Мерекелік дастарханға аспаздық кеңес: көрме – кеңес

20.12.17

Жаңа жыл кеші өзге мерекелерге қарағанда ерекше саналады. Себебі, отбасы мүшелері осы күні дастархан басына жиналып, бір-біріне жақсы тілектер айтып, жаңа жылды қарсы алады.

Оқырмандардың  жаңа  жылдық ас мәзіріне өзгеріс енгізу, қонақ күту рәсімі туралы түсініктерін жетілдіру максатында  «Мерекелік дастарханға аспаздық кеңес» атты  көрме-кеңес ұсынылды. Аталмыш көрме  «Мерекелік этикет», «Әлем елдері тағамы» және «Дастарханды әсемдеу» атты бөлімдерден тұрады.

Шара барысында  түрлі елдердегі дастархан басындағы мінез- құлық ережелері жөн-жосық талаптарын, қонақтардың өзара ілтипатын, сыпайыгершілік сезімдерін дамытатын және эстетика талаптарына негізделген  әлем халықтарының  жаңа  жылдық тағамдары жайлы  жазылған  С. Алтаевтың «Шығыстың тәтті тағамдары»,  Б.Садықовтың «Ақ дастархан» және грузин, азербайжан, өзбек, армян ас мәзіріне арналған  түрлі-түсті кітаптар мен журналдар  оқырмандардың қызығушылығын туғызды.

Жаңа жылдық дастарханды жабдықтау  жайлы атақты аспазшылардың ақыл – кеңестерін және оқырмандар  назарын ерекше аудартқан «Қазақтың дархан дастарханы» , «Банкеты и фуршеты»,  «О кулинарии от А до Я»,  «Ты ждешь гостей»   атты  әдебиеттер көрменің мазмұнын аша түсті.