Кітаптар соғыс шежіресі сияқты: кітап көрмесі

04.05.19

4 мамыр күні Абай кітапханасының қабырғасында Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай «Кітаптар соғыс шежіресі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Ұлы Отан соғысының ардагерлері, әкімдіктің, қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдері, әскери бөлімдер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Кітап көрмесі «Ұлы Отан соғысы: естеліктер мен мемуарлар», «Семейліктер Соғыс жылдарында», «Қаһарлы жылдар мерзімді басылымдарда», «Ұлы Отан соғысының хроникасы», «Ұлы жеңістің поэзиясы», «Соғыс жылдарындағы әндер» «Өнегелі өмір» сериясы: Ұлы Отан соғысының қолбасшылары» сынды бірнеше бөлімдерден құралды.

Кітап көрмесінде Ұлы Отан соғысы кезінде қазақстандықтардың Сталинград және Мәскеу шайқастарында көрсеткен ерліктері туралы деректі фильмдер ұсынылды. Кітап көрмесінің 1941-1945 жылдардағы жарияланған мерзімді басылымдарға арналған бөлімі қатысушылардың ерекше назарын аударды, оның ішінде оқырмандар Ұлы Отан соғысының оқиғаларын, соның ішінде майданға арналған өндірістің алдыңғы қатарлы жұмысшыларымен танысты. Сондай-ақ, оқырмандар соғыс әндеріне де қызығушылық білдірді, осы тақырыпқа арналған бөлек бөлімде оқырмандар Ж.Жабаев, Ж.Саин, К. Багымбаева, Қ.Бекхожин, М.Мақатаев және т.б. ақындардың өлеңдерімен танысты.

Кітап көрмесінің «Соғыс жылдарындағы әндер» атты бөлімінде оқырмандар біздің кітапханамыздың жазбалары, олардың ішінде «Соғыс жылдарындағы әндер», «Ұлы жеңіс», В.Высоцкийдің соғыс туралы әндері және тағы басқаларымен танысты. «Өнегелі өмір» сериясы: Ұлы Отан соғысының қолбасшылары» бөлімінде «Ұлы Отан соғысы қолбасшылары», Г.К. Жуков, К.К. Рокоссовский, И.Д.Черняховском,  А.М.Василевский  және тағы көптеген ұлы тұлғалар жайында мағлұмат алды.