Жеңіс балы

04.05.18

Ұлы Жеңістің 73 жылдығы қарсаңында 4 мамыр күні Абай атындағы кітапхана  «Жанұя орталығы» қоғамдық қорымен, Семей қаласының ішкі саясат бөлімімен  және «Ақ тілек» қоғамдық қорымен бірлесе отырып «Жеңіс балын» өткізді.

Мерекелік кешті Семей қаласының әкімі Салимов Ермак Бидахметұлы ақ тілегімен ашып берді. Жастардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, Жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым ету, халқымыздың тарихын құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған мерекелік Жеңіс балына Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл ардагерлері,  әскери қызметкерлер, колледж студенттері, 5511 әскери бөлімінің  әскери оркестрі мен «Жас Ұлан» мектеп-лицейінің курсанттары қатысты.

Кеш барысында соғыс жылдарындағы әндер мен ардагерлер хоры әскери оркестрдің сүйемелдеуімен орындалып, дарынды балаларға арналған мамандандырылған балет мектебінің кішкентай жұлдыздары биден шашу шашты.  Мерекелік шара соңында лоторея ойнатылып, сыйлықтар берілді. Ұйымдастырылған Жеңіс балы соғыс ардагерлері мен тыл ардагерлері үшін маңызды да игілікті шара  болды.