Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Ақп 06

Abai is a treasure of world literature: ақпараттық сағат

6 ақпан күні Ұлы Абайдың 175-жылдық мерейтойы қарсаңында шетел әдебиеттер бөлімінің қызметкерлері «Abai is a treasure of world literature» атты ағылшын тілінде ақпараттық сағат ұйымдастырды. Шараға қаламыздың «Қайнар» жоғарғы колледжінің «Аударма ісі» мамандығында оқитын 2-курс студенттері қатысты.

Ақпараттық сағат қазақтың ғұлама ақыны Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін ағылшын тіліндегі бейнепрезентациядан басталды. Мәдени іс-шара барысында студенттер Абай оқыған шығармалар оның ішінде Спенсер, Ч. Дарвин, Милльдің ғылыми жұмыстарымен танысып, ойшыл Абайдың орыс достары Е.П. Михаэлис, А.А. Леонтьев, П.Д. Лобановски, С.С. Гросс туралы мағлұмат алып, кітапхананың сирек қорында сақталған Абай шығармаларының ағылшын, қытай, өзбек, қырғыз, араб және т.б. тілдердегі басылымдарымен танысты.

Іс-шара аясында қатысушылар «What do you know about Abai?» атты ағылшын тіліндегі викториналық сұрақтарға жауап беріп, «Akyn – Abai» тақырыбында ағылшынша сөзжұмбақты шешіп, ерекше қызығушылық танытты. Ал «Association with Abai» атты ойында белсенділік танытқан Жанузакова Айгерім мен Балтабекова Айгерімге естелік ретінде кітап сыйға табысталды.