Кітапхананың қоры Тұрсын Жұртбайдың кітаптарымен толықты

04.08.17

Бүгін 4 тамыз күні Абай атындағы кітапхананың қоры Тұрсын Жұртбайдың «Боль моя, гордость моя – Алаш», «Акинак» кітаптарымен толықты. Белгілі жазушы, филология ғылымдарының докторы, абайтанушы, әуезовтанушы, алаштанушы Тұрсын ағамыз кітапханада қонақта болып, сирек басылымдар қорымен танысты. Өзінің жерлестері, белгілі әнші сазгерлер Мәдениет Ешекеев, Болат Сыбанов, Тұрсынғазы Рахимов, Кеденбай Өлмесековтер туралы бейне-естеліктер жазып қалдырды.
Жерлесіміз, ұлтжанды азамат, жазушы-ғалым Тұрсын Құдакелдіұлының көркем тілмен жазылған тарихи және әдеби шығармалары семейлік оқырмандардың әрдайым назарында. Біз жазушыға алдағы уақытта талай-талай биік белестерден көріне беріңіз, қаламыңыз ұштала берсін деген тілегімізді білдіреміз.