«Икар» аяқ киім фабрикасы

«Икар» кәсіпорынын жабық акционерлік қоғам ретінде 1994 жылы ашылды. Ежелден аяқ киім өндіру ісінде сапа мен сән жағынан алдыңғы қатардан көрініп келе жатқан итальяндық әріптестерді ортақ істі бірлесе дамытуға таңдап алған олар сапалы өнім өндіру, көбінесе шикізаттың сапасына байланысты екендігін естен шығарған жоқ. Бұл істе көршілес Ресей кәсіпорындарымен, яғни өнім өндіру, көбінесе шикізаттың сапасына байланысты екендігін де естен шығарған жоқ. Бұл істе көршілес Ресей кәсіпорындарымен, яғни өнім өндірушілермен қарым-қатынас жасау тиімді екендігін түсініп, нәтижесінде «Икар» кәсіпорыны құрылған болатын. Фабрикада жұмыс істейтін адамдардың көпшілігі бұрын аяқ киім фабрикасында қызмет еткендер. Кәсіпорынның шығарған негізгі өнімдері – ерлердің етіктері, керзі қонымды етіктер, ерлер мен әйелдер үшін үйде киетін жеңіл аяқ киімдер. «Икар» бірлескен кәсіпорынында үш цех жұмыс істейді. Олар: пішу, тігу және құю цехтары.

1998 жылғы мәліметтерге сәйкес тәулігіне 700 жұп аяқ киім шығаратын «Икар»-дың келешегі зор. «Икар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі нарық бәсекесіне санмен ғана емес, сапамен Қазақстан рыногында көш басына шығуға болатынын жете сезінген. «Икар»- дың негізгі тапсырыс берушілері еліміздің Қарулы Күштері мен ірі өнеркәсіп кәсіорындары болып табылады. Қазір республика көлемінде бәсекелес алты аяқ киім фабрикасы бар десек, солардың арасынан суырылып шығып, тапсырысқа ие болу оңай іс болмаса керек.

Серіктестік «тері-мех» кәсіпорынымен әріптестік, іскерлік бағытта бірлесе жұмыс жасайды. Шикізат сапалы болғандықтан көбінесе іс оң нәтиже беріп, тұтынушылар көңілінен шығып жатады.

Қазір барлық цехтар қалпына келтірілген, қайта жөндеуден өткен. Жарықпен қамтамасыз етілген жылу да бар. 2002 жылға дейін «Икар» айына 2700 жұп аяқ киім шығарылып келді. «Әрбір жұмысшы жай ғана жұмыс істеп қоймайды, шеберлікпен өздерінің жоғары дәрежелі маман екендіктерін дәлелдеді. Аяқ киімнің қонышын, басын, екі жанын, өкшесін, табанын біріктіргеннен кейін буға бөктеріп, келесі кезекте кептіру ерекше еңбектенуді қажет етеді. Жеке сатылымға түспейтін арнаулы тапсырыспен тігілетін аяқ киімдерді тігетін машина түріктік технология, яғни табаны шегеленбейді, оның орнына термо-элест-пласт арқылы жапсырылу процесі атқарылады.

2002 жылы «Икар» Қазақстанның озық тауарлары сайысына қатысып, сапа көрсеткіші үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің марапаттау хатына ие болған. «Икар» серіктестігінің қайтадан жандануына жол ашқан былғары–тері комбинаты. Қазірде мұнда 300-ге жуық адам еңбек етеді. Аяқ киім сапасы да жаман емес. Бүгінгі таңда «Икар» қолда бар аяқ киім үлгілерімен Қазақстан рыногына шығуды мақсат етуде. Қазірде серіктестік республикалық, гвардия, армия, полиция және «Қазмырыш» кәсіпорын салаларын аяқ киіммен қамтамасыз етіп отыр. Тапсырыстар түсіруші ұжымдар «Икар» – дың өніміне ризашылықтарын білдіруде.

Әдебиеттер:

Нұғманбекова Р. «Икар» аяқ киім фабрикасы // Диадр.- 2003.- 17 маусым.- б.3
Молдашева Р. «Икар» – дың игі қадамдары // Семей таңы.- 1997.- 1 мамыр.- б.2
Сейсенұлы Д. Жеңіл өнеркәсіптің жүгі жеңіл емес // Егемен Қазақстан.- 2004.- 20 шілде.- б.5