Теңге – Тәуелсіздік нышаны: танымдық сағат

14.11.17

14 қараша күні Абай атындағы кітапханада Ұлттық теңгенің туған күніне орай Семей көпсалалы колледжінің студенттеріне арнап, «Теңге – Тәуелсіздік нышаны» тақырыбында танымдық сағат ұйымдастырылды.

Танымдық сағат барысында студенттерді  төл теңгеміздің түр-пішіні, жаңа банкноттарды қорғау дәрежесі және теңге мен тиын туралы қызықты тарихи деректермен таныстырып, «Теңге – Тәуелсіздік нышаны» атты бейнебаян   ұсынылды. Сонымен бірге,  Өскемен қаласында орналасқан  өз сипаттамалары бойынша  басқа елдерде  қолданылатын монеталардан кем түспейтін «Қазахстан теңге Сарайы»  туралы және зергерлік өнердің лайықты үлгілері болып табылатын ордендер мен медальдар, алтын мен күмістен «proof» жоғары сапалы коллекциялық монеталар жайында қызықты мәліметтер берілді.

Шара барысында тыңдаушылар төл теңгеміздің халықаралық деңгейдегі орны мен қолданысы жайындағы сұрақтарға, «Теңге тарихы», «Қаржылық калейдоскоп» атты интеллектуалдық викториналарға қатысып,  озып шыққан Күнсая Нұрмұхан, Марал Есенғулова,  Дана Рымхан  атты студенттер  бағалы сыйлықтарға ие болды.

«Ұлттық теңге – ұлт айнасы  атты кітап көрмесіне  «Ақша. Несие. Банк»,  «Ақша – кредит саясаты»,  «Алаңсыз қарттық» және т.б. кітаптар мен «Банкнот бейнесіндегі болашақ бедері»,  «Ұлттық валюта ұлықталды», «Теңге – Тәуелсіздіктің бойтұмары» атты мерзімді басылым беттерінде жарияланған   мақалаларға библиографиялық шолу жасалды.