Қар жауып тұр…: «Кілт» авторлық әндер клубының ән кеші

26.12.18

23 желтоқсанда «Кілт» авторлық әндер клубының мүшелері жанды дауыспен Абай атындағы кітапхана қатысушыларына жаңа жылдық бағдарламасын ұсынды. Клуб мүшелерінің таланттарымен орындалған махаббат және жаңа жыл туралы әндер тыңдаушыларын қуантты. В.Абдуллина, Д.Смагұлова  өздерінің шығарған әндерін, басқа авторлардың әндерін гитарамен, сазсырнаймен өзіндік шеберліктерімен орындап сүйсінтті. Ән кешіне қатысқан оншақты орындаушыларға тыңдармандар қол шапалақтап, құрмет көрсетті.

Көрермендер мен музыканттар «У леса на опушке», «Надежда» әндерін бірге орындап, байқауға қатысқандар ішінен шыққан үздіктер ісмер  С.Зубованың қолынан шыққан әдемі жаңажылдық  сыйлықтарға ие болды.  Клуб мүшелері әр жастағы түрлі мамандық иелері мен ұлт өкілдері, оларды бір ортаға біріктіріп отырған әнге, музыкаға деген  махаббат, ыстық ықылас.