Рухани жаңғыру: теориядан тәжірибеге: ақпарат күні

09.10.17

6 қазан күні Абай атындағы әмбебап кітапхана қызметкерлері Бородулиха аудандық кітапханасында мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  мақаласы аясында «Рухани жаңғыру: теориядан практикаға» атты ақпарат күнін өткізіп қайтты Шараның мақсаты: Елбасы мақаласы ел болашағы үшін үлкен міндеттер жүктейтінін жұртшылыққа жеткізіп, маңызды бағдарламаның мән-маңызын саралап айтып беру. Шараға  жергілікті  тұрғындар, БАҚ өкілдері,  білім және мәдениет саласының қызметкерлері, кітапхана пайдаланушылары қатысты.

Аталмыш шараға қатысушыларға «Алаш» электронды кітапаханасы (http://alash.semeylib.kz/) қорындағы  сандық форматтағы 1500-ге жуық жинақталған мерзімді басылымдар, 600 газет-журналдардағы мақалалар, 500-ге  тарта кітаптар  Алаш қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығы туралы Қазақстан көлемінде ғана емес, шет мемлекеттердің де тарихи-мәдени және білім мекемелерінен  жинастырылған материалдар ұсынылды. Тыңдаушыларға Алаш  қайраткерлері М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, А.Ермеков т.б. қатысты деректемелер ұсынылды.

Ақпарат күнінің екінші жартысында қатысушыларға «Абай атындағы  кітапхананың сирек  басылымдар қорындағы латын әліпбиіндегі басылымдар» атты презентация ұсынылып,  кітапхана қорындағы қол жетімді, Қазақстанда латын графикасын пайдаланған жылдары жарық көрген латын әріптерімен жазылған басылымдармен таныстырылды. Бұл шамамен 200 кітап, 10 газет және журналдар. Сондай-ақ, кітапхана қызметкерлері Елбасының тапсырмасына сәйкес Қазақстанның 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшетіндігінің маңыздылығын атап өтті. Қатысушылар латын әліпбиінде жазылған кітаптарға, «Комсомол насихатшысы» және «Әдебиет майданы» журналдарына, «Түрксіб», «Eкпінді Алтай», «Тәуелсіздік», «Екпінді» газеттеріне ерекше қызығушылық танытты.