Ақынның асқақ жырлары қазақтың әр азаматына, әсіресе жастарына тектілікті, ірілікті, тазалықты, арлылықты, адалдықты танытар тәрбиелік-танымдық қасиетімен құнды. Сондықтан ер азаматтың рухын жанып, намысын оятатын, қыз балалардың сезімін тәрбиелеген жырлары ғаламдану деп аталатын мына күрделі дәуірде, қайшылығы мол мүмкіндіктерін меңгерген майталман сөз шебері, дара да дарынды ақын Фариза – поэзиямыздағы ерекше құбылыс деп ойлаймын.

Тәңіріне жүгініп, тәубасынан жаңылмағанның, сабырына сүйеніп, сағы сынбағанның көрешегі көп, келешегі кең боларын Фаризаның мына шумағы меңзейді:

Зарығудан түн болып барлық таңым,
Біт-шыт қылған денемнің қалдықтарын
Құрастырып,
Қайтадан адам бола
Бастағаным…
Осыны бар ма ұққаның!

Лебізінен лепті риторика лекіген ақын өзін елінің еркелеткенін де қалайды.

Шын мәнінде, Фариза Оңғарсынованың «поэзия планетасы» – оны көзі де, көңілі де ұдайы сағына, сарғая іздеп тұратын халқының рухани галактикасындағы көмескі, күңгірт тартпая шамшырақтардың бірі.

Ақының «Ақбөбек жырлары» поэмасы да өзінің қысқалығы және жинақтылы, сюжет, композиция құру ерекшілігі, қаһарман образдарын жасау жағынан «Тартады бозбаланы магнитім…» шығармасына ұқсас. Бұл поэмада халық аңызы емес, шындық өмір негізінде бірін – бірі сүйіп қалып, бірақ тар заманның шектеуі мен құрсауынан қосыла алмаған Ақбөбек пен Қайыптың махаббаты жырланған. Ақбөбек те Майра ақын сияқты даламен, тау – таспен терең сырласатын, қуанышын, мұын сыртқы ақтарғысы келетін романтик, үшін қандай қарсылыққа да тура бара алатын батыл. Ақбөбек бәрінен бұрын табиғат сұлулығына, махаббатқа құштар. Алдымен оның ішкі жаны сұлу, тәні таза.

Дала,менің жеңешемдей
кетіпсің ғой құлпырып тым!
Тіршіліктің бәрі бүгін,
Бәрі бүгін түледі.
Таулар ғана кәрілігін
сезінгендей күрсінде.
Кәрі таудың құшағына
Тұрақтамай бұлақ – қыздар
Қарт жүрген құса қылып
Кетіп жатыр құлап құздан.

Мұндай сөздерді ішкі дүниесі көркем, нағыз тынық сезім адамы ғана айта алар болар! Ақбөбек – осындай қыз.Ол өзі өскен шексіз даламен терең сырласады, өз көңңіліне жұбаныш іздейді, өзіне және басқаларға бақыт тілеп, бірдей болуды армандайды.
Қарсаңыз, соңғы қатарлардығы кәрі таудың басыны «бұлақ – қыздар» тұрақтай алмай, олардың қарт жүрегін құса қылып, шыңдардан құлап жатуы не деген сурет? Бұны Ақбөбек тағдырымен ұштастыруын айтпайсыз ба? Ақын шеберлігі емей, бұл не? Ақбөбек те сондай сезімтал және әдепті, таза …

Сюжеттік, Композициялық, поэтикалық жақтан қарасақ, поэмада Ақбөбек пен Қайып монологтары ( лирикалық формасы ) «Даламен сырласу», «Жеңеше», «Түңілу», «Сөнбейтін сезім», «Ашыну», ( Ақбөбектің патша офицеріне түрмеде айтқаны ), «Өмірге тұрар үш күнім», «Арман», т.б. бірнеше бөлімдерге бөліп беру де керемет орынды шыққан. Поэмадағы қысқа оғиғалы, сюжеттердің мағынасы сонда, Қайыпты сүйген Ақбөбектің бай әкесі оған бергісі келмеген келмеген соң, олар офицері Ақбөбекті ұстап әкеліп,түрмеде зорлағысы келеді.Бірақ Ақбөбектің оны қасына жолатпайды:

Жолама маған,
қолаңса – сасық, күлімсі исінен жерінем,
Қорқытам деме – талай қорқудан батыр боп мен алдым тегі мен.
Сенсіз – ақ көрген азабым бастан асып тұр
Мынау даланың шонжарлары мен бегінен.
Тірілей сенің құшағыңа енбен, жүн ерін,
Аю мойныңа асыла алмады Қайыпты ораған білегім! – дейді.

Ақбөбектің бұл ашына айтқан сөздерінен тек қазақтың әйел – қыздарын емес, бүкіл бұратана атанған орта Азия халықтарына істеген патша үкіметі мен жергілікті дала байлары мен бектерінің ұмтылмас ұнамсыз бейнелері тайға басқан таңбадай елестейді. Бірақ, халық жүргенде Ақбөбектің (Асқақтығым асып, ашудың қысса жарып же! ) өр, өжет тұлғасы батырлықтың, сұлулықтың символындай мәңгі есте қалады. Ақбөбек пен Қайып үшін тауда өткізген үш күннен бақытты шақ жоқ. Сондықтан да поэма қос ғашықтың арманы мен махаббытың қос қайыңы боп ырғалы өскен жастар тойын аңсаған ақының фантазиясымен аяқталады.

Елестейді жанбаған бағым әлі,
Сорлы жүрек сол күнді сағынды.
Ақбөбек пен Қайыптың қызығы деп,
Тойлы ауылға кәрі жас ағылады.
Ән – күйңді бүгін сен бұлдама деп,
Достар тұрса даланы жырға бөлеп.
Сонда біздер бақыттың, толқынында
Қос қайың боп, дүние – ай, ырғалар ек!

…Бақыт аңсап балалық күн кешіп ем,
Болмағыны – ау бармақтай бір несібем…
Бұл қапырық қуыстын құтылармын,
Қалай шығам заманның түрмесінен…
Мінекей, жалпы тұтас алғанда,шағын ғана поэманың айтары осы.

Еркін махаббат тақырыбы, қоғамдық – әлеуметтік жай – күй, адам проблемасы, егемендік пен бостандық қалай тұтасып кеткенін көріп бас шайқайсың…