Компьютер меңгерудің негіздері зейнеткерлерге

15.12.17

Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы «Отбасы орталығы» қоғамдық қорымен бірлесіп компьютерлік сауаттылыққа үйрету бойынша жобасын биыл 2017 жылы жақсы жетістіктермен аяқтады деуге болады – 24 тренингте 76 қатысушы оқып өтті, оның ішінде 61-і зейнеткерлер. Ал жоба шеңберінде дайындалған «Компьютер негізі» атты соңғы тренингі 11-15 желтоқсан аралығында өткізілді. Қатысушылар тренингте компьютер негізін меңгеріп: мәтінмен жұмыс жүргізу, құжаттарды жасау және сақтау, бағдарламаларды іске қосу жұмыстарымен танысты. Зейнеткерлердің тренингтен алған білімдерін нақтылау мақсатында тәжірибелік тапсырмалар жүргізілді. Қатысушылар егде жасының қиыншылықтарына қарамастан алған білімдерін жақсы көрсете алды. Біздің кітапханада егде адамдарды компьютерлік сауаттылыққа үйрету тәжірибесі бойынша ойымыз тағыда расталды – техника жасқа қарамайды екен…