Достар! Өз әлеуеттеріңізді іске асырып, біздің ерікті көмекшілеріміз – волонтер болыңыздар!

3Сіздердің кітапханада төмендегідей іс-шаралар өткізуге мүмкіншілктеріңіз бар:

  • бүлдіршіндерге кітап оқып беруге;
  • интеллектуалдық және дамытушы ойындар өткізуге;
  • қолданбалы өнер шығармашылығы, дамытушылық және музыка өнері үйірмелерін жүргізуге ( құрақ құрау, ши тоқу, домбыра, гитара, шахмат, тоғызқұмалақ…);
  • егде адамдарды компьютерлік сауаттылыққа үйретуге;
  • кітапханада ұйымдастырылып, өткізлетін көпшілік іс-шараларға қатысуға;
  • кітапхана қызметін жарнамалауға;

Волонтер бола отырып, сіз ақысыз оқырман билетін алуға, өз біліміңізді шыңдауға, жаңа достар тауып, өз қызметіңізге жаңа, пайдалы тәжірибе жинақтауға мүмкіндік аласыз,

Сіздің бойыңыздағы ерекше қасиеттердің бәрі біз үшін маңызды және сұранысқа ие.

Ал жаны жайсаң, жүрегі жомарт іскер адамдарға спонсорлық көмек туралы ұсыныс жасаймыз:

  • интернат және балалар үйі тәрбиеленушілеріне сыйлықтар жасауға;
  • сайыстар мен викториналарға қатысушыларға ынталандыру сыйлықтарын беруге;
  • аймақтағы ауыл кітапханаларына бүгінгі күн талабына сай, сапалы кітаптар сыйлауға;
  • кітапхананың әлеуметтік жобаларына қатысуға.

Жақсылық жаса. Әлбетте, жақсылығың өзіңе қайтады.