25 мамыр – Мәдениет қайраткері, дәстүрлы әнші Келденбай Өлмесековтің туғанына 65 жыл (1953-2011)

11Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданының Құйған селосында 1953 жылы 25 мамырда туған. 1988 жылдан бастап Шәкәрім шығармасына бет бұрған Келденбай лекция-концертті бірге жүргізе білді. Бала күннен әнге әуес әнші Алматыдағы эстрада студиясын 1977 жылы бітірген. Атақты әншілер Жүсіпбек Елебеков пен Бекен Жылысбаевтардан дәріс алған әнші еңбек жолын Өскемен филармониясынан бастап, 1978 жылы Әміре Қашаубаев атындағы Семей филармониясында жалғайды. Мәдениет Ешекеевтей, Болат Сыбановтардай әншілердің көшіне ерген Келденбай репертуарында 300-ге жуық халық композиторларының әндері бар.

1980 жылдардың соңында Төкен Ибрагимовтей арналы ағалардың ақылымен Шәкәрімдей шалқар теңіз тамшысының дәмін татты. Кәусар бұлақтан сіміріп, бойына сіңіре білген Келденбай көп ізденуді де білді. Шәкір Әбенов, Ахат Құдайбердиев, Ниязбек Алдажаров, Қабыш Керімқұловтай ақсақалдардың алдын көрді.

Келденбай ұғымында өнерге қиянат жасамау, жалтармау ерекшелігі қалыптасқан. Өзінің тек өнерді шын пейілімен сүйгендігімен, жеке басын күйттемей бір ұстаныммен ғана жүрген Келденбай Қазақстанның төртбұрышын жаяу аралады.

2003 жылы республикалық Абай мұражайында әншінің “Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек” деген шығармашылық кеші өтті. Әншінің Қазақстанды шарлай жүріп берген лекция-концертінің саны 15 жылдың ішінде әлдеқайда көп екені белгілі. Келденбай Раузаұлы тек әнші ғана емес, шәкәрімтанушы. Шәкәрімнің 20-дай әнін әнші талмай жүріп ізденіп, реперуарына енгізді. Ол өзінің әнге де бай, әңгімеге де жетік екенін көпшілік алдында тағы да бір дәлелдеп берді. Өнерден өз жолын тапқан Ә.Қашаубаев атындағы филармония әншісі Келденбай Өлмесековтың 2001 жылы “Мәдениет қайраткері” белгісімен марапатталуы әншінің талай істі  тындыра алғандығының белгісі.

Құрмет грамотасының иегері, Әміре Қашаубаев атындағы республикалық байқаудың лауреаты әнші Келденбай Өлмесековтің орындауында «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек…» дискісі 2007 жылы жарыққа шықты.

Әдебиеттер:

  1. Зекенұлы Қ. Көшелі әншілер ізбасары : Әнші Келденбай Өлмесековтің өнерде өз орны бар / Зекенұлы Қ. // Семей таңы. – 2003. – 12 қырк. –  С. 15_
  2. Ибрагимов Т. Өнер өзегі : келденбай Өлмесеков 60-та / Т. Ибрагимов // Семей таңы  . – 2013. – 31 мамыр. – Б. 7_
  3. Ибрагимов Т. Толқын толғау. – Алматы: Өнер, 2000. – 343-347
  4. Иманбаева А. Шәкәрім мұрагері // Ертіс өңірі.-2011.-12 қазан.-10 б.
  5. Кәкімұлы Қ. Келденбай жоқ, енді Шәкәрім әндерін кім шырқайды?  // Дидар. – 2012. – 25 мамыр. – Б. 13._
  6. Кәкімұлы Қ. Аяқталмаған ән [Текст] / Қ. Кәкімұлы // Ертіс өңірі . – 2011. – 7 қыркүйек. –  С. 8
  7. Келденбай Өлмесеков // Шәкәрім.-2012.- № – 95 б.
  8. Құсанбаев С. Ертістің “Ерке жирені” [Текст] / С. Құсанбаев // Ертіс өңірі . – 2011. – 26 қазан. – С.7
  9. Оспанов М. Өрісін тапқан өнерпаз // Абай .-2003.-№ 2.-11 б.
  10. Өлмесеков К. «Кейде мен де «Халық әндері өліп кете ме» деп қорқамын…» // Ертіс өңірі.-2010.-28 шілде.-13 б.
  11. Сейсембаева Ш. “Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек…” // Семей таңы . – 2012. – 23 қазан. – Б. 5
  12. Сейсенұлы Д. Әуелете ән салса әнші Әсет [Мәтін] / Д. Сейсенұлы // Егемен Қазақстан.-2012.-14 қараша.-Б.12