Косубаев Марат СмагуловичҚосубаев Марат Смағұлұлы 1938 жылы туған. Білімі жоғары. 1957 жылы Ленинград дене шынықтыру және спорт институтын бітірген.
Бас бапкер, грек-рим күресінен «Трудовые резервы» Бүкілодақтық Ерікті Спорт Қоғамының облыстық Кеңесі төрағасының орынбасары, облыстық білім басқармасының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы болып қызмет атқарды. Ұзақ жылдар Семей қаласының туризм және спорт комитетін басқарды.
Жастарды өз елінің патриоты рухында тәрбиелеу жұмысында, дене шынықтыру мен спортты дамытуда сіңірген еңбегі үшін Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесінің Мақтау қағазымен, КСРО спорт министрлігінің мадақтамасымен, «Еңбек ардагері» медалімен, В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуына байланысты мерейтойлық медалімен марапатталған.
КСРО спорт шебері, грек-рим күресінен Бүкілодақтық және Халықаралық дәрежедегі төрешісі, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген бапкері, Қазақстан Республикасында кәсіптік білім берудің және білім берудің үздік қызметкері атақтарының иегері.
Қосубаев Марат Смағұлұлына 2000 жылы 7 қаңтардағы Семей қаласының әкімінің шешімімен «Семей қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Әдебиеттер:

Сәдуақасұлы Ә. Семей қаласының Құрметті азаматтары. – Алматы: Арқас, 2005. – 241-242 б.