Құрманбаев Асылхан Сүлейменұлы

Құрманбаев Асылхан Сүлейменұлы – тарих ғылым доктор , профессор. Ол 1929 жылы 15 маусымда қазіргі Ақмола облысы Қорғалжын аудан Қорғалжын ауылында туған. (1974). ҚазМУ-ды (1951, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қазақстан ЛКЖО ОК-нің лекторы, Қазақ КСР-і Мәдениет мин-лігі жанындағы Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы лекция бюросының директоры (1951–55), Қазақстан Компартиясы Семей қала және облысы к-ттерінің нұсқаушысы (1955–60) болды.
Асылхан Сүлейменұлының елімізге танымал ғалым, ұстаз, қоғам қайраткері және азамат ретінде қалыптасуы қасиетті Семей өңірінен бастау алатынын біз әрдайым мақтанышпен еске аламыз. Бірақ, бүл жерде әңгімені рет-ретімен айтқан дұрыс болар. Асылхан ағаның өмір жолына үңілгенде, оның жасөспірім шағының нағыз бір қызық кездері Ұлы Отан соғысының отты жылдарына дөп келгенін көреміз. Оның ерте есеюіне бұның да зор әсері болған десем, соғыстан кейін С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін үздік бітіріп шығады. Әлеуметтік белсенділігі жоғары жас жігітті сөйтіп сол кездегі Қазақстан комсомолы Орталық комитетіне жұмысқа шақырады. Мұнда ол халқымыздың батыр қызы, сол кездегі бірінші хатшы Хиуаз Доспанованың қарамағында абыроймен қызмет атқарады.
Ал 1952 жылы Асылхан Сүлейменұлы өзінің өтінішімен Семейге келіп, облыстық комсомол комитетінің лекторлар бөлімінің директорлығына тағайындалады. Әйтсе де ол жүрек қалауымен Се¬мей мемлекеттік педагогикалық институтына оқытушылыққа ауысады. Осылай, Асылхан аға¬ның жоғары мектептегі нәти¬желі ғалымдық және ұстаздық жолы басталады.
Асылхан Сүлейменұлы осы институтта қызмет істей жүре Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетінің аспирантурасына түсіп, оны ойдағыдай бітіріп, тарих ғылым¬дарының кандидаты болып шықты. Бұдан кейін ол Жамбыл технологиялық институтының Семей филиалында ұзақ жылдар ұстаздық қызмет атқарды. Осында партия тарихы пәні бой¬ынша дәріс бере жүріп, білікті ұстаз ретіндегі табиғи дарыны жарқырай ашылды. Кейіннен Асылхан аға Ломоносов атындағы Мәскеу университетінде докторлық диссертациясын да ойдағыдай қорғап шықты.
1978 жылы Асылхан Сүлейменұлы министрліктен шақырту алып, Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтының кафедра меңгерушілігіне сайланды. Сөйтіп, бір кездері өзі оқыған, жастық шағының қызық күндері өткен Алматысына қайта оралып еді. Алайда, оның ендігі қызмет орны әсем Алматыда болғанымен, жүрегі әрдайым Семейім деп соғатын.
Алматы зоотехнология-малдәрігерлік институттында (1978–83, қазіргі Қазақ ұлттық агр. университеті), Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында (қазіргі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті) кафедра меңгерушісі (1983) қызметтерін атқарған. Негізгі ғылым еңбектері Қазақстандағы соц. жарыс тарихының мәселелеріне арналған.
Ғалым, педагог Асылхан Сүлейменұлы Құрманбаевтың қоғамдық қызметі үкімет тарапынан жоғары бағаланып, «Ұлы Отан соғысына қатысқаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Жеңістің 20 жылдығы», «Қажырлы еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған. Семей қаласының Құрметті азаматы атағы берілген.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Ерсалимов , Балтабек. Асыл ағам Асылхан [Мәтін] // Семей таңы. – 2009. – 18 маусым. – Б. 10.

 

Құрманбаев Марат Серікжанұлы

Құрманбай Марат Серікжанұлы 1961 жылы Семей қаласында көпбалалы отбасында дүниеге келген. №5 орта мектепті 1979 жылы бітіріп еңбек жолын ет-консерві комбинатында бастаған. Отан алдындағы азаматтық борышын өтеген соң бұрынғы жұмыс орнына оралды. 1985 жылы Жоламан кентінің көше комитетінің төрағасы болып сайланды. 1989 жылдан 1993 жылға дейін Семей қалалық кеңесінің депутаты болды. Осы жылдары Жоламан кентінде алғашқы қазақ орта мектебінің салынуы туралы көтерген мәселе оң шешімін тауып, бүгінде №21 орта мектепте бір мыңнан астам қазақ балалары білім нәрімен сусындауда. 2004 жылы № 21 сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихатының депутаттығына сайланды. Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты. Марат Серікжанұлы өзі оқыған білім ордасы №5 мектепке де қашанда көмек қолын созып отырады. Оқушылардың ақпараттық сауатын жетілдіруде, мектепте информатика кабинетін ашып, компьютермен жабдықтады. Сабақ берген ұстаздарына деген өз қамқорлығын, құрметін қашанда назардан тыс қалдырмайды. Осы кітаптың баспадан шығуына тікелей ат салысуы оның туған еліне, оқыған мектебіне деген тағзымы деп білуге болады. 1987 жылы политехникумды, 1994 жылы Мемлекеттік басқару академиясын «Экономист» мамандығы бойынша, ал 2001 жылы Қазақ Мемлекеттік заң академиясын «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген. 1991 жылдан бизнеспен айналысады. «Гранит» кооперативінде делдал болып жұмыс істеді, кейіннен «Олжа» деп аталған өз фирмасын ашты, фирманың негізгі міндеті – жабық базардың құрылысын аяқтап, пайдалануға беру болатын. 1993 жылдан «Семей Базары» ЖШС президенті. Ал, 2008 жылдың 2 маусым айынан бастап «Семей Базарының», «АҚШЫҢ» КОРПОРАЦИЯСЫ» деп атауының өзгеруіне байланысты, «Азамат» күзетқызметін, «Семей Вет» ветеринарлық лабораториясын, «Жан Жақ» кешенін, «Жаңа Құрлыс Сервис» компаниясын, «АҚШЫҢ» дәріханасын және сауда орталығын біріктірген «АҚШЫҢ» КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ» президенті. Құрманбай Марат Серікжанұлы «Нұр Отан» партиясының атынан Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутатығымен қатар, Қазақстан Республикасы сауда кәсіпорындары мен қызмет көрсету саласы қауымдастығының вице-президенті, ШҚО кикбоксинг және тай бокс Федерациясының және «Абыралы-Дегелең» қоғамдық қорының президенті. Қазақстанның саясаты мен экономикалық өркендеуіне қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен үш мәрте марапатталған. Шығыс Қазақстан халықтарының тарихи, мәдени және рухани мұрасын дамытуға қосқан үлесі үшін «Алғыс» медалінің, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл», экономикадағы, әлеуметтік саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегі және мемлекеттік қызметтегі жеткен табыстарына «Ерен енбегі үшін» медалдарымен марапатталған. Шығыс Қазақстан облысы бойынша «2003 жылдың үздік меценаты», 2008 жылы «Білім меценаты» деп танылып, жыл сайынға «Ізгілікті ниет» марафонына белсенді қатысқандығы үшін Шығыс Қазақстан облысы бойынша мейірімділік саласында «Жыл адамы» деп танылып облыс әкімінің Дипломы мен қайырымдылық кубогін алды. Бүгін де Марат Серікжанұлы «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт қайраткері» және 2009 жылы 28 желтоқсанда «Семей қаласының Құрметті азаматы» атағын иеленді. Марат Серікжанұлының меценаттық танытуының негізінде Шәкәрім Құдайбердіұлының 150 жылдық тойы қарсаңында «Шәкәрімтану мәселелері» атты 5 томды, сериялық ғылыми жинақ, «Киелі Қобыз құдыреті», «Ядролық сынақ аймағы кеше және бүгін», «Туған жерге тағзым», «Төлеужан Ысмайыловқа 80 жыл», «Тәбәрік» атты және тағы да басқа көптеген кітаптарды шығартумен қатар, түрлі қоғамдық және қайырымдылық жұмыстарымен тұрақты айналысады. Мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, қоғамдық ұйымдар мен қорларға, ардагерлер Кеңесіне, сәбилер мен балалар үйлеріне, спортшыларға, мектептерге, ұлттық орталықтарға, мәдениет және ғылым қайраткерлеріне үнемі демеушілік көрсетіп жүрген қазақ меценаты.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Атқарған ісі халық назарында: “Ақшың” корпорациясының президенті, облыс мәслихатының депутаты Марат Құрманбайұлы туралы // Ертіс өңірі . – 2015. – 25 қараша. – Б. 9

Облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар бағдарламалары : НҰР Отан ХДП атынан облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат // Семей таңы . – 2012. – 10 қаңтар. – С. 2.

Қасымжанұлы С. Ел сенімі жауапкершілік жүктейді / С. Қасымжанұлы // Ертіс өңірі. – 2016. – 9 наурыз. – Б. 3
Қасымжанұлы С. Тағдыр тезіне төтеп берген текті әулет / С. Қасымжанұлы // Ертіс өңірі . – 2016. – 4 мамыр. – Б. 11
Қасымжанұлы, Сәтжан. 64 баланы қуанышқа бөледі / С. Қасымжанұлы // Ертіс өңірі . – 2016. – 31 тамыз. – Б. 3
Қасымжанұлы, Сәтжан. “Ақшың” асқан аулар / С. Қасымжанұлы // Семей таңы . – 2013. – 12 наурыз. – Б. 7
Құрманбай, Марат. Жеткен жетістігім атқарған ісімнің халық ойынан шыққандығы / М. Құрманбай // Семей таңы . – 2011. – 20 қыркүйек. – С. 3
Интернет сілтемелер: http://tylek.kz/