абай ауданында, Семей облыстық газеті мен облыстық телерадиокомпаниясында ұстаздық, комсомол-партиялық, журналистік қызметтерді атқара жүріп, 40 жыл бойы қазақтың қолөнер шеберлігі, музыкалық, ақындық, журналистік шығармашылық еңбектерімен шұғылданған. Ұлы Абайдың 30-дан астам өлеңіне ән-романс, басқа ақындар мен өз өлеңдеріне әндер жазып, ел ішіне танымал болды, бірнеше дүркін ән байқауларының жүлдегері атанды.
«Шыңғыстау», «Абай ұрпақтарының үні», Абай өлеңіне жазған «Тоты құс түсті көбелек» әндері автордың тұсау кесер шығармалары. Әндері «Әнің болып төгілемін», «Құлақтан кіріп, бойды алар» т.б. жинақтарға еніп, баспа беттеріне жарияланып, респуликалық Қазақ радиосының «Алтын қорына» қабылданған. Арғынбек өз шығармаларын шәкірттеріне, әншілерге үйретіп, телерадио-хабарлар мен шығармашылық кездесулер ұйымдастырып, ұлы Абайдың рухани мұрасын насихаттап келеді.
Абайдың көптеген өлеңдеріне ән жазды. Ол әнді жергілікті танымал әншілер Дауыл Хайруллин, Роза Байдалина, Гүлшат Еруовалар радио мен көгілдір экранда мерекелік концерттерде орындалды.
Сазгердің жас кезінде шығарған «Шыңғыстау» әні бұл күнде жиі орындалып, көп дауыста да сахнада орындалып жүр. Сонымен қатар «Ел табалмай», «Қалқам ай, мен үндемей жүремін көп» өлеңдерін Әміре Қашаубаев атындағы әншілер конкурсының лауреаты Санақ Әбеуов, әнші Болатқызы Еркежановтар жиі орындайды. А.Ахметжанов Шәкәрім Құдайбердиевтың өнер жолын кеңінен зерттеп жүрген журналист. 1999 жылы баспадан «Сазды сапар» атты өмірбаяндық кітабы басылып шықты.
Әдебиеттер:
Ахметжанов А. Сазды сапар: Өмір мен өнер туралы толғаныс. – Семей, 1999. -169 6.
Қайырбекүлы А. Семейдің бенвенутосы // Семей таңы. – 2003. – 11 сәуір. – 156.
Мұхамадиұлы М. Ұлыларды ұлықтап, өнерді серіктеп // Семей таңы . – 2011. – 27 қыркүйек. – С. 3
Сапарбек Әшімбеков
ССРО Мәдениетінің үздік қызметкері (1975), Қазақстан Республикасының Мәдениет кайраткері, сазгер, актер Сапарбек Әшімбекұлы өнер саласында аянбай еңбек етіп жүрген тума таланттарымыздың бірі. Әуезді әндері мен күйлері тыңдаушысына ой салып, әсер етер белгілі сазгер.
Сапарбек Әшімбеков 1942 жылы 24 қаңтарда Абыралы ауданының «Қоныстан» колхозының бұрынғы 7-ауылында туған. 1959 жылы Аягөз ауданы Сергиополь орта мектеп-интернатын бітіріп, 1962-1966 жылдары қаладағы М.Төлебаев атындағы музыка училищесіне түсіп, халық аспаптар оркестрінің мамандығы бойынша бітіріп шықты. Абай атындағы мемлекеттік театрдың екі жылдық студиясын бітіріп, актер мамандығын да алып шығады.
1966 жылы алғашқы еңбек жолын Абай атындағы қазақ музыкалық-драма театрында бастады. Содан бері осы өнер ордасында қызмет етіп келеді. Театр жанындағы екі жылдық студияны бітірген соң жиырма жылға жуық оның музыка бөлімін басқарды. «Мелодия» фирмасынан 1974 жылы әнші Ж. Қамбаровтың орындауында бес ән, әнші-сазгер Т. Рахимовтың орындауында алты әні күйтабаққа жазылып жарыққа шықты.
Бұрынғы драма театрының музыкалы драма театры болып қалыптасуына өзіндік үлес қосты. «Досымның үйленуі», «Үйленгім келмейді», «Тойым-той», «Әнім сен едің», «Менің атым Қожа», «Махаббат неге оянбады?» сияқты көптеген спектакльдерді музыкаландырды.
Сапарбек Әшімбековтің әндерінің қайсысын алсақ та, басқа шығармаларға ұқсастық таба алмайсың. Автордың тек өзіне ғана тән стилі танылып тұрады. Ол 150-ден астам әндер, күйлер жазды. Солардың көпшілігі әншілердің жеке орындауларында және театр артистерінің орындауында халықтық мерекелерде жиі орындалады.
«Келші құрбым» (сөзі Қ.Шотановтікі), «Тыраулайды тырналар» (сөзі Т.Молдағалиевтікі), «Жайлау еді…», «Дариға жүрек» (сөзі М.Мақатаевтікі), Абайдың өлеңіне жазған «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?», «Қыз сөзі» т.б. әндердің және «Сырласу», «Саятта», «Дауылдатқан қараша», «Нұр-Астана» күйлерінің авторы.
Ұстазы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, композитор Теміржан Базарбаев «Сапарбектің шығармаларының бір ерекшелігі, жастайынан театрда істегендігінен бе деймін, әндерінің іші тығыз, арқауы қатты, толған драма» дейтін.
1975 жылы КСРО Мәдениет Министрлігінің «Мәдениет саласының озық қызметкері» значогымен марапатталды. Қазақстан Республикасының «Мәдениет қызметкері», Қазақстан Республикасы Ертіс өңірі композиторлары Одағының мүшесі Сапарбек Әшімбеков қазір де Абай атындағы музыкалы-драма театрында актерлік жөне сазгерлік шығармашылықта жемісті қызмет етуде.
Әшімбекұлы С. Іңкәр сезім, әуендері: (Әндері нотасымен берілген). -Семей: «Талант», 2011.-132 б. Елеуғожин Б. Әннің де естісі бар… // Семей таңы. – 1994. -22 қантар – 46.
Қамбаров Ж. Сан сырлы сахна. — Алматы, 2004. – 2606.
Рахимбаев М.С. С.Әшімбекұлының музыкалық шығармашылығы туралы пікір // Әшімбекұлы С. Іңкәр сезім, әуендері. -Семей: «Талант»,2011.-1 б.
Теміржан Базарбаев(1935 – 2006)
Қазақ музыка өнерінің тұлғалы тұғырының бірі – Теміржан Базарбаев. Әріде атамекені Батыстан кеп, Талдықорғанның Үшарал балалар үйінде өскен бала жастайынан музыкаға бейім боп өсті. 1961 жылы Алматы консерваториясын бітірген.
1961 жылдан бастап М.Төлебаев атындағы Семей музыкалық училищесі теория бөлімшесінің меңгерушісі әрі оқытушысы болып қызмет атқарды.
1979-1982 жылдары Қазақстан Композиторлар одағының Ертіс бойы бөлімшесін басқарды.
Композитор шығармашылығында Отан жайында, туған өлкенің әсемдігі мен халқының тарихы сияқты азаматтық тақырыптар басты орын алған. Атап айтқанда, «Қаздар қайтқанда», «Студенттік кештер», «Ауылым» әндерімен қатар, «Отан таңы», «Семей жастары», «Қалың елім, қазағым,қайран жүртым», «Белгісіз солдат анасы«, «Курган бессмертия», «Шалқыма«, «Әнсіз қазақ болмаған», «Қазақстан», «Мен-коммунистпін», т.б. ондаған дүниелері қазақ музыкасының асыл қорлары.
Өнер қайраткері-суреткері ұлттық қазына қорындағы орнын айқындайтын симфония, фантазия, поэма, романс опералық жанрларында тудырған шығармалардың болғандығы ғана емес. Сонымен қатар жалпы шығармашылығындағы халықтық, ұлттық нақыш, нәр мен құнарынан үндестік табуында болса керек.
Теміржан Базарбаев – арнайы білімді, теориялық сауатты, әлемдік музыкадан мол хабары бар өнер иесі. Баспадан жарық көрген «Қаздар қайтқанда», «Ақбаян» жинағына енген отыздай әндері мен романстары енгізілген. Т.Базарбаевтың Т.Молдағалиев, Н.Шәкенов, Ж.Молдағалиев өлеңдеріне шығарған «Жаңа жерлер», «Қазақстан» т.б. шығармалары – қазақ ән дөстүрінің тағы бір жаңа жаңарған құбылысының жемісі.
Сазгердің домбыра мен өзге аспаптардың қосылуымен шығарған терме-толғаулары қазіргі музыкаға қосып отырған жанр жаңғыртудағы тың үлесі. Семей өңірі, Семей қаласы – Теміржан Базарбаевтың өнер бесігі, ән үясы.
Иманғали М. Ән ұялаған жүрек Теміржанын сағынып жүр // Дидар. – 2010. – 11 наурыз. – 7 б.
Қамбаров, Ж. Жүректерге жол тапқан әндер шырқалады // Семей таңы. – 2009. – 4 маусым. – 4 б.
Кәрібжанов,О. Біртуар Базарбаев = Өнер тарланы // Ертіс өңірі. – 2010. – 10 наурыз. – 13 б. Семей таңы. – 2010. – 8 сәуір. – С. 3; Қазақ әдебиеті. – 2010. – 4 маусым. – С. 5
Кәрібжанов , О. ”Студенттеріміздің келешегі жарқын боларына еш күмәніміз жоқ” // Семей таңы. – 2010. – 17 маусым. – С. 4
Сейсенұлы, Д. ”Ауылын” ардақтап, ”Тамашамен” тамсандырған // Семей таңы. – 2010. – 25 наурыз. – С. 2
Жолан Дәстенов (1943 – 1991)
Жерлесіміз, сазгер Жолан Дәстенов Бесқарағай ауданы, Өндіріс селосының түлегі. Болашақ сазгер қарапайым жұмысшы отбасында туған. Семияр орта мектебін тәмамдаған соң, Семей музыка училищесіне түсіп, өмірдегі орнын дәл болжап, түпкілікті бағдарлайды. Басында баян класында оқыған Жолан кейіннен өз ыңғайын байқап музыка теориясы белімшесіне ауысады.
Осыдан кейін Алматыдағы Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясына түседі. Онда профессор Қ.Қожамияровтың композиция класын бітіреді.
Консерваторияны бітірген Жолан Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында бір жылдай лекторлықпен шұғылданады. Енді бір жыл өткенде Композиторлар Одағына мүшелікке қабылданады.
Кешегі шәкірт өзі де ұстаз атанып, көп ұзамай 1971 жылдан бастап консерваторияда сабақ береді. Бұдан соң біраз жылдар қазақ теледидары мен радиосында бас редактор қызметін атқарады.
Жерлесіміздің біраз еңбек еткен жері – өзінің Семейі. Сол кезде Композиторлар одағының Ертіс өңірі бөлімшесі құрылып, оның төрағалығына Ж.Дәстенов сайланады. Кейіннен қайта Алматыға оралып, Композиторлар одағы басқармасының хатшысы болып қызмет етеді.
Жолан қазақтың музыка өнерін насихаттауда қанша елді шарлады.
Қазақ, орыс тілінде телевидение мен радиодан 400-ден аса материалдарды оқыды. Осындай қызметтерден басқа сазгердің шығармашылығы өз алдына бір сала еді. Композитордың оркестр мен виолончельге арналған концерті, оркестр үшін жазылған екі концерті, бірнеше симфониялық поэмалары, «Абайды еске алу» дейтін фортепианалдық трио әндері, хорлары, романстары т.б. бар.
Композитор драмалық спектакльдерге де сөз жазған. «Тоқта мерген« атты мюзиклдің авторы Ж.Дәстенов болатын. Сазгердің ең бірінші балаларға арнап жазған операсы «Қаңбақ шал» 1979 жылы жарық көрді.
1976 жылы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы лауреаты атағын алды.
Шығармашылық өнерде Жолан ежелгі фольклорға да ден қойды.
Шығыстың саз мәдениетіне тән ортақ қасиеттерді бедерлендіре отырып, қазақ, өзбек, тәжік, ұйғыр халық музыкасының әуендерін үндестіре білген.
Сазгердің ең соңғы ірі шығармасы Абайдың аттас поэмасы бойынша жазылған «Ескендір» симфониялық поэмасы.
Дарынды сазгер 1991 жылы 10 қазанда қайғылы қазаға ұшырады.
Жанияров О. Ғұмыры қысқа болғанмен: (Сазгердің туғанына 50 жыл толуына орай) // Семей таңы.-1993.-16 қаңтар
Жұманиязов Б. Биік талғам: (Сазгер Ж.Дәстенов) // Мәдениет және тұрмыс.-1977.- И10.-8 б.
Тұрсынбаев Ж.Сырлы саз сапарында. (Шығармашылығы жайында) // Қазақ әдебиеті.- 1978.- 27 октябрь.
Бекен Жамақаев (1931-1972)
Қазақ өнерінде шоқтай жарқырап, жұлдыздай ағып түскен жерлес сазгеріміз Бекен (Бекенғали) Жұмабекұлы 1931 жылы Абай ауданының Саржал селосынан елу шақырымдай Жанан деген жерде дүниеге келген. Балалық шағы Семей қаласында өтті. Осындағы 16-мектептің жетінші класын бітірді. 1946-1948 жылдары Абай атындағы облыстық драма театрында артистік қызмет атқарды. Мұнан соң 1948 жылы М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжге түсіп, оны 1950 жылы барлық пәннен үздік бітіріп шықты. 1951-1952 жылдары облыстық радиокомитетте әдеби қызметкер, 1952-1957 жылға дейін цензор болып істеді. 1958-1960 жылға дейін радиокомитетте қызмет атқарды.
Онан кейін денсаулығына байланысты еш жерде қызмет істемеген.
Болашақ сазгердің атағын шығарған сөзі акын Н.Шәкеновтікі атақты ән «Махаббат вальсі» болды. 1955 жылы 28 қазанда Қазақ радиосынан әнші Р.Бағланованың орындауында белгісіз бір әннің тұсауы кесілді. Жаңа ән байтақ қазақ даласын шарлай жөнелді. Бұл ән Бекеннің бағын ашқан, Нұфтолла ақынның дарынын танытқан, Роза әншінің репертуарын байытқан ән осылай дүниеге келген болатын. Жазушы М.Әуезов әнді қатты ұнатып, әннің шығу тарихын сұрағанда сазгер өзінің өкпе ауруына шалдығып, сүйген қызына үйлене алмай жүргенін мұң етіп айтқан. Осыдан кейін жазушы оның сауығып кетуінен көмегін аямаған дейді көз көргендер.
Кейіннен сазгер халқына тағы бір тамаша өн сыйлады. Ол «Ертіс вальсі» деген ән. Оны да Р.Бағланова орындады. Сазгердің шығармашылық өрлеу кезеңі елуінші – алпысыншы жылдар аралығы болды. Әндерінің басым көпшілігі вальс ырғағына жазылғаны мәлім. Соның ішінде әнсүйер қауымның құмарын қандыра шартарапқа кеңінен тараған, «Сен ғана», «Гүлім қайда», «Мереке вальсі», «Қарағанды вальсі» және басқалары. Классикалық опералардың клавирларымен молымен танысқан сазгер, ешқандай композиторлық білім алмай-ақ, өзіндік іздену нәтижесінде өзіне тән қолтаңбасын жасау бақытына қол жеткізді. Соның бір дәлелі – Еуропа классицизмі элементтері ішінде қазақ даласының тынысы мен эстетикалық ұлттық ән жанрының үйлесім табуы, қиюласуы. Бекен Жамақаевтың композиторлық мол мұрасы музыка танушылардың мұқият ізденістерін аса қажет етуде.
1972 жылы қаңтар айында қырық бір жасында талантты сазгер дүниеден өтті.
Алматыда тұратын баласы Бақытжан өке мүрасын жинастырып түрлі-түсті «Махаббат вальсі» атты ән жинағын шығарған. Оған сазгердің 38 әні енгізілген.
Бекен Жамақаев пен Шәмші Қалдаяқов қазақтың ән өнерінде «Вальс корольдері» атанған хас таланттар еді. Екеуі де үкімет назарына ілінбесе де, халқының жүрегінде мәңгі орнығып қалғандығы
Алматы, Семей шаһарларында көшелерге жаңа атаулар берілді. Олар қазақ халқының даңқты ұлдары мен қыздарының киелі есімдерін иеленді. Солардың ішінде сазгер Бекен Жамақаев есімі де сан жүректерден мәңгілік орын алды.
Әміренов М. Әндерін ұлы Мұхаң ұнатқан сазгер //Дидар.-2001. 28 сәуір.
Әміренов М. «Вальс королі» // Егемен Қазақстан. – 2001. -30 мамыр.
Нұрбаев,С. Әнмен махаббаты әлдилеген (туғанына 80 жыл) // Семей таңы . – 2011. – 17 мамыр. – С. 2
Ордабаева Г. «Әруағы көтерілген әуен боп» // Ертіс өңірі.-2005.-16 маусым.-23 б.
Олег Жанияров
Қазақстан композиторлар одағы Ертіс өңірі бөлімшесінің төрағасы. Шығыс Қазақстан облысындағы «Лесная пристань» станциясында туып өскен сазгер бүгінгі таңда Семей қаласында қызмет етеді.
Алматы консерваториясын профессор Е.Рахмадиевтің композиция класы бойынша бітірген О.Жанияров тек қана Шығыс өңірі ғана емес, сонымен бірге республикаға танымал қарымды композиторлардың бірі. Мысалы, «Бүркіт әні», «Бұл баяғы Қожанасыр» сияқты опералары, «Мерекелік увертюра» атты үлкен симфониялық оркестрге арналған симфоноялық поэмасы, «Интернационал туралы», «Адам жөне жұлдыздар» канаталары О.Жанияровты күрделі музыкалық жанрларға құлаш ұрған кесек тұлғалы композитор ретінде танымал етті. Сондай-ақ, баритон мен фортепианоға лайықталған «Микеланджело мемориалы» атты вокальдық циклы мен «Петрарконың сонеттері» деген кларнетке арналған сонатасы да тыңдаушылар жүрегінен берік орын алды.
Композитор өзінің кішкентай тыңдаушыларын да ұмыт қалдырған емес. Өйткені, «Менің ойыншықтарым«, «Ивашка» және басқа да әндері бүлдіршіндердің сүйіп тыңдайтын шығармаларына айналды. Қазіргі уақытта Семей саз колледжінде дәріс береді.
Жан дүниесі тұнған ән: (Сазгер О.Жанияров туралы) // Семей таңы.-1995.-21 қараша.
Қамбаров Ж. Сан сырлы сахна.-Алматы, 2004,-184 б.
Жұмабек Қамбаров
Әнші, композитор, журналист, драматург, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Жұмабек Әділғазыұлы Қамбаров бес жасында домбыра ұстап «Еңлік-Кебек», «Қобыланды», «Алпамыс» «Қамбар» дастандарын жатқа соғып айтатынын ұстаздары Б.Исабаев пен Д.Боранбаев байқаған еді. Бірі әдебиет әлеміне икемдесе, екіншісі өнер жолына бағыт сілтеп, шәкірттің әрбір аяқ алысына қуанатын, болашағына үлкен үміт артып, ертеңіне сенетін.
Абай ауданы Құндызды орта мектебін бітіргеннен кейін-ақ аудандық «Қаламқас» ансамбліне шақырылады. Аудандық халық театрына шақырылды.
Әскер қатарынан орала салысымен ел ордасы Алматыға аттанады. «Өнер» мектебінің өншілер даярлайтын бөліміне Қазақстанның халық ертісі Ж.Елебековтің класына қабылданып, батасын алуы болашақ сазгерге сенім жүгін арқалатты. 1975 жылы Абай атындағы музыкалы-драма театрына қабылданады. Әнші, сахна шебері Абай, Біржан, Естай, Ақансері әндерін асқақатата шырқап, құлақ құрышын қандыра сезім тынысын дөп басса, «Қаракөзде» Асан, «Менің атым Қожада» Қожа, «Еңлік-Кебекте» Жапал, «Кісінейді құлындарда» Дулат т.б. рольдерді сомдап, халық алғысына беленді.
Осы кезден бастап мақала да жаза бастайды. Қаламы ұштала түскен ол 1975 жылы «Аққу әні» пьесасын жазады. Содан бері 30 жыл ішінде Ж.Қамбаров қаламьшан үлкенді-кішілі оннан аса пьеса жазылды. Атап айтсақ, «Жер ана неге күрсінеді», «Махаббат, қызық мол жылдар», «Жаралы жүрек», «Желтоқсан жаңғьфығы» т.б. туындыларын жұртшылық жылы қабылдады. Бүл талантты өнерпаздың журналистік еңбегі еді.
1980 жылы оның журналистік еңбегін бағалаған Семей облыстық телерадиокомпаниясы әдебиет-өнер редакциясына қызметке шақырады. Осында жүріп талай жас таланттың түсауын кесті. Ол дайындаған «Халық таланттары», «Самал», «Өнеге», «Ән әлемі» сияқты әдеби музыкалық хабарлар республикалық эфирге де шықты.
1989 жылы қырық жыл бойы Семей халқына қасірет өкелген полигон тақырыбына да алғаш рет драмалық қойылым жазған. Ол тек талантты өнерпаз ғана емес, шәкірт дайындаған ұлағатты ұстаз. 1980-1990 жылдары аралығында қаламыздағы педагогикалық институтының студенттеріне арнап «Еңлікгүл« эстетикалық клуб ұйымдастырып, жас таланттарды өнерге баулыса, қазіргі кезде қала мектептерінің шәкірттерінен жиналған «Өнер» мектебіне қоғамдық дәріс беріп жүр.
Елуден астам әннің, «Мұхтар асуы», «Сахнагер» кітаптарының авторы Жұмабек бұл күндері қаламыздың мәдениет саласында қызмет етеді.
Қамбаров Ж. Мұхтар асуы. – Семей қаласы: Семей-печать,1997.
Қамбаров Ж. Сан сырлы сахна.-Алматы, 2004.-260 б.
Қамбаров, Ж. Әншіге талғампаздық қажет // Ертіс өңірі . – 2010. – 22 қыркүйек. – С. 8
Нұрбаев, С. Жапал атанған Жұмабек Қамбаров алпыстың асқарында // Семей таңы . – 2010. – 21 қазан. – С. 11
Кәріпбаев , С. Қамбаровқа қошамет // Ертіс өңірі . – 2010. – 27 қазан. – 3 б.
Кентау Назарбек
Кентау Назарбек – Абай ауданы, Қарауыл селосында дүниеге келген. 1972 жылы Абай атындағы орта мектеп табалдырығын аттап, 1982 жылы осы мектепті бітірген. 1983-1985 жылдар әскери борышын өткерді. 1986 жылы Семейдің Шекерім атындағы педагогикалық институтының көркемсурет факультетіне түсіп, оны 1991 жылы тәмамдаған. Студент кезінде белсенді әншілер қатарында болды. 1992 жылы Облыстық жастар комитетіне қызметке тұрып жастар өміріне белсене араласады. 1994 жылы қалалық мөдениет басқармасын басқарды. 1993 жылы еткен «Үкілі үміт» атты Республикалық сазгерлер байқауының жүлдегері.
Ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойына арналған қалалық, республикалық сазгерлер байқауының жүлдегері. Қазіргі уақытта 60-қа жуық әннің авторы. 1980 жылдан бері қазақтың қара домбырасын серік етіп, өнер жолында еңбек атқаруда. Әндері республикаға және облысқа танымал әншілердің репертуарынан берік орын алған. Кентау Назарбектің, әндері Қытайда, Моңғолияда шырқала бастады. Тіпті, Ресейдегі қандастар да елге деген сағынышын Кентау ендерімен жеткізіп, содан рух алады екен. Өйткені оның шығармаларында ұлтымыздың шынайы бітім-болмысы ұмытылмастай әсер қалдырады.
Теміржан Базарбаевтай ұстазы бар, халық көкейінен шыққан бірегей туындысы «Бір бәйтерек, бір шынар» атты әннің авторы К.Назарбек қазірде шығармашылық өрлеу шағында.
Назарбек К. Бір бәйтерек, бір шынар: Әндер жинағы. – Семей қаласы, 2000.-82 б.
Исабаев , Е. Ерлі-зайыпты қолөнер шеберлері = Сахна саңлақтары = Немерем өнерді сүйеді = 20 жылдыққа 20 ән = Бақ қонған күн : Әні мен өлеңі К.Назарбектікі // Семей таңы. – 2011. – 20 желтоқсан. – С. 3
Кәріпбаев С. Ұлттық нақыш, ұмтылмас әсер: (К.Назарбектің әндері туралы) // Ертіс өңірі.-2005.-10 қараша.-ЗІ б.
Назарбек, К. Белгілі мөлшерде цензура керек // Ертіс өңірі . – 2011. – 14 қыркүйек. – С. 9
Тұрсынғазы Рахимов
Сазгер Тұрсынғазы Рахимов отыз жылға жуық қазақ даласын шарлап, өз өнерімен қалың қауымды сүйсінтіп жүрген әнші.Ел таныған сазгер-әнші өмірінде сан рет есте қалар сәтті күндер, қызықты да қылықты жиындар болды. 1993 жылы желтоқсан айының басында Алматыда сазгердің шығармашылық кеші етті.
1993 жылы Тұрсынғазының «Сәби болғым келеді» деген атпен әндер жинағы шықты. Жинаққа «Әнге ғашық жүрек» деген алғысөз жазған ғалым зерттеуші Т.Ибрагимов. Сол жылы әнші Қытай еліне арнайы шақырумен барып, Үрімжіде өнер көрсетіп қайтты. Әр әннің өз тағдыры, өзінің дауысының бояуы, жүрек лүпілі болады. Иісі қазақ жұртының қан тамырындай бүлкілдеген сол бір нұрлы айшықтың ішінде сазгердің де өз үні бар. Оның әндерінің жол табуына себепкер болған адам – Мұқағали Мақатаев. Арқалы ақынның аруағы Тұрсынғазының талантын әлі күнге жебеп келеді. Тұңғыш сәбиі дүниеге келгенде шығарған «Сәби болғым келеді» әні оның бүкіл шығармашылық тағдырын ашып берді. Осы уақытқа дейін ақынның он беске жуық өлеңін әнге қосты. Оның «Дариға, домбырамды берші маған», «Отыздан асып барамын», «Мен сені сағынғанда», «Санаулы күн, санаулы ай, санаулы жыл» атты әндері жан дүниеңді тебірентетін дүние. Әр әннің өзінің шығу тарихы болады дегендей, сазгердің «Батыр баба – Қабанбай», «Ән атасы -Әміре», Әсетке арналған «Сағынбасқа не шара», Жәнібек Кәрменовке арналған «Ақ бөкен» атты әндері әншінің шын жүрегінен туған. Жүз шақты әннің авторы, сазгер шығармашылығын одан әрі жалғастыруда аянбай еңбек етуде.
Рахимов Т. Нені аңсаймын.-Өскемен: Медиа-Альянс, 2004.-1806.
Құрметті атақ берілді: («Қазақстан республикасының еңбек сіңірген Мәдениет қызметкері» атағы берілді) // Семей таңы.-1992.-26 қаңтар.
Иманбаева, А. ”Сәби болғым келеді”.. // Мәдениет. – 2010. – №4. – С. 17-19 :
Рахимов, Т. Үйден жұмысқа барғанша 60 адаммен амандасамын // Семей таңы. – 2011. – 29 наурыз. – С. 4
Рахимов, Т. Мұқағалидың жырларынан жаныма жылу құйылады // Дидар. – 2011. – 14 қазан. – С. 7
Сабырбай Қ. Тұрсынғазы туындыларының тарихы // Ертіс өңірі . – 2011. – 26 қазан. – С. 10
Омаров Ж. Тұрсынғазы әндері төмендемейді // Ертіс өңірі . – 2012. – 4 қаңтар. – С. 9
Рахымбаев Мәулет
Мәулет Сабырбекұлы Рахымбаев 1948 жылы 7 наурызда Семей қаласында туған. 1966 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін қаладағы М.Төлебаев атындағы музыка училищесінің музыка теориясы бөліміне түсіп, 1969 жылы Құрманғазы атындағы консерваторияның профессор Қ.Қожамияровтың композиция класына оқуға қабылданады. Бұл уақытта талантты сазгер бірнеше инструментальды-камералық және вокалды шығармалардың авторы болып үлгереді.
Консерваторияда оқып жүрген жылдары сазгер әр түрлі музыка жанрларында жемісті қызмет етеді, бірақ сазгердің шығармашылық зертханасы камералық жанр болып қалады. Оның авторлығымен альт аспабына арналған «Соната», «Күй», виолончельге арналған «Монолог» және Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» атты романы бойынша жазылған «Азап вагоны» атты поэмалық шығармалары жазылды.
Сазгер симфониялық музыкалық жанрларда үлкен симфониялық оркестр үшін Сюита және Поэма жазды. Консерваторияны ойдағыдай бітірген сазгер Семей қаласына қайтып келіп музыкалық училищеде педагогикалық қызметін бастайды. Оның шығармашылығынан қазақтың ұлттық ақындарының өлеңдеріне 30-дан аса әндер мен романстар жазылды. Сазгердің шығармалары концерттерде жиі орындалады. Рахымбаевтың соңғы уақыттарда жазған шығармалары: «Қайда да біргесің, туған ел» (сөзі Т.Молдағалиевтікі), «Туған өлкем» (сөзі А.Тұрманжановтікі), «Күн сәулелі Қазақстан» (сөзі С.Жұмаевтікі), «Жаңа жыл жыры» (сөзі Ә.Дүйсенбиевтікі), «Жастық шақ» (сөзі А.Бейсембиевтікі), «Күттің бе, сен» (сөзі С.Түменованікі), сонымен қатар үрмелі аспаптар оркестріне арналып жазылған «Мереке», вальс «Серенада» шығармалары бар. Абай атындағы музыка-драма театрында қойылып жүрген «Сотанайдың соңғы үйленуі» спектакліне арнап музыкалық водевиль жазды.
Шығыс Қазақстан облысы Семей қалалық концерттік-гастрольдік дирекциясының көркемдік кеңесінің төрағасы, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, қазіргі уақытта Семей қаласы Білім жөне жастар сарайы Л.Хамиди атындағы №1 балалар музыка мектебінде басшылық қызметте.
Мельников Д. «Крешендо» с продолжением // Спектр. — 1998. -4март. – 15 с.
Мельников Д. «Зрелость таланта» // Семипалатинские ведомости. – 1998. – 12 март. – З с.
Рахымбаев Мәулет // Шығыс жұлдыздары. Т.1.-Астана,2011.-261 б.
Оразғали Сейітқазы
Қобызшы-ұстаз, дирижер, сазгер Оразғали Жүнісбекұлы Сейітқазының есімі Шығыс өңіріне ғана емес, күллі республикаға танымал. Ол М.Төлебаев атындағы музыкалық колледжде көп жылдар бойы директордың орынбасары болып басшылық қызметті де, оқытушы болып та лайықты жұмыс істеп келді. Оразғали қасиетті Қарқаралының қасиетті топырағының тумасы (1950 жылы туған). Оразғали 8 сыныпты бітірген соң, 1965 жылы Қарағандыдағы Тәттімбет атындағы музыкалық училищенің қобыз класына оқуға түседі.
1969 жылы қазақ өнерінің қарашаңырағы Алматыдағы Құрманғазы атындағы мемлекетгік консерваторияда қылқобыздан дөріс алады.
1970 жылы өнертану ғылымының докторы, профессор Б.Сарыбаевтың халқымыздың көне музыкалық аспаптарынан құрылған ансамбліне мүше болып кіреді. Қылқобыздың арқасында О.Сейітқазы «Қыз Жібек», «Құлагер» т.б. фильмдердің музыкасын көркемдеу бақытына ие болады. Семейде музыкалық колледжде республикалық деңгейде қылқобыз класын ашты. Өзінің педагогтық, орындаушылық шеберлігін қатар жетілдіруге әрқашан да мән беріп отыратын үнемі ізденіс үстіндегі ұстаз сан рет қалалық, облыстық, республикалық масштабта жеке нөмірімен де, ансамбль құрамында да көпшілік алдына шығып жүрген өнер шебері.
1975 жылы «Әсем»ансамблінің құрамында Франция жұртшылығын домбыра мен қобыз үніне таң қалдырып қайтты. 1992 жылы колледж Чайковский атындағы концерт залында өнер көрсетіп қайтты. Сазгер Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті музыка кафедрасының аға оқытушысы болып қызмет атқарды. О.Сейітқазы шығарған әндер мен күйлер радио, теледидардан беріліп тұрады. Қобызбен орындаған он шақты күйі Қазақ радиосының алтын қорына алынған. Оразғали Сейітқазы Қазақстан Республикасы оқу ісінің үздігі, ұстаз, талантты сазгер.
Сейітқазы О. Музыкалық мұра насихататуды қажет етеді /К.Әлімбек // Ертіс өңірі.-2010.-29 қыркүйек.-8 б.
Әлімбек К. Музыкалық мұра насихаттауды қажет етеді // Ертіс өңірі . – 2010. – 29 қыркүйек. – 8 б.
Иманбаева, А. Бабалар сарынын сақтаған // Мәдениет. – 2010. – №11. – С. 32-33. – Семейдің Ә.Қашаубаев атындағы филармониясының директоры, белгілі қобызшы Оразғали Сейітқазин туралы.
Қамбаров Ж. Қобыз сазы: (О.Сейітқазин туралы) // Семей таңы.-1978. – 6 декабрь. – 14 б.
Қамбаров, Ж. Оркестр орындаған күйлер ”Серпердің” сәнін кіргізді // Ертіс өңірі. – 2009. – 3 маусым. – 21 б.
Оразғали Сейітқазы // Абай. – 2002. – № 1. – 97 б.