2019 жылғы 3-8 сәуір аралығында «Информатика» пәнінен сайыс жобаға қатысу үшін, пайдаланушының сұранысы бойынша жаңа тренинг ұйымдастырылды. Үшінші сынып оқушысы жеке тренингте тақырып бойынша компьютермен жұмыс жүргізуді, модельдеу және модельдердің материалды, графикалық, сөз түрлерімен танысты. Тренингтен алған білімін нақтылау мақсатында …
Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады. Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жойып, түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттырудың маңызы зор. Жастар өздеріне қарсы қандай да бір заңға қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай …
Қазіргі таңда жастардың патриоттық және рухани дамуы маңызды міндет болып табылады, осы орайда 4 сәуір күні Абай кітапханасы 2098 әскери бөлімінде «Рухани Жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы және Жастар жылы аясында «Жастар не оқуы керек» тақырыбында ақпараттық брифинг өткізді. Іс-шара барысында, бүгінгі …
Сәуірдің 2-сі күні Абай кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлері ШҚО Семей қаласы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығымен бірлесіп халықаралық балалар кітабы күніне орай мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап «Андерсеннің ертегілер елінде» атты әдеби сағатын өткізді. Шара барысында оқушыларға халықаралық балалар кітабы күні …
30 наурыз күні Абай атындағы кітапханада «Прииртышье» қоғамдық ұйымымен «Қаламыздағы көне сәулет ескерткіштері» тақырыбында өлкетану қонақжайының кезекті мәдени шарасы өткізілді. Аталмыш шара қаламыздағы «Альфа Марино» шығармашылық студиясының балаларына арналып ұйымдастырылды. Студияда балалар көркем суретпен айналысады, бүгінгі күні қаламыздағы тарихи орындардың …
Абай атындағы кітапханада «Кілт» авторлық клубының ұйымдастырумен гитараға негізделген саз кеші өтті. Клуб жаңа орындаушылармен толықтырылып, музыкалық диапазонын кеңейтті. Клубтың “Квартирник кітапханада” жаңа афишасы бекітіліп, визит карточкасы белгіленді. «Квартиник» өткен ғасырдың 80-ші жылдары пайда болған болатын, дегенмен, қазіргі уақытта шығармашылық …
2019 жылдың 29 наурызында Абай атындағы кітапханада облыс әкімі Даниал Ахметовтың бастамасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жарық көрген «Абай әлемі» топтамасының таныстырылым ұйымдастырылды. Шараны ұйымдастырушы кітапхана қызметкерлері қатысушы студент жастарға әдеби жобаның маңыздылығы мен мазмұны және жоба аясында жарық көрген …
Наурыз мейрамы күндері Абай атындағы әмбебап кітапханасының қоры тосыннан жасалған сый кітаптармен толықты. Біздің жерлесіміз, кітапханамыздың тұрақты оқырманы, ғалым – Тұрдықұл Қасенұлы Шаңбай жеке кітапханасынан өзінің құрастыруымен шыққан кітаптарының бірнеше даналарын сыйға тартты. Олар: Еуразия кеңістігінің айтулы ғалымы Лев Гумилевтің …
Биылғы жылы Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, кино және театр сахнасының майталманы – Әмина Өмірзақованың туғанына 100 жыл толуына орай, актрисаның мерейтойын ЮНЕСКО көлемінде тойлау жобасы қолға алынған. Осы мерейтойға орай 27 наурыз күні Абай кітапханасында актрисаның ең …
Жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болып табылатын Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамында кітапханаға келген қала тұрғындары мен пайдаланушыларды «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» тақырыбындағы кең көлемді кітап көрмесі қарсы алды. Мерекеге арналған үш бөлімнен жасақталған кітап көрмесі …
Көктемнің басты мерекесінің бірі – Наурыз мейрамы. Бұл күні айналамыз жаңарып, табиғат қысқы ұйқыдан оянады. Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында 20 наурыз күні Абай кітапханасында «Армасың, Әз-Наурыз» атты дәстүрлі көктем мерекесі өтті. Шараға Семей қаласының жастар ресурстық орталығы, «Дариғай-ай» жастар театрының …
«Дариға-ай» жастар театрының құрылғанына 20 жыл толуына орай 19 наурыз күні Абай кітапханасында театр ұжымымен шығармашылық кездесу ұйымдастырылды. Шығармашылық кездесу барысында «Дариға-ай» жастар театрының директоры А.Бахтинов, сахна тілі маманы М. Алеапрова, әдеби бөлім меңгерушісі Г.Құдайбергенова театрдың іргетасы қаланған уақыттан бастап, …
15 және 19 наурыз күндері Абай атындағы кітапханада ағылшын тілі курстарының аяқталуына байланысты қорытындылау шарасы болып өтті. Тіл – қарым-қатынас құралы. Ал ағылшын тілі – бүгінде халықаралық қатынастың, кез келген салада кеңінен қолданыс тапқан тіл болып есептеледі. Ағылшын тілін білу …
19 наурыз күні Абай атындағы кітапханада қала тұрғындары мен қонақтарына, студент жастарға арналып, «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні» атты кең көлемді иллюстративті кітап көрмесі ұйымдастырылды. Үш бөлімнен жасақталған мерекелік кітап көрмесі Наурыз тойының табиғатын, шығу тарихын, мазмұны мен мәнін, халықтың …
17 наурыз күні Абай атындағы кітапханада өлкетану қонақжайы аясында есімдері танымал бола қоймаған қала суретшілерінің қолөнердегі жетістіктері туралы қызықты ақпараттар ұсынылды. Шығыс Қазақстан облыстық Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайының ұсынған ғажайып туындылары қатысушылардың назарын бірден баурап алды. Мұражай маманы …
Абай атындағы кітапханада 15 наурыз күні жерлесіміз ғалым-әдебиетші, профессор Қорабай Серікқазы Сыбанбайұлы қонақта болып, оқырман қауыммен кездесті. Кесдесу барысында Шәкәрім университетінің жанынан құрылған Абай институтының директоры А.Сұмағұлова ғалым шығармашылығын жастарға кеңінен таныстырды. Сөз кезегін алған Серікқазы Сыбанбайұлы өзінің жеке қорында …
Наурыз айының 15 күні Абай кітапханасында Ұлысты ұлы күні наурыз мерекесіне орай «Сиқырлы қылқалам» және «Шебер қолдар» үйірмесінің қатысушыларына «Көктем келді! Қобыз үні!» атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Мерекелік шара барысында балаларға Ұлыстың ұлы күні туралы ақпарат беріліп, қатысушыларға ойын бағдарламасы ұйымдастырылды. …
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында 15-наурыз күні Абай кітапханасының шетел әдебиеттері бөлімінде «Наурыз – бірлік пен махаббаттың, жаңарудың мейрамы» атты көрме-калейдоскоп ұйымдастырылды. «Наурыз мейрамының шығу тарихы», «Қазақтың салт-дәстүрлері», «Ұлттық ойындар мен тағамдар», «Наурыз туралы өлеңдер мен жырлар» атты …