Шыңғыстаудың жарық жұлдызы: әдеби-сазды библиокеруен
2013 жылдың 28 қыркүйегіне дейін жалғасын тапқан акция аясында үстіміздегі жылдың 19 тамызында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен жазушының туған жері Бөріліде әдеби-сазды библиокеруен өткізіліп, оған қатысқан қалалық мәдениет және тілдер бөлімі, Абай атындағы драма театр ұжымы және «Қазақстан-Семей» телеарнасы, шараның жоғары деңгейде өтуіне бір кісідей атсалысты.
Өткізілген күні: 2013 жылдың 19 тамызы. Өткізілген орны: Бөрілідегі М.Әуезовтің музей-үйінің алаңы. Қатысушылар: өлкетанушылар, мәдени мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындары, жастар және кітапханашылар. Қатысушылар саны: 33 адам. Шараның мақсаты – қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы, жазушы М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылық белестері туралы кеңірек таныту, насихаттау және кітапхана қорындағы жинақталған жазушы мұраларымен қатысушыларды таныстыру. Күтілетін нәтиже: М.Әуезовтің халқы үшін жасап кеткен ұлан-ғайыр мұраларымен жұртшылықты таныстырып, олардың оқуына мүмкіндік жасау.
М.Әуезовтің туғанына 115 жыл толуына орай 2012 жылдың қыркүйек айында Ұлттық кітапхана, «М.Әуезов» қоғамдық қорының ұйымдастырумен «Әуезовті оқимыз» атты халықаралық акция жарияланғаны белгілі. 2013 жылдың 28 қыркүйегіне дейін жалғасын тапқан акция аясында үстіміздегі жылдың 19 тамызында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен жазушының туған жері Бөріліде әдеби-сазды библиокеруен өткізіліп, оған қатысқан қалалық мәдениет және тілдер бөлімі, Абай атындағы драма театр ұжымы және «Қазақстан-Семей» телеарнасы, шараның жоғары деңгейде өтуіне бір кісідей атсалысты.
Жүргізуші З.Мағауина қлассик жазушының жерінде өтіп отырған шараның бағдарламасымен таныстырып, акцияны өткізудегі мақсаты туралы айтқан кіріспе сөзінен кейін, Абай атындағы әмбебап кітапхана директоры А.Шаймарданова кештің ашылуын құттықтау сөзбен ашты. Кітапхана қызметкері Қ.Нұрқасым жазушының өмір жолы, осы жерде дүниеге келген алғашқы көркем туындылары, қазақ сахнасының іргетасын қалаған драмалық шығармалары және жазушының қоғамдық қызметі туралы терең мазмұнды мағлұматтар қамтылған баяндама жасады.
Абайдың әдеби-мемориалдық қорық мұражайының көп жылдар бойы бас шырақшысы болып келген, еңбек ардагері, «Құрмет» орденінің иегері Т.Ибрагимов Абай сан болып, қонып, түстенген тарихи, мемориалдық мұра ескерткіштері жайлы қызықты мағлұматтар берді. Шыңғыстау өңірінің белді азаматтарының бірі, шежіреші қарт, «Ұлылар мекені» кітабының авторы Бекен Исабав кітап – кітапхана туралы айтқан салиқалы ойларынан кейін жазушы жайында әдемі әңгіме тиегін ағытты. Әлемге даңқы жайылған М.Әуезовтің отбасы, ата қонысы Бөрілі туралы, жазушыны тыңдағандағы азаматтық келбетін келістіре суреттеген Бекен ағаның өнегелі сөздері тіпті қызықтыра түсті. Шара барысында Абай, Шәкәрім және халық әндерін нақышына келтіре шырқап жүрген дәстүрлі әнші, «Мәдениет қайраткері» Т.Сембаевтың орындауындағы «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ», «Қараңғы түнде тау қалғып» әндері сүйіспеншілікпен тыңдалды.
Тыңдарман қауым М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасынан Еңлік, Кебек, Есет батырдың кездескен жеріндегі көрінісін Абай атындағы сазды драма театрының әртістері С.Бекбаева, Д.Байкенбаев, Қ.Божановтартардың шеберлікпен орындауында тамашалады.
Шараға кітапхана ұйымдастырған «Дәуірдің ұлы, ғасырдың үні» атты кең көлемді кітап көрмесіне М.Әуезовтің өмірі мен қызметін қамтитын ғылыми зерттеулер, монографиялар және мерзімді басылымдар қойылды. «Әлемге танылған ұлы тұлға» тақырыбында сирек басылымдар қоры бойынша ұйымдастырылған кітап көрмесіне ұлы ақын Абай сүйсініп оқыған кітаптар, аса құнды деректерді қамтитын дүниелер қойылып тыңдарман қауымның назарын ерекше аударды.
Қонақтар Б.Исабаев, Т.Ибрагимов, Б.Ерсәлімовтер Абай атындағы кітапхананың ұйымдастырып отырған осындай шараларына риза болып, кітаппен дос болу керектігін, білімнің ең биік шыңына көтерілген Абай, Шәкәрім, Мұхтардың да осындай биіктерге кітап арқылы жеткендігін жеткізді. Шара соңында Бөрілідегі М.Әуезовтің музей-үйінің шырақшысы Ш.Исабаев мұражайға қойылған құжаттар мен әр бөлмелердегі жазушы өміріне қатысты экспозиялармен таныстырып тыңдаушылар назарын аударды. Жазушы ғұмырына арналған шара мазмұны мағыналы, жан дүниеңді, ойыңды байтытатын тағылымды шара болды.