BookChallenge «Миыңды шынықтыр»: акция қорытындысы

20.04.18

7 ақпан мен 18 сәуір аралығында Абай  атындағы кітапхана оқуды, жаңа дүниелерді үйренуді және өз білімінің көкжиегін кеңейтуді ұнататын жандар үшін  «Миыңды шынықтыр» атты  BookChallenge жариялады.   Жобаның негізгі мақсаты: оқуға және кітаптарға деген сүйіспеншілікті арттыру,    кітап оқуға ынталандыру,  әдебиеттерге деген қызығушылықты тудыру. Акция туралы ақпарат оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде, кітапханамыздың сайтында http://semeylib.kz, Фейсбук,  В Контакте, Твиттер, Инстаграм әлеуметтік желілерінде жарияланды.

20 сәуір күні Бүкіләлемдік кітап күніне орай BookChallenge «Миыңды шынықтыр»  акцияның қортындысы шығарылды. Жоба қатысушыларына кітапхана қорындағы немесе интернет желісінен  сұранысқа ие кітаптардың арасынан ТОП-25 кітап таңдалып алынып, ұсынылған болатын. Осы уақыт аралығында оқырмандар тексеру парағын толтырып, онда толық аты-жөнін, байланыс телефонын, кітаптың атауы және қандай уақыт аралығында оқып болғандығы, қандай ой түйіп, әсер алдығын жазып, әр оқыған кітаптарын кестеге толтырып, metodsemey@mail.ru электронды поштасына немесе Абай көшесі 86, 2-қабат, 12 кабинетке әкеліп тапсырып отырды.

Акция қорытындысы бойынша жеңімпаздарға  демеушілеріміз ұсынған «TYTAN GYM» жаттығу залына бір айлық абонемент, «Некафе Семей» тайм-кафесіне 2 сертификат, «Дастан» кинотеатрының 2 билет сынды арнайы сыйлықтар ұынылды.

Букчеллендждің белсенді қатысушылары Еркешев Анарбек, Мұратова Эльмира, Чернова Лариса,  Исагулова Дариға, Бекбосынова Зарина, Кайникамал Кырыкбайкызы (Зайсан ауданы, Жалшы ауылы) болды. Акцияның талабы бойынша бас жүлде («TYTAN GYM» жаттығу залына бір айлық абонемент) Еркешов Анарбек иеленді. Бірінші орынды Мұратова Эльмира иеленіп, «Дастан» кинотеатрының 2 билет алды. Екінші орынды «Некафе Семей» тайм-кафесіне екі сертификат (тегін 2 сағат) Исагулова Дариғаға берілді. Жүлделі үшінші орын «Некафе Семей» тайм-кафесіне екі сертификат (тегін 1 сағат) Чернова Ларисаға берілді. Өзге қатысушылар ең бағалы сыйлық – кітапты сыйға алды.