Жайсаң жанның жан сыры: портрет кеші
14 ақпан күні Абай атындағы кітапханада Ибрагимов Төкен Смайылұлының туғанына 80 жыл толуына арналған еске алу кеші өтті.
Қазақстанға еңбегі сіңген қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері Т.Ибрагимов жұртшылыққа ұлы Абай мұрасы, жалпы қазақ поэзиясы, мәдениеті жайында зерттеу еңбектері арқылы кеңінен танымал болған. Шараға жазушының әріптестері, замандастары, танымал қаламгерлер М.Сұлтанбеков, тарихшы А.Исин, Абай қорық мұражайының ғылыми қызметкері Ш.Мұратқызы, «Дарига-ай» жастар театрының директоры А.Т.Бахтиновтар қатысып Төкен Смайылұлының шығармашылығы мен мұражайдағы қызмет жасаған жылдарынан естеліктерімен бөлісті. Қазақстандағы көптеген әдебиет сыйлығының лауреаты Т.Әбдікәкімов «Төкен Ибрагимовке арнау» сериясынан өлең оқыды.
Шара барысында Төкен Смайылұлының өмірі мен қызметі туралы деректі фильм көрсетіліп, филармонияның әншісі Б.Омаровтың орындауында Абайдың бірнеше әндері шырқалды. Қатысушылардың назарына «Абай шырақшысы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалынды.