«100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, ақын Ержан Жұмабек : шығармашылық кездесу

07.03.18

«Рухан жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған «Қазақстанның 100 жаңа есімі» Жобасы түрлі салада жетістіккке жетіп, тәуелсіз еліміздің өркендеуіне үлес қосқан тұлғаларды анықтауға мүмкіндік берді. Бірегей жобаға қатысып, жеңіске жеткен жерлестеріміздің бірі – ақын, мемлекеттік «Серпер» жастар сыйлығының иегері Ержан Жұмабек.

Осы орайда Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Ержан Жұмабекпен шығармашылық кездесу кешін өткізді. Шығармашылық кездесудің шымылдығын әуелеген әнімен Ә. Қашаубаев атындағы филармония әншісі Б. Түктібаев ашты. Ақын Ержан Жұмабек өз қаламынан туған өлеңдерімен қатар кітапханамызға арналған өлеңін оқып, Молдабайдың әнін орындады. Кеш барысында ақын өзі жайында, шығармашылық жетістіктері жайында қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, өзінің алдағы шығармашылық жоспарларымен бөлісті.