1081-1098 / 2609

Татар қоғамдық орталығынан алғыс хат

15.02.2019

15 ақпан күні кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің мамандары: Адикаева Рахиля, Омарбаева Гүлмира және Малғаждар Майгүл Татар қоғамдық орталығында  кітапхана орталығының құрылуына қолдау көрсеткені үшін «Шығыс Қазақстан облыстық Татар қоғамдық орталығы» қоғамдық бірлестігінің алғыс хатымен марапатталды. 2018 жылдың қараша айынан …

Интернет негізі: тренинг

15.02.2019

2019 жылдың 11-15 ақпан аралығында Интернет-технологиялары бойынша оқыту тренингі өткізілді. Зейнеткер Ворошкевич Светлана Ивановнаның сұранысы бойынша тренингтің жалғасы ауа райының суытуына және денсаулығына байланысты үйден оқыту курсына айналды. Оқу барысында қатысушы достарымен, туыстарымен қарым-қатынас жасау үшін Интернет желісін қолдану, сөйлесу, …

Жайсаң жанның жан сыры: портрет кеші

14.02.2019

14 ақпан күні Абай атындағы кітапханада Ибрагимов Төкен Смайылұлының туғанына 80 жыл толуына арналған  еске алу кеші  өтті. Қазақстанға еңбегі сіңген қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері Т.Ибрагимов жұртшылыққа ұлы Абай мұрасы, жалпы қазақ поэзиясы, мәдениеті жайында зерттеу еңбектері арқылы кеңінен танымал …

Сүйіспеншілікпен кітап сыйла: акция

14.02.2019

14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні – күнтізбедегі ең жас мерекелердің бірі. Ол кітап сүйер қауымды біріктіріп қана қоймай, оқырмандарға кітап оқу мүмкіндігін ұсынады. Оның мақсаты қарапайым да қайырлы: оқырмандарға жақсы кітаптарын кітапханаға сыйлауға, өзге адамдардың да осындай керемет …

Америка президенттері: танымдық ойын

13.02.2019

12 ақпан күні Абай кітапханада АҚШ  Президенті күні мерекесіне орай  Американдық сөре  аясында курс  тыңдаушылары үшін танымдық   ойын өткізілді. Америкада Президенті күні жыл сайын ақпан айының үшінші дүйсенбісінде аталып өтіледі. Мереке 1732 жылдың 22 ақпанында дүниеге келген тұңғыш президент Дж.Вашингтонның …

Уақыт Сізді таңдады…: Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу

12.02.2019

Ауған соғысы – Кеңес Одағы кезіндегі қайғылы тарихи оқиғалардың бірі. 1989 жылы 15 ақпанда КСРО халқы Ауғанстаннан қайтқан жауынгерлерді қарсы алып, биыл  Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шыққанына 30 жыл толады. Абай  атындағы облыстық әмбебап кітапханасында 12 ақпан күні «Уақыт …

Мұқағали – мәңгілік ғұмыр: әдеби-сазды поэзия кеші

11.02.2019

9 ақпан күні Абай кітапханасында саф өлеңнің жүйрігі, ақиық ақын, қазақ поэзиясының мұзбалағы Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Шабыт» клубының ұйымдастыруымен «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби-сазды поэзия кеші ұйымдастырылды. Кешке  Мәдениет қайраткері, сазгер, әнші Аймұхамбет Бейсембеков, қоғам қайраткері, журналист, ақын, …

Тарих қойнауындағы Ауған ақиқаты: көрме-естелік

07.02.2019

Биыл кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толып отыр. 15 ақпан Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылған күніне орай 7 ақпан күні Абай кітапханасында Ауғанстан туралы ақиқатты жас ұрпаққа жеткізу мақсатында, қалың оқырман қауымына арналған «Тарих қойнауындағы Ауған ақиқаты» атты …

Ядросыз әлем – жаһандық қауіпсіздік кепілі: кітап көрмесі

01.02.2019

1 ақпан күні Абай атындағы кітапхана «Жанұя Орталығы» қоғамдық қорымен бірлесіп Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына арналған дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге Семей қаласы әкімінің орынбасары Н.В. Шарова, қоғамдық ұйымдар, қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері мен жастар қатысты. Дөңгелек үстелге қатысушылар …

Мартин Лютер Кинг: ақпараттық сағат

30.01.2019

22 қаңтар күні Абай атындағы кітапханада АҚШ-тың белсенді қайраткері, азаматтық құқықтар мен бостандықтары жөніндегі күресін басқарған Мартину Лютеруге арналған ақпараттық сағат өткізілді. Кездесу барысында пікірталас өткізіліп, афроамерикандықтардың құқығы үшін күрескен қайраткер, Нобель сыйлығының лауреаты Мартин Лютер Кинг туралы қызықты ақпараттар …

Өмір өрнегі: ән кеші

30.01.2019

27 қаңтар күні Абай кітапханасында «Кілт» авторлық әндер клубының кезекті ән кеші өтті. Кеш белгілі совет актері және автор-орындаушы, өзінің қысқа өмірінде 600-ден астам ән жазған Владимир Семенович Высоцкийдің шығармашылығына арналды. Авторға деген құрметтің дәлелі болса керек, шараға 90-нан аса …

Компьютер негіздерін меңгеру: тренинг

28.01.2019

Абай атындағы кітапханасында 2019 жылғы 21-28 қаңтар аралығында компьютер негіздері бойынша зейнеткерлерге арналған екі тренинг өткізілді. Қатысушы 5 зейнеткер тренингте мәтінмен жұмыс жүргізу, құжаттарды жасау жұмысымен және Windows операциялық жүйесінің қосымшаларымен танысты. Тренингтен алған білімдерін нақтылау мақсатында тәжірибелік тапсырмалар орындалды, …

Тұзды қамырдан жасалған бұйымдар: шеберлік сағаты

25.01.2019

25 қаңтар күні балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлері «Шебер қолдар» үйірмесінің аясында тұзды қамырдан бұйымдар жасау бойынша шеберлік сағатын ұйымдастырды. Шеберлік сағатын кітапхананың тұрақты оқырманы Зубкова Светлана Александровна өткізді. Қамырдан бұйымдар жасау – өте ежелгі дәстүр болғанымен, қазіргі заманда өз қолымен …

Оқу әлеміндегі мерейтойлар: әдеби ойын

25.01.2019

2019 жылы көптеген қазақстандық, ресейлік және шетелдік авторлардың мерейтойлары аталып өтіледі: С.Сейфуллин, Б.Майлин, Ж.Аймауытов, Ф.Оңғарсынова, А.Пушкин, Н.Гоголь, М.Лермонтов, А.Ахматова, В.Шекспир, Ф.Купер, Э.Хемингуэй және т.б. 25 қаңтар күні Абай атындағы кітапханада аталмыш жазушылардың мерейтойларына орай «Портреттер сөйлейді», «Жазушылар өмірінің қызықты оқиғалары», …

«Абай әлемі» кітаптар топтамасы: кітап көрмесі

24.01.2019

Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында 24 қаңтар күні жастарды қоғамдастықтың өміріне тарту, сондай-ақ, қоғамдастықтың игілігі жолында қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларына оқыту арқылы өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту мақсатында төрт күндік семинар-тренинг басталды. Тренинг қатысушыларына «Абай әлемі» топтамасы бойынша …

Біздің қатарға қосыл!: семинар-тренинг

24.01.2019

Абай атындағы кітапханада ағымдағы жылдың 22 қаңтарында Семей қаласы Жастар ресурстық орталығының қолдауымен «Zhas Project» жастар корпусын дамыту жобасы аясында ашылған «Лига добра» еріктілер орталығының ұйымдастыруымен топпен жұмыс жасау, топты нығайту, жетекшілік қасиетті арттыру мақсатында «Біздің қатарға қосыл!» атты семинар-тренинг …

Қазақтың Қанышын әлемге танытқан: кездесу кеші

24.01.2019

Ағымдағы жылдың 18 қаңтарында Семей қ. Назарбаев зияткерлік мектебінде Абай атындағы кітапхананың ұйымдастыруымен белгілі жазушы, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Медеу Сәрсекемен кездесу кеші өтті. Аталмыш іс-шараға шәкірттермен қатар мектеп ұжымы, ұстаздар мен тәрбиешілер қатысты. Кеш шымылдығы Медеу Сәрсекенің шығармашылығы …

Интернетте сұхбаттасу: тренинг

22.01.2019

2019 жылдың 15-21 қаңтар аралығында жұмыссыздар үшін Интернет-технологиялары бойынша оқыту тренингі өткізілді. Оқу барысында қатысушылар достарымен, туыстарымен қарым-қатынас жасау үшін Интернет желісін қолдану, сөйлесу, т.б. үйренді. Тренингтің құрылымы – электронды пошта, әлеуметтік желілер, Электронды үкімет және Интернет арқылы сұхбаттасу сияқты …